Үй тапсырмасын сұрап,алдыңғы сабақты еске түсіріп алды.Еске түсіру арқылы балаларды шиырып алды.
Техникаларды сабақ барысында қолдана алды.Жаңа тақырыпты видео арқылы көрсетіп,сол бойынша кері-байланыс алып отырды.0
Сабақ барысындағы қолданылған әдіс-тәсілдер :жалғасын тап,жасырын әуен,топтық жұмыстар,поэзия сәті,электронды ойындар,викторина жүргізіп,жұлдызды тілек әдісі арқылы сабақты қорытындылады.
Сабақ өткізуі жоғарғы деңгейде болды.Балаларды сабақ басында-ақ ынталандырып,сергітіп алды.Әрбір жаңа мәліметтер сайын кері-байланыс жасап отырды.Барлық оқушылар,топ мүшелері жақсы деңгейде қатысты.Барлығы жақсы өткізілді.
Сілтеме:https://youtu.be/YecMk2ELIn4
Эссе “Мұғалім портреті” Қандай да бір мамандық өзіңше қызықты да, күрделі. Осы мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандықтың бірі – мұғалім мамандығы. Мұғалім мамандығы киелі де көне мамандықтың бірі. Адамзатты ежелден ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл жұмыс негіздеп келгенде өте ауыр жұмыстың бірі. Себебі, әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Бүгінгі мұғалімнің мақсаты бәсекеге қабілетті өмір сүре алатын білімді, жаңадан танымы бар, білімге деген қызығушылық деңгейі жоғары ұрпақты тәрбиелеу қажет. Иә, бұл кез-келген мұғалім қолынан келе бермейтін әрекет. Тек қажырлы да, өз жұмысын жақсы көретін, өз оқушыларын биік шыңға жетелегісі келетін ұстаздың қолынан келеді деп санаймын. Ұстаздың бойындағы ең сүйсінерлік қасиет – төзімділік. Төзімділік - адам бойындағы жақсы қасиеттерінің бірі. Төзімді болғанда ғана жақсы бір нәтижелерге жеттуге, нақты дұрыс шешем қабылдауға болады. Ұстазды шындап, жұмыстың ауырлығын көтере білетін бірден бір қасиет осы. Жалпы қазіргі білім беру үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағдар алынған. Сондықтан әр ұстаз жан-жақты, әлеуметтік және кәсіби белсенді тұлға қалыптастыру үшін балалардың танымдық, коммуникативті және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін белсенді қолдануды талап етеді.
Әр адамның мақсаты бар, өскелең ұрпаққа бүгінгі күні тиімді білім беріп, оларды өз Отанның ұлдары мен қыздары бола алатындай етіп тәрбиелеу, ал бұл мақсатты орындау мен жаңа әдістерді танып, жинақтауда еңбек ету ұстаздардың мойынында. Мұғалімнің жалпы бойында болу керек деп өзім ойлаймын: білімділік, тапқырлық, ұстамдылық, кішіпейілділік. Осы қасиеттерді бойына дарыта білген ұстаз шәкіртін шыңға жетелей алар. Ұстаз – ұлы есім. Біздің тақырыпта ұстаздың портреті делінген, яғни біз ұстаздың сыртқы болмысын кескін кейіптеп айтпаймыз. Ол кісілердің бойларындағы асыл қасиеттерің бойларынан көркемдік пен ұштасып, бала тәрбиесіне ата – анамен бірлесе отырып қалай тұлға болуды қалыптастыру. Қазіргі уақытта ұстаз қандай болу керек дейтін болсақ. Ауыз толтырып айтарлықтай нәрселер көп. Соның ішінде ең басты әрі маңыздылары мен үшін: білім, мейірім, жан – жақтылық пен төзімділік. Осыларды бойына дарыта білген ұстаз әр баланың талантын ашып, білімін шарықтатарына күмәнім жоқ.