Үй тапсырмалары: 1. Мектептегі психологтың психокоррекциялық және дамыту жұмыстары туралы түсінік.
2. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу түрлері.
3. Психодиагностика жайлы жалпы ұғым.
4. Қазіргі таңдағы психодиагностиканың даму ықпалы.
Ұсынылатын әдебиеттер: Бердібеков,С.Оқушылар психологиясы : семинар сабағын жүргізуг еарналған / С. Бердібеков, С. Қозыбақова. - Шымкент : ОҚМУ, 2020 www.lib.ukgu.kz
Нурханова,Г.Б. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызмет пәні бойынша дәріс жинағы : 5В010300-Педагогика және психология мамандығына арналған / Г. Б. Нурханова. - Версия . - Шымкент : ОҚМУ, 2017 www.lib.ukgu.kz
Айтжанова Г.Т. "Үлгермеуші оқушылар психологиясы" пәнінен дәрістер жинағы : 5В010300 - "Педагогика және психология" маман. бойынша студ. үшін / Г. Т. Айтжанова. - Шымкент : 0ҚМУ, 2015. - 166 с. www.lib.ukgu.kz
11-практикалық сабақ. Мектеп психологының педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшеліктері. Сабақ мақсаты мен міндеттері: Мектеп психологының педагогикалық ұжыммен жұмыс ерекшеліктері.
Сабақ барысы Қысқаша теориялық ақпарат. Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің атқарар істерінің ауқымы мол. Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, басшылар деп аталатын 4 категорияны қамти отырып, психологиялық қызмет оқу-тәрбие үрдісін жақсартуға үлес қосады.
Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты және қамқорлығы — ол оқушы, өзінің психикалық даму, тұлға ретінде қалыптасу, жас жағынан, жыныстық және басқа жеке ерекшеліктерінің, үлкендермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынастары мәселелерімен айналысу. Психологтың міндеті — әр балаға арналған, жеке, оның мүддесін, қабілетін, өзін-өзі тербиелеу және өзін-өзі ұйымдастыру мүмкіншіліктерін дамытатын тәсілдерді табу. Ең бастысы — психолог және ата-аналардың бірлескен күшімен баланың ерекшеліктерін оның өмір сүру жағдайымен, оның тәрбиелену тарихын есепке ала отырып, түсінуге тырысу және осы негізде келешек жұмыстың бағдарламасын анықтау.
Мектептік психологиялық қызметтің негізгі мақсаты -оқушылардың толыққанды психикалық және жеке тұлға ретінде дамуына ықпал жасау. Негізгі міндеттері — оқушылардың оқу және тәрбие үрдісінде кездесетін нақты психологиялық мәселелерді шешу. Мектеп психологы жүмысының негізгі қағидасы — әр балаға жеке көзқараспен қарау: оның даму жолындағы қиындықтардың себебін және оларды жеңу жолдарын анықтау; оның мүддесін, мүмкіндігін, қабілетін одан әрі дамыту мақсатында анықтау; мектептегі оқу жылдарының барысында жеке тұлғаны қалыптастыру.
Психологиялық қызметтің ең маңызды тиімді шарттары ол: әр жастағы оқушылардың даму мүмкіншіліктерін педагогикалық ұжыммен бірге жұмыс істей отырып, жүзеге асыру; әр жас кезеңіндегі оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде жеке ерекшеліктерін дамыту; мектепте балалардың дамуына қолайлы, нәтижелі, өзара жоғары қарым-қатынаспен, баланың жөне үлкендердің (мұғалімдердің, ата-аналардың), баланың және бала ұжымының, құрдастардың жақын қоршаған ортасымен өзара мейірімді іс-қимыл жасауымен, психологтың мектептің педагогикалық үжымымен өзара кәсіби іс-қимыл жасауымен анықталатын психологиялық климат құру.
Мектеп психологының жұмысы дәстүрлі түрде келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылады:
диагностикалық жұмыс;
түзету-дамытушылық жұмыс;
кеңес беру-ағарту жұмысы.
Бүгінде мектеп психологының диагностикалық жұмысы келесі міндеттерді қарастырады: оқушылардың әлеуметтік – психологиялық портретін жасау; оқуда, қарым – қатынаста кездесетін қиындықтарды жеңу; психикалық өзін – өзі нашар сезінетін оқушыларға көрсетілетін көмектің жолдары мен түрлерін анықтау; оқушылардың оқу және қарым – қатынас жасау ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық көмек көрсетудің тәсілдері мен түрлерін таңдау.