Айтуреева ж ж «Түрлі мекемелердегі психологиялық қызмет»



бет29/37
Дата12.12.2023
өлшемі210,27 Kb.
#196317
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
xBwQGhekgQbnOF9wt4FsdjKjbrAMYH1xl5KlmX7A 2

13-практикалық сабақ.
Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы алдын алу жұмыстарының мазмұны
Сабақ мақсаты мен міндеттері: Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы алдын алу жұмыстарының мазмұны
Сабақ барысы
Қысқаша теориялық ақпарат.
Мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы алдын-алу жұмыстары. Тұлға дамуындағы ауытқулардың алдын-алу. Бала-бақша ұжымында даму-дамайлы жағдайлардың алдын-алу.
Мақсаты: Студенттерді мектепке дейінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы алдын –алу жұмыстарымен, олардың мазмұнымен таныстыру.
Мектепке деінгі ұйымдағы психолог жұмысындағы алдын-алу жұмыстарының мазмұны:
Тәрбиеші мен ата-аналарды балалар психологиясы мен, педагогикалық психология мен, әлеуметтік психологияның негіздері мен таныстыру.
Жаңа психологиялық зерттеулердің нәтижелерін ұсынып, түсіндіру,
Психологиялық білімдерге қажеттілікті қалыптастыру: оны балалар мен жұмыста қолдануға баулау.
Психологиялық ағарту жұмысын лекция, әңгіме, семинар, көрме, әдебиеттер бұрышын ұйымдастыру формаларында өткізуге болады.
Психологиялық түзету-дамыту жұмыстары- клиенттің бойында көрініс берген психологиялық сапалардың кемшіліктерін түзету болып табылады. Осы қызмет түріне жекелей тоқталайық.
Психологтың психологиялық коррекциялық және дамытушылық жұмыстарының мазмұны тікелей диагностикалық жұмыстың мазмұнына тәуелді, ал ол өз тарапынан психологқа келіп түскен сұраныстың сипатына байланысты.
Психологтың сұранысқа жауабы
Сұранысты екі тұрғыдан қарастыру керек.
Өтінішке спецификалық қалыптаспаған жолмен жауап қайтару. Ол екі тәсілді жүзеге асырады.
Бірінші ден өтінішке оның мазмұнынан тыс психодиагностикалық әдістерінің стандарты жиынтығы ретінде жауап беру. Мұндай анықтау жұмысының негізгі мақсаты- баланың психикалық даму деңгейінің жалпы көрінісін анықтау. Ал диагностикалық нәтижесі қиын баланы дамыту, түзету жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл тәсілдің кемшілікетрі де бар, біріншіден ол көп уақыт алады, екіншіден оны жүзеге асыру мүмкін бола бермейді. Сондай-ақ психологты да, «қиын» б/ны да қажытады. Сондықтан «қиын» бала тексерілуден бас тартады, бас тартпаған жағдайда ол тапсырманы үстірт қана орындап шығады. Және ең басты кемшілік-пайдаланатын жиынтығы қанша толық болса да, жеке адамды мұндай сипаттау үшін кем болады.
Екінші тәсіл белгілі Америка психологы К.Роджерс енгізген психологиялық жұмыс типі. Роджерстің көзқарасы бойынша баланың жеке басының дамуына және бойындағы жаман қылықтардан арылуға жағдай туғызу керек.
Сабаққа дайындық жасауға ұсыныстар.
Психопрофилактикалық бағыт бойынша психологиялық қызметтің қызметкерлері келесі нақты шараларды жүзеге асырады:
1.Балалардың балабақшаға үйренуі бойынша жұмыстар жүргізіледі; үйрену кезеңінде балаға көмектесу үшін ата-аналар мен тәрбиешілерге кеңес беріледі.
2.Баланы ересектер тобынан мектепте оқуға әзірлеу жоспары бойынша даярлық тобына (5 жасында) ауыстырған кезде балаларға зерттеу жұмыстары жүргізіледі; ата-аналар мен тәрбиешілерге алдағы жылда баланың құрбыларынан қалып қоюын болдырмау мақсатында және мектепке әзірліктегі қателіктерді жою мақсатында балаларға тапсырма беру әдістері ұсынылады.
3.Балаларды бірінші класқа қабылдауға қатысады, алдын-ала балалардың психикасындағы мүмкін болатын ауытқушылықтарды анықтау және оларды түзету мақсатында зерттейді, мектепте оқуға психологиялық даярлығын анықтайды; мектепке даярлауда кемшіліктерді жою үшін ата-аналарға балалармен жүргізілетін тапсырмалар әдістерін ұсынады; мұғалімдермен бірге баланың мектепте оқуға тез бейімделуі мақсатында және мектепте оқу процесінде жан-жақты, үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдермен бірге балалардың жеке жұмыстар бағдарламасы белгіленеді.
4. Балалар бастауыш мектептен негізгі мектепке көшкенде және негізгі мектептен жалпы білім беретін орта мектепке және кәсіптік мектепке көшкенде психологиялық зерттеулер жүргізіледі, ол психологиялық зерттеулер арқылы оқушының жаңа кезеңде оқуға даярлығын ескере отырып, балалармен жеке жұмыс бағдарламасын мұғалімдермен, тәрбиешілермен, ата-аналармен бірігіп белгілейді.
5. Оқу және тәрбие, өмір жағдайларына байланысты балаларға артық психологиялық салмақтың түсуін және жүйкелік қозуды болдырмауға байланысты жұмыстар жүргізіледі.
6. Баланың, жасөспірімнің даралық ерекшеліктерінің оның жеке тұлғалық өзгешелігінің, бейімділігінің, қабілетінің жетілу және мінез-құлық ерекшелігін психологиялық талдау мақсатында педагогикалық консилиум ұйымдастырылады.
7.Балалар тәрбиелейтін оқу-тәрбие мекемелерінде жағымды психологиялық ахуал құру мақсатында жұмыстар жүргізіледі:
-педагогикалық ұжымда қарым-қатынас түрін жақсартады (ересек – ересек);
-педагогтың балалармен қарым-қатынас түрінің жақсара түсуіне септігін тигізеді (ересек – бала);
-кәсіби және жеке проблемаларды қамти отырып, бала тәрбие-леу ұжымдарында педагогтарға, тәрбиешілерге және басқа қызмет-керлерге кеңестер береді.
8. Педагогикалық ұжым мүшелерінен психологиялық артық салмақты түсіріп және оны ескерту шараларын жүзеге асыруда педагогтың кәсіби қызметінің қарым-қатынастық дағдыларын жетіл-діруге септігін тигізеді.
9. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың дамуының өзекті мәселелеріне сәйкес педагогикалық әсер етеді, белгіленген және өткізілген шараларға, тәрбие жұмысының жоспарына талдау жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет