Сабаққа дайындық жасауға ұсыныстар. Мектеп консилиумының құрамы иілімді болып, оның тұрақты және уақытша қатысушылары болады. Тұрақты қатысушылар – оқу-тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, логопед мұғалім, дефектолог мұғалім. Тұрақты қатысушылар әрбір мәжіліске, оны дайындау жұмысына қатысады, оның ұсынымдарының орындалуын бақылайды. Уақытша қатысушылар (сынып жетекшілері, пән мұғалімдері, медициналық қызметкерлер) консилиумге қажеттіліктері бойынша қатысады.
Консилиум жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді. Жоспарлы консилиумдар жылына 3-5 рет өткізіледі. Жоспарлы консилиумдар жұмысының қызметі келесі бағыттармен жүзеге асады:
мектепкеоқуғакелгеноқушылардың, білімалудаерекшеқажеттіліктері бар, орта буынға өткен оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін талқылау;
білім алуда ерекше қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың мазмұнын әзірлеу;
түзете дамыту тапсырмаларын жүзеге асырудың табыстылығын динамикалық бағалау және қажет болған жағдайда оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың алдын ала әзірленген бағдарламаларын өзгерту;
оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімділігін бағалау.
Консилиумның тұжырымдамасы білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына (пән мұғалімдеріне, қосымша білім беру педагогтеріне, ата-аналарға) хабарланады және ұсынымдама болып табылады.
Жоспардан тыс консилиумдар білім беру үдерісінің кез-келген қатысушысының, оның ішінде білім беру ұйымының басшылығының немесе ата-анасының (олардың орындағылардың) сұрауы бойынша өткізіледі. Жоспардан тыс консилиум үшін баланың оқуына және дамуына әсер ететін жаңа жағдайлардың анықталуы немесе туындауы, оның дамуы мен оқуының кері динамикасы себеп бола алады. Мамандар мен ата-аналардың сұрау түрлері әр түрлі болуы мүмкін, бірақ қандай жағдайда болмасын олар баланың мәселелерін (дамудағы және оқудағы) немесе педагогтың, ата-ананың баламен өзара әрекеттесуіндегі мәселелерді бейнелеуге міндетті.
өзгергенжағдайдабаламентүзетедамытужұмысыныңжоспарынәзірлеу.