Әскери ұжымды біріктіру жолдары. Әскери ұжым – бұл тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру барысында ескерілуі қажет нақты, әлеуметтік тірі ағза. Ұжымды біріктіру бойынша жұмыстар психологиялық заңдылықтардың негізінде келесі бағыттарда жүргізіледі:
жетекшінің тәрбиелік әсері мазмұны идеологиялық негіздерге қызметтік бағдарлануға, жарғылық талаптарға сай болу қажет.
жетекші барлық бағыныштыларды үнемі қадағалауы керек, ал бұл жеке үйлесімдік пен адамдарды дұрыс жайғастыруды талап етеді.
ұжымды біріктіру бойынша жұмыстар теріс бағытталған топтардың, жалған көшбасшылықтың, жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуын, қате пікір мен бағалаулардың бекітілуін ескерту бойынша іс-шараларды қамтуы тиіс.
жетекші ұжымда орын алған әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды және олардың қалыпты дамуын ескеруі қажет.
дұрыс, өнегелі ортаны қалыптастыру мақсаттында қоғамдық санаға, ұжымның психологиясына бағытталған мақсатты ықпал ету.
Аудиторияда орындалатын тапсырмалар: 1. Адамның ақыл ой өзгешеліктерінің жеке қажеттерін кез-келген адамнан табылатын қабілет:
А) жалпы қабілет
Б) арнайы қабілет
В) творчестволық қабілет
Г) коммуникативтік қабілет
Д) дарындылық
2. Іс-әрекеттің жеке салаларында ғана көрініп, орындалуға мүмкіндік беретін
А) арнаулы қабілет
Б) жалпы қабілет
В) дұрыс жауабы жоқ
Г) барлық жауабы дұрыс
Д) жақсы қабілет
3. Адамның бір жұмысты нәтижелі, үздік орындауынан көрінетін жеке дара психикалық қасиетті
А) қабілет
Б) дарындылық
В) темперамент
Г) мінез
Д) талант
4. Қабілет дегеніміз не?
A) Іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті
Б) Біртіндеп өмір сатысында дамып, қалыптасып отыратын маңызды психикалық процес
В) Қоршаған ортаның әсерінен пайда болатын психикалық процесс
Г) Өмірдің қай саласында болмасын жаңалық ашу
Д) Сезім мүшелерінің әсерінен мида бейненің тууы.
5.Адамның қандай да бiр нәрсенi орындай алу қабiлетi...
А) Икемдiк
Б) Әдет
В) Әрекет
Г) Дағды
Д) Машық