Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті МАҚСАТЫ: жоғары оқу орындарында ғылыми-инновациялық орта қалыптастыру үшін негізгі ғылыми қызметтің және оның теорияларын жүйелей отырып, студенттердің ғылыми-инновациялық білімділігін қалыптастыру жолдарынан мағлұматтар беру.
Ортағасырлардан бері университет өз қызметінің институционалды құрылымында білім беру, зерттеу, тәрбиелеу сияқты маңызды үш бағытты айқындап, бекіткен болатын. Білім беру, зерттеу және тәрбиелеу үштағаны университеттік білімнің іргетасын қалайды.
Педагогика ғылымында: дидактика және тәрбиелеу теориясы бар.
жоғары мектептегі ғылыми қызметтің теориясын зерделеу қажет:
Біріншіден, қазіргі заманғы ғасыр – білім және ғылыми-техникалық прогресс ғасыры, ал бұл жоғары оқу орындарының жаңа білім беруді жасау мен беру функциясын күшейте түседі.
Екіншіден, студенттердің білім берудің, ғылыми-техникалық прогрестің қашан да жаңарып отыруына байланысты жаңа кәсіби проблемаларды шешуде дайындықтарын қалыптастыру талаптары мен студенттердің шын мәнінде, ғылыми технологияларды меңгеруге дайындығының болмауы арасында қарама-қайшылық бар. Мұндағы басты түсінік ғылыми қызмет технологиясының саналы түрде, бірнеше рет жүзеге асырылып, пайдаланылған технология екендігін баса айтып отырмыз.
Үшіншіден, жоғары мектепте ғылыми қызмет теориясы болашақ мамандардың ғылыми-инновациялық мәдениет негіздері мен зияткерліктің қалыптасуына педагогтар мен студенттердің күш салуын үйлестіруге мүмкіндіктер береді.
Төртіншіден, аталмыш теория педагогикалық ғылымның дамуын жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.
Жоғары мектеп педагогикасы теорияларының мектептегі педагогикадан айқын айырмашылығы байқалады. Онда білім берудің логикасы, құрылымы және жүйесі, негізгі категориялары бар, онда теорияның заңдылықтары мен принциптерін айқындауға болады.