Қазақ ССР ғылым академиясына екі жыл Россияның бұрын артта қалған аймақтарында, қазіргі одақтас республикаларда ғылым академияларын құру совет өкіметі жылдарында бул республикалардың кең құлаш сермеп гүлденгендігін, лениндік-сталиндік ұлт саясатының салтанат Құруын айқын сипаттайды.
Сталиндік бесжылдықтардың ішінде Қазақстанда алып өнеркәсіп орындары: бүкілодақтық үшінші көмір ошағы Қарағанды комбинаты, өзінің қуаты жағынан КСРО-да және Европада ерекше маңызды орын алатын Балқаш, Шымкент металлургия заводтары салынды, мүнай, қара және басқа металдар шығаратын ірі өнеркәсіп орындары, қуатты социалистік ауыл шаруашылығы, ССР Одағының шығысында ірі мал шаруашылық базасы жасалды. Құрғақта және әуедц транспорт жолы кең өркендеді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылыгының өсуімен бірге республиканың мәдениеті де өркендеп отырды.
Осы табыстардың бәрі Қазақстанда ғылымды едәуір өркендетуге жол ашты.
Бұдан екі жыл бұрын, 1946 жылғы 1 маусымда ССР Одағы Ғылым академиясы Қазақ филиалының негізінде Қазақ ССР Ғылым академиясы құрылды.
Қазақ ССР Ғылым академиясы өзінің екі жылдық өмірі ішінде аса күшті ғылыми-зерттеу мекемесі болып өсті. Академияның құрамында қазір 17 институт, 13 дербес секторлар бар, бүлар техника, медицина, биология, физика, математика, химия, тарих, тіл, әдебиет, өнер тағы басқа білімдер саласының сан алуан мәселелері жөнінде жүмыс істеуде.
Академияда тұрақты жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу базалары кеңінен ұйымдастырылды. Мұндай базалар Қарағандыда, Жезқазғанда, Гурьевте, Лениногорда және республиканың басқа маңызды аудандарында бар.
Қазақ ССР Ғылым академиясында 1200 ғылыми қызметкер жұмыс істейді, олардың арасында 85 ғылым докторы мен профессорлар, 246 ғылым кандидаттары бар. Академияда істейтін ғылыми қызметкерлердің жалпы саны ішінде 260 қазақ, оның ішінде 14 гылым докторы бар. 1947 жылы академияның 57 қызметкері мен аспиранты ғылым кандидаты атағына, 6 адам ғылым докторы атағына диссертацияны ойдағыдай қорғады. 1948 жылы 20 адам докторлық диссертация (оның ішінде 7 диссертацияны қазақтың ғылыми қызметкерлері) қорғайды және 50-ден астам адам ғылым кандидаттығына диссертация қорғайды.
Академияның ғылыми кадрлары арасында доктор және ғылым кандидаты атағын алған қазақ әйелдерінің болуы өте қуанышты.
Өткен 2 жылдың ішінде Академияның ғылыми мекемелері 633 тақырып мәселені зерттеп шешті. 300 ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысы өндірісте қолдану үшін тапсырылды. Осы мерзім ішінде Академия 319 рет экспедиция отрядтарын ұйымдастырып жер-жерлерге шығарды.
Қазақ ССР Ғылым академиясының істейтін жұмысын 1948 жылға белгіленген ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарынан айқын көруге болады. Бұл жоспарда 500-ден астам комплексті ғылыми тақырыпты зерттеу белгіленіп отыр. Мұның ішіне 200 аспиранттық тақырып қосылмайды. Осыдан 300 тақырып бірнеше жылдардан бері зерттеліп келеді, 200 тақырып мүлде жаңа мәселе болып отыр.
Бұл мақалада жүздеген осы тақырыптың бәрін жеке-жеке түсіндіріп жату былай тұрсын, оны тізіп айтып шығуда мүмкін емес. Сондықтан біз аса маңызды ғылыми мәселелерге тоқталып өтпекпіз, бұл мәселелерді шешу үшін Академия ұжымы жұмыс жүргізіп жатыр.
Минералдық ресурстар бөлімшесінің ғылыми мекемелері 217 мәселені зерттеп жатыр.
Геологиялық ғылым институтының зерттеп жатқан басты тақырыптары мынандай: Қазақстандағы қара металл кендерін зерттеп, оған карта жасау, Қазақстандағы және ССР Одағындағы мысты құм кендерінің геологиясын зерттеу, Қазақстанның және ССР Одағының мыспорфир рудалары кендерін зерттеу, үлкен Алтайдың полиметалл рудалары кендерін зерттеу тағы басқалар.
Ғылыми және практикалық маңызы бар тақырыптарымен қатар мына төмендегі терең теориялық тақырыптар да зерттелуде, атап айтқанда: Қазақстанның тектоникасы зерттеліп, Қаратаудың структура-геологиялық картасы жасалынады, стратиграфияны, палеогеографияны және магматизм мәселелерін зерттеу, Қазақстанның геоморфологиясын зерттеу, жер сілкінетін аудандарда (Алатауда)жер қыртысының өзгеріп және ауысып отыруын зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Тау-кен институтының ғылыми қызметкерлері үстіміздегі жылы: Алтайдың полиметалл кендерін, Жезқазғанның мыс рудаларын және Қарағаңды бассейнінің көмірін табу және оны шығарудың рационализация әдістерін, таукен жұмысшыларының жұмыс жағдайын жақсарту және силикозға қарсы күресу мақсатымен Алтай полиметалл рудниктерінде вентиляцияны рационализациялау мәселелерін зерттеп шешуде.
Металлургия және байыту институтында: Балқаш пен Қарсақбай мыс балқыту заводтарының шлактары зерттеліп жатыр, бұл отын шығынын азайту және рудадан металды алуды көбейту мақсатында жүргізіледі, Орталық Қазақстанның және мыс рудасы бар Бощакөлдің никель-кобальт рудаларын металл қылып қорытудың тиімді жолдары, тағы басқалар зерттелуде.
Химия институты зерттеп жатқан тақырыптардың ішінде: кышқылдықтың амфотерлік қасиеттерін физика-химиялық әдіспен зерттеу, катализ мәселелерін зерттеу, Орталық Қазақстанның рудаларынан металл марганецін алу үшін, мысты никельмен цементациялау үшін электро-химияны қолдану, Қаратау фосфоритін азот қышқылымен ажырату жолымен комплексті азот-фосфор каучуктарын алу әдісі, тағы басқа мәселелер бар.
Энергетика институтының коллективі: Алтай мен Оңтүстік Қазақстанның гидроэнергетика ресурстарын, оларды тиімді жолмен пайдалануды, ірі өнеркәсіп узелдерін (Қарағанды, Жезқазған) сумен қамтамасыз ету үшін Орталық Қазақстандағы өзендердің гидрологиясын, жалпы сеть бойынша жұмыс істейтін орта және кіші көп электр станцияларының күрделі энергетика системасын есептеу әдісін зерттейді.
Физика-математика ғылымдары бөлімшелерінің жоспарында 51 тақырып белгіленіп отыр.
Астрономия және физика институты: күн системасындағы метеорит материясын зерттеу, актинометрия және атмосфера оптикасы мәселелерін зерттеу, галактиканың құрылысын зерттеу, Сихотэ-Алин метеоритін зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
1947 жылы жаңадан ұйымдастырылған астроботаника секторы 1948 жылы Марста өсімдік болу мәселесіне байланысты жер бетіндегі өсімдіктердің түрлі биіктіктегі спектральдық отражательдік қабілетін зерттеу, өсімдіктің флуоресценциясын зерттеу, люминисценция әдісімен өсімдіктерге инфрақызыл сәуле беруді зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Бұл сектор осы ғылым саласында тек бізде ғана емес, бүкіл дүние жүзінде тұңғыш ғылыми мекеме болып табылады.
Математика және механика секторы 1948 жылы тұрақтылық теориясы мәселесін зерттейді.
Биология және медицина ғылымдары бөлімшесінің ғылыми мекемелерінің зерттеп жатқан 189 тақырыпта: миллиондық масштабта республиканың 16 облысының жер картасы жасалып жатыр, бүл ССР Одағы Ғылым академиясы әзірлеп жатқан бүкіл Совет Одағы картасының тұтас бір бөлігі болып табылады.
Қазақстанда, әсіресе Таукен және металлургия өнеркәсіп орындарында физиология, өлкелік, патология, хирургия, неврология және профессионалдық аурулар мәселесі зерттеледі.
Қоғам ғылымдарының ғылыми мекемелері бөлімшелерінің 1948 жылғы жұмыс жоспарында идеология мәселелері жөнінде БҚ(б)П Орталық Қомитеті мен Қазақстан Қ(б)П Орталық Қомитетінің тарихи қаулыларында талап етілген қазіргі заманның ғылыми тақырыптарын кең зерттеу белгіленіп отыр.
Қоғам ғылымдары бөлімшесінің жоспарына енгізілгеи 82 тақырыптың ішінде ең алдымен мынадай тақырыптарды атап өту керек боладьг «Ерте заманнан алып қазіргі уақытқа дейінгі Қазақ ССР тарихыньің» түзетілген бір томдығының екінші басылуын аяқтап баспаға әзірлеу Қазақ ССР тарихының томдығын жасау жолында жүмыс жүргізу, қазақ тілінің академиялық сөздігінің бірінші және екінші томын бітіру, совет дәуірін қамтитын қазақ әдебиеті тарихының төртінші томын аяқтау, орыс ұйғыр сөздігін жасау, қазақ тілінің терминология сөздігін жасау, қазіргі заманның қазақ тілінің ғылыми грамматикасын жасау, ұлы орыс халқы мен қазақхалқы достығының тарихи негіздерін анықтау жөнінде «Абай және орыс классиктері» мәселесін зерттеу.
Қазақ ССР Ғылым академиясының коллективі жұмыс істеп отырған маңызды мәселелер міне осылар. Мұның бәрі ғылыми зерттеу жұмыстарының кең құлаш сермегенін сипаттайды, Қазақстанның жетекші ғылыми мекемесінің ғалымдары халық шаруашылығының жоспарларын орындау жолындағы, таяудағы бесжылдықтардың ішінде экономика жөнінен алдыңғы қатарлы капиталистік елдерді куып жетіп, басып озу туралы Сталин жолдастың нұсқауларын жүзеге асыру жолындағы бүкіл халықтық қозғалысқа белсене қатысып отырғандығын көрсетеді.
Қазақ ССР Ғылым академиясының зерттеу жұмысына бағыт беруде және оны өркендетуде партия мен өкімет тарапынан берілген көмек, басшылық шешуші роль атқарды.
Қазақстан К(б)П Орталық Қомитеті және Қазақ ССР өкіметі академияның кадрларына идеологиялық тәрбие беру және оларды өсіру мәселелері, сол сияқты оның материалдық базасы туралы маңызды қаулылар қабылдады. Қазақстан К(б)П Орталық Қомитетінің 19 пленумы академияның философия, құқық, экономика, өнер секторларының жұмысын қанағаттанғысыз деп тауып, республикада ғылымның жалпы майданын одан әрі өркендетумен қатар қоғам ғылымдары бөлімшесінін жұмысын жақсарту керек деп тапсырды.
Академияның гуманитарлық ғылыми мекемелерінің тақырыбын қазіргі заманның талаптарына одан әрі жақындату, ғылыми еңбектердің жоғары идеалы болуы қоғам ғылымдары бөлімшесінің ең басты міндеті болып табылады.
Қазақ ССР Ғылым академиясы республиканың өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығына өндірісте қолдану үшін көп ғылыми зерттеу жұмыстарын беріп, зор көмек көрсетті. Бірақ біз бұған жайбарақаттанып отыра алмаймыз. Біз өнеркәсіппен, ауыл шаруашылығымен бұрынғыдан да тығыз байланыс жасап, оларға зерттелген жұмыстардың қорытындыларын үнемі беріп отыруымыз керек, сонымен қатар, сол зерттелген материалдардын қолданылуын батыл талап етіп отыруымыз керек.
Қазақ ССР Ғылым академиясы ғылыми ұжымы жұмысының жемісті болуы оның партия ұйытқысы болуына байланысты (ғылыми кызметкерлердің 37 проңенті коммунистер болып отыр). Бұл ұжым қазақтар мен орыс ғалымдарының берік достығы негізінде топталған. Біз өзіміздің кадрларымызды интернационализм, халықтардың достығы рухында арымай - талмай тәрбиелейміз. Мұндай достық социализм жеңген біздің елімізде ғана болып отыр.
Біз жұмысымызға шолу жасап отырмасақ, жұмысымыздағы кемшіліктерді және қателіктерді батыл сынап, өзара сынды кең өрістетіп отырмасақ, алға басуымыз мүмкін емес. Жданов жолдас, творчестволық өнер болмаған жерде, сын және өзара сын болмаған жерде алға басу да болмайды деп атап көрсетті.
Біздің келешекте жаңа табыстарға жетуіміздің негізгі шарты болған бірден ғылыми методологияны марксизм-ленинизм методологиясын, Маркстің, Энгельстің, Лениннің, Сталиннің ұлы ғылымдарының негіздерін әрқайсымыз меңгеруіміз керек. Біз Сталин жолдастың тамаша сөздерін әрқашан есімізде сақтап келеміз. Ол былай деген болатын: «...Ғылымның барлық саласындағы большевиктер үшін міндетті болған ғылымның білімнің бір саласы бар, ол қоғам туралы, қоғамның даму зандары туралы, пролетариат революциясының даму зандары туралы, социалистік құрылыстың даму зандары туралы, коммунизмнің жеңуі туралы маркстік-лениндік ғылым».