Сабаққа дайындық жасауға ұсыныстар.
Коррекциялық түзетуді қажет ететін балалармен психокоррекциялық жұмыстың негізгі мақсаты — балалардың психикалық және тұлғалық дамуын қамтамасыз ету.
Негізгі міндеті — әр бала тұлғасының потенциалдық мүмкіндіктерін дамыту үшін оптималды психологиялық-педагогикалық жағдайларды туғызу негізінде, түзетілуі қажет балалардың психикалық дамуындағы (ақыл-ойындағы, эмоцияларындағы, мотивацияларындағы, мінез-құлқындағы, ерік- жігеріндегі, қимылындағы және т.б.) ауытқуларды психологиялық-педагогикалық коррекциялау (түзеу).
Коррекциялық жұмыстың мақсаты мен міндеті мүмкіндіктері шектеулі балаларға деген қатынастың психологиялық-педагогикалық позициясын көрсетеді: арнайы білім беру жүйесіне баланы келтіру, түзеу емес, ал аталмыш арнайы білім беру жүйесін, балалардың дамуын, тәрбиеленуін, оқуын қамту үшін, коррекциялау, түзеу (бейімдеу) қажет.
Аудиторияда орындалатын тапсырмалар:
1.Реалды, контактылы топтың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан түрі -
А) ұжым
Б) ассоциация
В) корпорация
Г) шағын топ
Д) ресми топ
2. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер -
А) мотив, қажет, қызығу, дүниетаным
Б) психикалық процестер
В) психикалық күйлер
Г) топ, ұжым
Д) рефлекторлык қызмет
3. Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері -
А) темперамент, рефлекторлық қызмет, инстинкттер
Б) мінез-құлық,қимыл-қозғалыс
В) әдет-ғұрып, салт-дәстүр
Г) ойлау, қабылдау
Д) ерік, эмоция, сезімдер
4. Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ көп тұрақтамайды, өте әсершіл, мәнерлі сөйлейтін тип
А) Сангвиник
Б) Холерик
В) Флегматик
Г) Меланхолик
Д) Интроверт
5. Организмнің қоршаған ортаға бейімденуі:
А) адаптация
Б) аффилиация
В) агрессия
Г) интуиция
Д) рефлексия
Үй тапсырмалары:
1.Психокоррекцияға анамнез (ақпарат) жинақтау;
2. Психологиялық диагноз қою (жас мөлшері мен әлеуметтік мәдени ерекшелігін ескерту)
3. Ықтимал немесе шартты-қалыпты болжам қою
4. Психокоррекциялы іс шараларды жоспарлау (таяудағы даму аймағын ескеру)
5. Психокоррекциялық іс шараларды жүзеге асыру
Достарыңызбен бөлісу: |