Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «Педагогикалық практика»



бет1/5
Дата10.02.2023
өлшемі54,72 Kb.
#168265
  1   2   3   4   5
Байланысты:
DOC-20221207-WA0012.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті


Академик С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

«Педагогикалық практика»

Орындаған: Советбек А.
Топ: 205
Қабылданған: Сейдахметов Б.


  1. жыл



    1. Білім беру заңы.

ҚР білім беру саласындағы Заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді. Осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік саясат принциптері айқындалады. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы-республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның жетісінде қабылданды. Одан кейін 2007 жылы 27 шілдеде қабылданды. ҚР Білім туралы заңы 68 баптан, 12 тараудан тұрады. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы Қазақстан құзыретін шектеу белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған.Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықаралық қызмет көрсетілген. Осы Заң бiлiм беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.Осы саладағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi принциптерiн айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың бiлiм алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 1-бабының 58-тармағында «шағын жинакты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп» делінген анықтама бекітілген. Сонымен қатар, осы заңның 31-бабының 2-тармағының мазмұнында «Орта білім беру ұйымдарының негізгі түрлері жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейіндік мектеп болып табылады» делінген нормалық анықтама бар. Бұдан бөлек, жоғарыда аталған заңның 1-бабындағы 9-1)-тармағында «білім беру - имандылык, зияткерлік, мәдени, тәндік жағынан дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсаттарында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үзіліссіз процесі» деген анықтама белгіленген. Бұл анықтамалар тілге тиек етіп жазатындай сөздердің анықтамасы болып табылады.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, 2007 жылғы ҚР Білім туралы заңы бәсекеге қабілетті отандық білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Жаңа заңның құрылымы білім беру саласын модернизациялауды жүзеге асырудың , оның академиялық мазмұнын жаңартудың, субъектілердің құқықтық ережелерін жақсартудың жалпы концептуалды бағыттарын толық қамтып тұр.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет