«Балабақшадағы жас мамандарға көмек» атты кеңес. Ақмол 2015ж. «Балабақшадағы жас мамандарға көмек»



Дата13.02.2017
өлшемі147,77 Kb.
#9239
Целиноград ауданы білім бөлімінің «Жұлдыз» балабақшасы МҚКК


«Балабақшадағы жас мамандарға көмек» атты кеңес.

Ақмол 2015ж.




«Балабақшадағы жас мамандарға көмек» атты кеңес.
Жүргізуші : Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер!

«Жас маманға көмек» атты кеңеске қош келдіңіздер.


Шаттық шеңбері.

Бір-біріне гүл ұсыну арқылы өздерін таныстыру.


Жүргізуші :

Бүгінгі тақырыбымыз «Балабақша мен ата –аналар арасындағы қарым -қатынас». Жас педагогтың мамандыққа кіру кезеңі оның басына және кәсіби дамуына байланысты қобалжушылық пен маңыздылық ерекшеленеді. Кәсіби дамуына байланысты, жаңа көріне бастаған тәрбиеші мектепке дейінгі білімде өзін- өзі кәсіпқой ретінде бола ала ма, әлде өзін басқа өрісте таба ма? Кәсіби қызметін жаңа бастап жүрген тәрбиеші мектепке дейінгі білімінің мақсаттарына назар аудару мен қазіргі педагогикалық тәсілдер мен технологияларын, комуникативті мәдениеттерін меңгеру керек.


Жас маман өзінің кәсіби қалыптастыруында бірнеше кезеңдерден өтеді:

1 кезең: 1 жұмыс жылы: жас маманға бейімделуге көрсетіп жүрген әріптестерге бұл өте қиын кезең.

2 кезең: 2-3 жұмыс жылдары: тәжірибе жасау, балалармен жақсы жұмыс істеу үшін әдістер мен тәсілдер іздеу, жұмыста өз стилін қалыптастыру, балалар арасында беделді баланы, ата-ананы, әріптесті анықтау.

Тәрбиеші өз мекемесінде немесе басқа балабақшада әріптестердің жұмыс тәжірибелерін анықтайды. Өзінің кәсіби шеберлігін ашық сабақтарға, тәрбиешілердің есеп беру шараларына қатысып арттырады. Балабақшаның деңгейінде көрсетілетін сабақтарға белсенді қатысады.



3-кезең: 4-5 жұмыс жылдары: жұмыс жүйелігі жеке жұмыс жоспарының зерттемесі қалыптасады. Тәрбиеші жұмысына жаңа технологиялар сіңіреді.

4-кезең: 6 жұмыс жылы: жетіледі, өз-өзін дамыта, өз жұмысының тәжірибесін жинақтайды. Әр тәрбиешінің белгілі кезеңдерден өтуі ерекше. Жас маман бірнеше күн әдіскердің басшылығымен сынақ мерзімін ең тәжірибелі әріптесте өтеді. Сынақ мерзімі уақытында жас маман тәжірибеленушілермен ата-аналармен, тәрбиешінің көмекшісімен, топтың күн тәртібімен жүргізілетін жұмыстармен танысады. Әдіскердің қатысуымен пайда болған сұрақтар талқыланады. Бірінші күн ең қиын, сондықтан жас маманның бейімделуі мектепке дейінгі мекемеде психлогиялық ахуалға, жұмыс шарттарына байланысты.

«Менімен бірге көптеген жас мамандар жұмыс істеді. Адам неше жерден педагогикалық жоғары оқу орнын бітірседе, неше жерден дарынды болсада, егер ол жақсы тәжірибеден пайда алмаса, ол ешқашан жақсы педагог бола алмайтынына көзім жетті. Мен тәжірибелі педагогтарда оқыдым. А.С.Макаренко.
Жүргізуші :

Ойын: «Сиқырлы қалпақ»

Мақсаты: Тәрбиешілердің әртүрлі сұрақтарға жауап беру арқылы, ортада өзін еркін ұстауына мүмкіндік жасау.

Шарты: Әуен ойналғанша қалпақты шеңбер бойымен жібереміз, әуен тоқтағанда кімнің қолында қалпақ болса, басына киіп сұраққа жауап береді де, сұраққа жауап берген тәрбиеші ойыннан шығып тұрады.
Сұрақтар:
1.«Біз мектепке барамыз» бағдарламасындағы базистік оқу жоспарына сәйкес сабақ ұзақтығы қанша минутты құрайды?

Жауабы:25-30 минут

2.Мектепке дейінгі 1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламаның атауын атаңыз?

Жауабы: «Алғашқы қадам» бағдарламасы


3.Мектепке дейінгі 3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған бағдарламаның атауын атаңыз?

Жауабы: «Зерек» бағдарламасы


4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша оқу жүктемесіндегі білім салаларын атаңыз?

Жауабы: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта»

5. «Индикатор»дегеніміз не?

Жауабы: Баланың даму процесі

6. «Инновация» дегеніміз не?

Жауабы: Латын тілінде – жаңарту, жаңалық өзгеріс деген түсінікті білдіреді.

7.«Технология» дегеніміз не?

Жауабы: Грек тілінен алғанда «техне»- өнер, кәсіп, ғылым; «логос» ұғым,оқу деген түсінікті білдіреді



Психотехникалық жаттығу «АЙНА»
Мақсаты: Бір - бірімен өзара қарым қатынастарын дамыту.
Шарты: Бір біріне қарама қарсы екі шеңбер жасап тұрамыз. «Ішкі, сыртқы шеңбер». Бірінші ішкі шеңберде тұрған адам музыка ырғағымен бір қимыл көрсетеді. Екінші сыртқы шеңбердегі адам сол қимылды қайталайды. Енді екінші сыртқы шеңбердегі адам музыка ырғағымен бір қимыл көрсетеді. Бірінші ішкі шеңбердегі тұрған адам қайталайды.

Теоретикалық кіріспе: «Қиын ата-аналармен әңгімелесу негізін қалыптастыру.»

Мектепке дейінгі мекемедегі кез-келген маман «қиын» ата-аналармен қалай сөйлесу керектігін біледі.

Қандай ата-аналарды «қиын» деп айтуға болады. (Қатысушылар өз пікірлерін айтады).
Қиын ата-аналар:

Агрессияшыл, жанжалды, бала тәрбиесіндегі ата-ана әлсіздігін көрсететін: «Біз жұмыс істейміз, біздің қолымыз тимейді» «Сіз тәрбиешісіз, педагогсыз, баланы тәрбиелеу және оқыту сіздің міндетіңіз».


Ал , сасқалақтау ата-аналар педагогтан көмек сұрайды: «Бала бізді тыңдамайды, не істеймізді білмейміз, бізге көмек беріңізші!»

Жаңа бастаған тәжірибесі жоқ маман өзінің дербестігін көрсете алмайды, ондай ата- аналар жас маманның сенімсіздігін пайдаланып, осыдын құрылымдық әңгіме іске аспайды.


Тәрбиешінің ата- аналармен қарым- қатынаста болудың негізгі мақсаты – баланың нақты мәселесін шешу үшін бірлесіп жұмыс істеу. (программадан қалып қою, нашар тәртіп).
Бірінші қатынас кезінде ата- аналардан жағымсыз эмоциялық қуат алмау. Тәжірибие көрсеткенде ата- ана өз пікірін, назарлығын білдіргенше 10-15 минут шыдап тыңдау. Егер «агрессияшыл» ата- ана айтып жатса, оны үн –түнсіз тыңдау, байсалды, сенімді, ақ пейілдікті жоғалтпау керек. Ал егер шағымджанатын ата-ана болса, онда әңгімелесушіге ақырын басын изеп, бейтарап сөйлемей қою керек. «Мен сізді тыңдап тұрмын» «Мен сізді түсінемін» «Тынышталыңыз»

Сіздің бейтарап ұстанымызды ата-ана көріп оның эмоциялары жанады және сөнеді. Ақыры аяғында ол тынышталады және сізбен сөйлесу үшін психологиялық дайындық қалыптастырады.





Сауалнама толтыру/ заполнение анкеты.

Нұсқаулықтар тарату/раздача памяток. 

Кері байланыс/обратная связь.


Жас маман анкетасы

1. Сіз неге осы мамандықты таңдадыңыз және несімен қызық?________________________________________________


2. Сіз өз мамандығыңызды қай қырынан (қай жақтан) қарайсыз?_____________________________________________
3. Жұмыста қандай қиыншылықтар туды және қандай көмек

қажет?________________________________________________


4. Педагогикалық ұжыммен өз арасында қарым- қатынасыңызды қалай бағалайсыз?__________________________________________
5. Жақын арада өзіңізге қандай міндет

қоясыз?_______________________________________________


6. Сіз келешекке қандай кәсіптік жоспар

құрасыз?______________________________________________


7. Сізге келешекте мамандық таңдауға мүмкіндік туса, тәрбиеші болуды қайтадан қалар ма едіңіз?________________________________________________
8. Ұжым жұмысында Сізді не қызықтырады?____________________________________________


  • әрекеттің жаңалығы.




  • жұмыс жағдайы.




  • тәжірибелеу мүмкіндігі.




  • әріптестер мен басшының әсері мен үлгісі.




  • еңбекті ұйымдастыру.




  • сенімділік.




  • кәсіби өсу мүмкіндігі.

9. Сіз ненің өзгергенін қалайсыз?___________________________________________


Жас маманға нұсқаулық.

Сіздерге ұсынамыз:

  • Сізде үлкен қиял мен биік мақсат болу керек және соған ұмтылу керек.

  • Қазіргі заманға сай өз педагогикалық білімін жетілдіріп, үнемі ізденісте болу керек.

  • Әр уақытта, әр жағдайда өз-өзіне ұстанымды, сабырлы болу керек.

  • Әр қиын жағдайлардан өзінің ұстамымен,ақжарқын көңілімен шығу.

  • Әр уақытта кешірімді, инабатты,ізгі, әдепті, мейірімді болу.

  • Жеңіл, көңілді өмір сүру керек.

  • Үнемі сүйіспеншілік таныту. Сүйіспеншілік – сіздің денсаулығыңыздың басты кепілі.

  • Әр уақытта ішкі дүниесімен, отбасында, жұмыста, таза, ұқыпты, кеңпейіл, кішіпейіл, инабатты, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету.

  • Есте сақтаңыз, үнемі бір адамға жақсылық жасасаң, сол жақсылығыңыз өзіңізге қайтарылады.

Есте сақтаңыз:

  • «Шыдамдылық – Алланың ісі». Шыдамды адам ешқашан өзін төмен түсірмейді.

  • Әйел жанының үлкен бір ісі- өмірге, махаббат, сұлулық пен үйлесімділік әкелу.

  • Ұжым – бұл сіздің отбасыңыз. Сол себептен отбасы тыныштығын жылы лебізбен, таза оймен және жақсы іспен нығайту қажет.

  • Сіздің балаға деген тәрбиеңіз қарапайым және түсінікті болуы қажет.

  • Баламен әңгімелескен кезде, оны мұқият тыңдауыңыз қажет.

  • Мақтауды ұмытпаңыз.

  • Сыр келбетіңіз бен тәртібіңізге назар аударыңыз.

Балаларды тәрбиелей отырып ұмтылыңыз:

  • Баланы қандай болса да жақсы көруге.

  • Әр баланы жеке тұлға деп көре білуге.

  • Мақтау, мадақтау және жағымды көңіл- күй жағдайын жасай білуге.

  • Баланың кемшіліктерін емес, даму динамикасын байқау.

  • Бала тәрбиесінде ата-аналарды өзіңіздің жақтасыңыз етуге.

  • Баламен қамқорлы, жігерлендіруші түрде сөйлесуге.

  • Баланың сұрақ қою ұмтылысын мадақтауға.

Балабақшада тыйым салынады:

  • Балаларға айқайлауға және жазалауға.

  • Жалпы ортада баланың жаман қылығын көрсетуге.

  • Балаларға жағымсыз көңіл- күймен келуге.

  • Өзге баланың қылығын ата-аналармен талқылауға.

  • Балаларды жалғыз қалдыруға.

  • Баланың намысына тиюге.

Тәрбиешілердің ата-аналармен жұмысында берілетін кеңес.
1.  Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
2.  Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру.
3.  Балалардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну.
4.  Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, ем шара қабылдау, коррекциялық жаттығулар, таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру міндеттері:
--  Ата-аналарды балаларының нәтижелері туралы хабардар етіп отыру;

--  Ата-аналарды балаларының іс-әрекетіне көмекті дұрыс ұйымдастыруға үйрету;

-- Топ ұжымымен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру;

-- Ата-аналармен тақырыптық жиналыстар оздыру;

-- Балабақшада, топта өтетін ашық сабақтарға шақырып, қатыстыру;

-- Ата-аналармен жеке жұмыс жүргізу;



Ата-аналармен жұмыс.
Ата-аналармен байланысқа тікелей тәрбиешілер жауапты. Балабақшада ата-аналар кеңесі құрылып, бекітілген жоспар бойынша жұмыстануда.

-- Балабақшаның оқу тәрбие процесі, санитарлық-гигиеналық талаптарын орындау, баласын медициналық тексеруден өткізу;

-- Балабақшаның басқару және ұйымдастыру жұмыстарының өтуіне ата-ананың ұсыныстары;

-- Тәрбиеленушілерді үйлеріне уақытында алып, уақытылы  әкелу процесіндегі жауапкершілік;

-- Әр тоқсанның соңғы күндері «Ата-аналар» күні болып белгіленген.

Ата-аналармен тақырыптық жиналыс өткізіледі.


"Жұлдыз" балабақшасы МҚКК



Ата аналармен жұмыс жоспары




Тақырыптар

Өткізу формасы

Өткізу мерзімі

Жауаптылар

1.

"Сіздің балаңыз балабақшаға келді"
"Қазақстанның болашағы"
"Тәрбие басы - тіл"

Топтық ата-аналар жиналысы
Ата-аналар қатысуымен

сайыс


Баяндама

Қыркүйек


Тәрбиешілер

Тәрбиешілер, музыка жетекшілері



2.

Ертеңгілік "Алтын күз"
"Күз сыйлықтары"


Ата-аналар қатысуымен

Көрме байқау


Қазан

Тәрбиешілер


3.

Балабақша

ата-аналардың көзімен



Сұрақ - жауап

Қараша

Тәрбиешілер

4.

"Бірінші жарты жылдық, оқу жылының қорытындысы бойынша."
"Жаңа - жыл келді" ертеңгілік

Топтық ата-аналар жиналысы
Ата-аналар қатысуымен

Желтоқсан



Тәрбиешілер

Тәрбиешілер, музыка жетекшілері



5.

Қысқы ертегілер әлемі

Ата-аналар қатысуымен

Қаңтар

Тәрбиешілер

6.

Баланы қалай тәрбиелеу керек?

Ата-аналарға кеңестер

Ақпан

Тәрбиешілер


7.

"Менің сүйікті анам",

"Наурызым - армысың!"

ертеңгіліктер


Ата-аналар қатысуымен

Наурыз


Тәрбиешілер

музыка жетекшілері



8.

"Отан от басынан басталады"

Отбасылық

сайыс


Сәуір

Тәрбиешілер

9.

"Әке - асқар тау",

"Жеңіс күні"


"Оқу жылының қорытындысы"

Тренинг

Топтық ата-аналар жиналысы


Мамыр

Тәрбиешілер




Ата – аналар жиналысы
Ата – аналар жиналысы балабақша бойынша жылына екі рет, топтар бойынша төрт рет өткізіледі. Ата – аналар жиналыстарында оқу – тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізі жолдары белгіленеді. Жиналыстарда топ тәрбиешілері ата – аналарды топ ұжымының оқу – тәрбие жоспарымен, ал балабақша басшылары балалар және ата – аналар комитетінің іс – жоспарларымен таныстырады.

Балабақша өмірінде тақырыптық ата – аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата – аналарды психологиялық – педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту.


Ата – аналар жиналысының хаттамасы
/Күні, айы, жылы. уақыты/

Кімдер қатысты ……………………………………………

Тақырыбы ……………………………………………

/Немесе/ Күн тәртібі:


1) ……………………………………………

2) ……………………………………………

3) ……………………………………………
Жарыссөзге қатысқандар
……………………………………………………………………………………………………………………………
Қабылданған шешім
……..............................................................

……..............................................................


Төраға ………………………………………/
Хатшы ………………………………………/
Ата – аналардың ашық күні
/Күні, айы, жылы. уақыты/

Кімдер болды

……………………………………………………………………………………………………………………………

Кімдер арнайы шақырылды

……………………………………………………………………………………………………………………………

Қорытынды
Кері байланыс. Күн мен найзағай суреттерін қою. Маған бүгінгі семинарда не ұнады?

Маған бүгінгі семинарда не ұнамады?


Карусель ойыны:

Мақсаты: Тәрбиешілердің жылы лебіздерін білдіретін жаттығу.

ШАРТЫ: Бір біріне қарама қарсы тұрады. Бір біріне жақсы тілектерін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет