Академик Ќ



бет13/31
Дата30.01.2023
өлшемі1,64 Mb.
#166761
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
b383 (1)

Үлкен талант иесі
«Абай» романы бүкіл совет әдебиетінің ірі табыстарының бірі. Бұл тамаша романныің авторы Мұхтар Әуезов өзінің творчестволық өмір жолының көптеген жылдарын қазақтың дана ақыны Абай Құнанбаев, оның теөңірегіндегі адамдар және ұлы ақын өмір сүрген заман турасында бай материал жинап, зерттеп, әдеби қорытынды жасауға арнады. Қажымай, талмай еңбек етуінің арқасында, XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқының өмірі мен салтын жан-жақты қамтыған түбегейлі энциклопедиясы болып есептелінетін аса көркем роман «Абай» жарыққа шықты.
Бұл кітапта қазақ өміріндегі феодалдық құрылыстың аса бағалы мәліметтері бар. Билеп-төстеуші ат төбеліндей байлар мен феодалдардың қыспағында езілген еңбекші халық тұрмысының шын суреттері жасалған. Қалың бұқараның жер үшін, жайылым үшін бітіспес күресі, ел өмірінің және де басқа сан-сала тіршілігі романда шебер сипатталады.
Жазушы романда жағымсыз кейіпкерлер мен оған қарама-қарсы прогресшіл адамдардың образын есте қаларлықтай жарқырата суреттеп, қазақ елінің бұрынғы ауыр өмірін көз алдымызға елестетеді. Егер Абайдың әкесі аға сұлтан Құнанбай өзінің халыққа жасаған қаталдығымен зығырданынды қайнатса, Майбасар, Тәкежандар оқушыны жирендірсе, романның «болашақ буындары» деп атауға болатын бүкіл бір топ саңлақ кейіпкерлері қазақ халқының адал ұландары ретінде жадымызда қалады. Абайдың әжесі Зере, шешесі Ұлжан, шебер мүсінделген Тоғжан мен Әйгерім және Абайдың достары мен жақтаушылары Ербол, Базаралы, жатақ қарттар, ақындар халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын осындай кейіпкерлер есепті.
Романда XIX ғасырдағы Россия сипаты: қазақтың билеп-төстеушілерімен ауыз жаласқан патша чиновниктерінің Россиясы отаршыл Россия және еңбекші халықтың бақыты мен бостандығы үшін күрескен, жер аударылған революционерлердің Россиясы болғаны көркем суреттеледі.
Ұлы орыс әдебиеті өзінің ұлттық батыр революционерлеріне арналған көркем шығармаларға бай. Мұхтар Әуезовтің еңбегі осы тақырыпқа үндесіп, жаңа стильмен, өзіне тән ерекшелікпен бізге орыс революционерлерінің игі әрекетін қазақ өміріне байланыстыра әңгімелеп береді. Бұл әрекетті автор романда сондайлық ыстық сүйіспеншілікпен көрсетеді. Сол уақыттағы алдыңғы қатарлы талантты қазақтар, мысалы Абай, айдауда жүрген орыс революционерлерінің әсерімен орыс мәдениетінің мол айдынынан сусындап, орыстың ұлы ойшылдары, жазушы-ақындары мен танысқанын көреміз. Абай, Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты, Толстойды, Салтыков-Щедринді, Чернышевскийді оқиды. Осы оқығандарын қазақшаға аударып, достарына әңгімелегені, Абайдың өте шебер аударған «Татьянаның әні» ауылдан ауылға, рудан руға қалай тез тарағаны романда шындық тұрғыда сипатталған. Оқушы қауым орыс ұлтының дана өкілдерінен Абайдың алған әсерлі ойы қазақтың шексіз кең даласында тармағы мол тасбұлақтай болып аққанын сезінеді. Осы кітаптың бас кейіпкері Абайдың отыз жастан бастап, егде тартқан жасына дейін, оның творчестволы қалып күшінің гүлденуіне дейін бар ынтасымен бақылайды. Абайдың алып талантының қалыптасуы мен өсу жолының барлық кезеңін автор өте шебер суреттеген.
Романның тіл байлығы, шынында, таң қаларлық. Романдағы Абайдың өз тілі ықшамды, күшті, мәнерлі және кей жерлерде халық даналығының өлмейтін нақыл сөздері араласқан нағыз афоризм формасына айналады. Автор өзі туып-өскен қазақ даласының табиғатын зор талантпен төгілте суреттейді. Дала ажары, табиғат көркі кейіпкердің жан дүниесіне үндесе құбылып, кейде ашық аспан жадырай күліп, (Абайдың баласы туған аулына қайта оралғанда), кейде жел ызғырақтап, дала шаңытып (ру тартысы кезінде), кей түста күн суытып, бұлыңғырланып (Абайдың әкесімен тартысы кезінде), енді бірде көңілді шуақ жаз туғандай самал леп есіп (сүйіспеншілік, ақындық шабыты кезінде), көркем тіл домбыра сазындай төгіліп отырады.
Мұхтар өзінің «Абай» романымен үлкен көркем шығарма жазып қана қойған жоқ, сонымен бірге аса құнды ғылыми еңбек жасады. «Абай» романы ғылымның әр саласындағы мамандардың назарын ұзақ, жылдар бойы өзіне аударатыны аян. Қазақ халқының басынан кешірген дәуірін зерттейтін бірде бір тарихшы бұл кітапты оқымай қоймайды. Филолог ғалымдар мұнан қазақтың әдеби тілінің құрылуы мен қалыптасуы жөнінен бай материал табады. Этнограф ғалымдар бұл арқылы қазақ ұлтының ежелгі салт-сана, әдет-ғұрпына қанады. Экономист ғалымдар XIX ғасырдағы Қазақстанның мал шаруашылығы жөнінде, тап тартысы мен ру тартысы жөнінде, қысқасы, сол замандағы қазақ ұлтының бар тіршілігі турасында мол мағлұмат алады. Юрист ғалымдар қазақ даласында бел алған ежелгі ата дәстүрі, заң-жосығы жайында бай дерекке қанады.
Совет адамдары алға баса беруді, жаңа табыстар мен жеңістерге жете беруді ғана дәстүр етеді. Қалың оқушы қауым Мұқтарға, жасы алпысқа толған қуанышты тойы күні үзақ өмір тілеп, мұнан былай да халық игілігі үшін творчестволық зор жұмыстар істей беруіне тілектестік білдіреді. Және үлкен тілекке үлкен талант иесі жаңа көркем шығармаларымен жауап беретіндігіне кәміл сенеміз




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет