Пікірталас. Сіздің ойыңызша бюджеттің қай түрі ең ыңғайлы және неге? Шығындардың қандай да бір түрін (түрлерін) бюджеттен ауыртпалықсыз алып тастауға бола ма? Өз ұстанымыңызды дәлелдеңіз.
тапсырма
Пікірайтыңыз.Отбасылық бюджеттің қай түрі тиімді және неге? Сіз ересек өмірде отбасылық бюджеттің қандай түрін ұстанасыз? Отбасылық бюджеттің бұл немесе басқа түрі ерлерге немесе әйелдерге тән деп айтуға бола ма? Сіздің ойыңызша, ең табысты адамдар отбасылық бюджеттің қандай түрін ұстанады? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
тапсырма
Ойлан.Отбасының қаржылық портретін жасаңыз (отбасы бюджетінің түрі мен типін анықтаңыз):
ең үлкен психологиялық жайлылық қай жерде болады?
қайшылықты жағдай қай жерде болады?
Рефлексия:
Бүгінгі сабақтың материалы отбасындағы қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін деп ойлайсыз ба?
Отбасылық бюджеттің қандай түрі мен типін өмірде қолайлы деп санайсыз?
Бөлім
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Сабақ тақырыбы
Отбасылық бюджетті жоспарлау
Мақсаты мен міндеттері
«Отбасылық бюджетті жоспарлау», «отбасылық бюджетті талқылау»,
«отбасылық бюджетті түзету» ұғымдарын түсіндіру.
Білім алушыда отбасылық бюджет не үшін жоспарланатыны, қалай және кім бекітетіні, қандай жағдайда өзгерістер (түзетулер) енгізілетіні туралы кешенді түсінік қалыптастыру.
Бюджетті жоспарлау дағдыларын дамыту.
Бюджеттерді жоспарлаудың қаржылық мәдениетін тәрбиелеу.
Бюджеттерді жоспарлауда шығармашылық ойлау мен эмоционалды интеллектіні дамыту.
Проблемалықсұрақ.Ай аяқталғаннан кейін, шығындардың барлық түрлері бойынша шығындар жасалғаннан кейін отбасылық бюджетте ақша қалды. Отбасының әр мүшесінің осы ақшаны пайдалану туралы өзіндік ойлары болды. Жасөспірім ұлы өзіне гироскутер сатып алғысы келді, студент қызы бұл ақшаға қыздарымен демалуға баруға
болады деп ойлады, әкесі көлікке жаңа былғары жамылғылар сатып алуды шешті, ал анасы бұларды элиталық косметика дүкенінен сыйлық сертификатын сатып алуға жұмсап қойған. Осы жағдайға деген көзқарасыңызды сипаттаңыз. Сізге кімнің идеясы ең сәтті болып көрінеді? Сіздің ойыңызша, бұл жағдайда не істеу керек еді?
Сұраққа жауап береді
Презентация
Сабақтың барысы
1-тапсырма Ойланыңыз. Егер кірістерді шығындар түрлері бойынша бөлу шартты болып табылатынын ескеретін болсақ, онда:
бір мақсаттан қалған ақшаны басқа мақсаттарына жұмсауға болады деп айтуға бола ма?
кез-келген мақсаттағы қаражатты басқа мақсатқа «ауыстырып» қолдануға бола ма?
бір мақсатқа жоспарларған қаражат есебінен (одан ақша артылған жағдайда) басқа мақсатқа жоспарланғаннан артық сома ақшаны жұмсауға бола ма?
2-тапсырма
Пікірталас. Отбасылық бюджетті қалыптастыру процесінен кейбір кезеңдерді алып тастауға бола ма:
иә;
жоқ;
жағдайға байланысты.
Жауапты таңдап, өз ұстанымыңызды түсіндіріңіз.
3тапсырма.Кейс Үш отбасы отбасылық бюджетті құруға және басқаруға әртүрлі көзқараста болды.
Бірінші отбасының жиынтық табысы айына 700 мың теңгені құрады және ештеңені кейінге қалдырмады.
Екінші отбасы мүшелері бірлесіп айына 500 мың теңге табыс тапты. Бұл ретте жалпы табыстың 10% - ы бірден кейінге қалдырылды.
Үшінші отбасының табысы 300 мың теңгені
құрады, оның жартысын олар жинақтауға жіберді.
Әр отбасының отбасылық бюджетті құруға деген көзқарасына байланысты тәуекелдерді болжаңыз. Ұсынылған үшеуінің ішінен ең жақсы нұсқаны таңдаңыз. Күтпеген шығындар туындаған жағдайда қай отбасы қиын жағдайға тап болады? Өз жауабыңызды
дәлелдеңіз.
Рефлексия:
1. Отбасылық бюджетті қалыптастыру бойынша сіз отбасы мүшелерімен не талқылауға дайынсыз?
Бөлім
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Сабақ тақырыбы
Жинақтарды қалай сақтауға болады
Мақсаты мен міндеттері
«Жинақтарды сақтау», «қаржылық тәуекелдер», «жинақтардың құнсыздануы» ұғымдарын түсіндіру.
Білім алушыда өзінің ақшалай жинақтарын сақтау жолдары, жинақтарға әсер ететін факторлар және қаржылық тәуекелдер туралы кешенді түсінік қалыптастыру.
Ақшалай жинақтарды сақтау дағдыларын дамыту. Ақшалай жинақтарды сақтау мәдениетін тәрбиелеу. Сыни және шығармашылық ойлауды дамыту
Кезеңдер
Сабақтың барысы
Білім алушылар
Ресурстар
Сабақтың басталуы
Проблемалық сұрақтар. Ақшаны үнемдеуден гөрі табу оңайырақ деген пікір бар. Осы ұстанымға деген көзқарасыңызды білдіріңіз.
Сұраққа жауап береді
Презентация
Сабақты ңбарысы
1тапсырма Күн сайын әлемде ақша жинақтарын сақтауға және тіпті көбейтуге көмектесетін құралдар пайда болады. «Жинақтарды сақтаудың баламалы тәсілдері» жобалар байқауына қатысыңыз. Сіз ұсынған әдістердің барлық артықшылықтары мен кемшіліктеріне түсініктеме беріңіз.
2тапсырма.Кейс Екі жас адам ақшалай қаражатқа қатысты қарама- қарсы ұстанымға ие.
Біріншісі беделді фирмада жұмыс істейді және жоғары жалақы алады. Сонымен бірге ол ақша жинаудың және үнемдеудің жаңа тәсілдерін үнемі іздестіруде, әрқашан олардың сақталуы мен көбеюі туралы ойлайды. Осының арқасында ол ертеңгі күнге сенімді болуға мүмкіндік беретін лайықты ақша жинай алды. Алайда, бұл үшін ол көп жұмыс істеуі керек және бос уақыты мүлдем жоқ, кейде ұйқысыздық болады.
Екіншісі қашықтан жұмыс істегенді жөн көреді және сонымен бірге өте жақсы ақша табады, жылжымайтын мүлік сатып алуды қажет деп санамайды және жалдамалы тұрғын үйде тұрады, барлық қаражатын күнделікті қажеттіліктер мен ойын-сауыққа арнайды. Ол өзімен үйлесімділікте тұрады, бірақ сонымен бірге оның жинақтары жоқ.
Сізге кімнің позициясы жақын? Әр позицияның оң және теріс жақтарын сипаттаңыз. Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
Жағдайды талқылау
Сұраққа жауап беру
Топта жұмыс істеу.
Олар өздерінің өмірлік жағдайларына н мысалдар келтіреді
Ватман, маркерлер
Рефлексия:
Бүгін сабақта сізді не қызықтырды ?
Сіз ата-анаңызбен қандай жаңа біліммен бөлісесіз?
Бірлік
ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
Сабақ тақырыбы
Қаржы пирамидасы
Мақсаты мен міндеттері
«Қаржы пирамидасы», «уытты шешімдер», «алаяқтар», «жеке тұлғалардың банкроттығы» ұғымдарын түсіндіру.
Білім алушыда қаржы пирамидасы ұғымын , адамдар неге оған түсетінін, қандай шешімдер улы қаржылық шешімдер деп аталатынын және мұндай жағдайға қалай түспеу керектігін жан-жақты түсіндеру.
Қаржы пирамидаларын сыртқы белгілері бойынша анықтау дағдыларын дамыту.
Қаржылық мәдениетті тәрбиелеу, қаржылық пирамидалардан аулақ болуды үйрету.
Шығармашылық ойлау мен эмоционалды интеллектіні дамыту
Кезеңдер
Сабақтың барысы
Білім алушылар
Ресурстар
Сабақтың басталуы
Проблемалық сұрақ. Аз мөлшерде ақшаға ие бола отырып, қаржылық сауаттылыққа ие болмай, күтпеген жерден, ешқандай күш жұмсамай байып кетуге бола ма?
Сұраққа жауап береді
Презентация
Сабақтың барысы
1тапсырма Кейс:Екі достың шағын жинақтары болды.
Біріншісі өз ақшасын тұрақты пайыздық мөлшерлемемен (жылдық 10%) банк депозитіне салды.
Екіншісі кіреберістің есігіндегі хабарландыруды оқыды, оның мәтіні былай болды:
БІРНЕШЕҚАДАМЖАСАПБАЙБОЛ! NANO SYMBOL компаниясы төрт қадамдықтәуекелсіз жоғары табысқа кепілдік береді:Біріншіқадам – өзің кел Екінші қадам – жинақты кәсіби мамандарғасеніптапсыр Үшіші қадам – досыңа біздің көмегімізбенбайлыққа қалай жетуге болатынын айтТөртінші қадам – ештеңе істемеуді үйреніп,байөмірден ләззатал. Ұялытелефон:8707ХХХХХХХ Бұл ұсыныс екінші жігітке тартымды көрінді. Ол көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалып, кездесу ұйымдастырды және тез әрі үлкен пайда (айына 10 %) уәде еткен осы компанияға жинаған ақшасын сеніп тапсырды.
Бір жылдан кейін достарыңның әрқайсысы үшін жағдай қалай болатынын елестетіп көр. Естесақта! Депозит бойынша жылдық сыйақы мөлшерімынаформулабойынша есептеледі: % = m * n% / 365 * 30Мұнда m–ақшасалымы; n–салымныңпайызы 365–біржылдағыкүндерсаны; 30 – бір айдағы күндердің орташа саныСалымбойыншаайсайынғысыйақы мөлшерімынаформулабойыншаесептеледі: %=m* n% Мұнда m–ақшасалымы; n–салымныңпайызы
Тапсырмакейсбойынша: Әрқайсысында
Жағдайды талқылау
Сұраққа жауап беру
Топта жұмыс істеу.
Олар өздерінің өмірлік жағдайларына н мысалдар келтіреді
Ватман, маркерлер
басында 300 000теңге болған деп есептей отырып, достардың 4 айдан кейінгі табысын есепте. Тиісті формулаларды қолдан, бірінші жағдайда пайыздық мөлшерлеме жылдық 10%,ал екінші жағдайда ай сайын болатынын есте сақта.
Дискуссия.Сіздің ойыңызша, жоғарыдағы кейсте сипатталған мұндай хабарландыруды кім бере алады? Хабарландыру авторларынан не күтуге болады? Мұндай жағдайда жинақтауды сақтаудың ең дұрыс жолы қандай?
3тапсырма Жобалық жұмыс. Әр түрлі ақпарат көздерін пайдаланып, әр түрлі қаржы пирамидалары бойынша жоба дайындаңыз.
Рефлексия:
Бүгінгі сабақтың негізгі идеясын тұжырымдаңыз
Сіз кез-келген қаржылық ұсынысты қандай белгілері арқылы бағалайсыз?
«Қаржылық өркендеу», «қаржылық өркендеу кезеңдері», «қаржылық өркендеуге әсер ететін факторлар», «қаржылық еркіндік», «қаржылық дербестік», «қайырымдылық» ұғымдарын түсіндіру.
Білім алушыда қаржылық байлық ұғымы, оған жету жолдары және әр адам неге қаржылық байлыққа (қаржылық дербестікке) ұмтылуы керек екендігі туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру.
Қаржылық өркендеу дағдыларын дамыту.
Қаржылық табысқа жетудің қаржылық мәдениетін тәрбиелеу.
Қаржылық өркендеуге қол жеткізуде шығармашылық ойлау мен эмоционалды интеллектіні дамыту
Кезеңдер
Сабақтың барысы
Білім алушылар
Ресурстар
Сабақтың басталуы
Проблемалықсұрақ.Әлеуметтік зерттеулер жүргізумен айналысатын орталық сауалнама ұйымдастырды. Бірдей ортақ сұрақ «байлық дегеніміз не?» әр түрлі әлеуметтік мәртебесі бар адамдарға қойылды. Жауаптар кестеде
келтірілген.