Актуальные вопросы специального и инклюзивного образования


formulation of the questions



Pdf көрінісі
бет72/140
Дата19.05.2020
өлшемі1,88 Mb.
#69558
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   140
Байланысты:
дефектолог

formulation of the questions
 
 
Abstract 
 
The  article  considers  the  ways  of  teaching  children  of  preschool  age  with  a  general 
underdevelopment of speech to the formulation of the question. And also indicates the ability of children 
with  general  speech  underdevelopment  to  actively  engage  during  the  speech  interaction  and  initiate 
speaking in the course of communication, forms of coherent, interactive, monologue speech. 
 
Key  words:  general  underdevelopment  of  speech,  interrogative  utterances,  dialogue, 
communication. 
 
 
Сөйлеу  тілі  бұзылысы  бар  мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу 
үрдісінің  бірден  бір  негізгі  бағыты  олардың  әлеуметтік  бейімделуі  болып  табылады.  Тек  қана 
олардың  сөйлеу  тілінің  дамымауының  алдын  алу  ғана  емес,  сонымен  қатар  балалардың  оқыту 
үдерісіне  белсенді  қатысуы  үшін    мүмкіндік  беретін  білім  және  біліктерін  қалыптастырып, 
балаларды мектепке дайындау қажет.  
Мектептегі оқытудың жетістігінің басты шарты сөйлеу тілі қарым-қатынасына белсенді түсе 
алу икемділігі және қарым-қатынас барысында қарқынды түрде өз ойын жеткізу. Коммуникативті 
біліктіліктің осы түрі ақпарат алуға мүмкіндік береді және қоршаған ортадағы адамдармен қарым-
қатынасты реттейді [1]. 
Басылымдардың қатарында (О. Е. Грибова, Б.М. Гриншпун, Р.Е. Левина, О.С.Павлова, Л.Б. 
Халилова,  Г.В.  Чиркина,  Л.М.  Чудинова,  Е.Г.  Федосеева,  Т.Б.Филичева,  С.Н.  Шаховский  және 
т.б.)  коммуникативті  әрекеттің  бұзылысының  ЖСТД  жататындығы  қарастырылады  және 
коммуникативті қабілетті қалыптастыру бойынша арнайы жұмыстың қажеттілігі дәлелденген. 
Біздің зерттеу жұмысымыз жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балалардың коммуникативті 
қабілеттерін зерттеудің бірден бір аспектісіне, соның ішінде сұраулы пікір айтуды қалыптастыруға 
арналған. 
Оқытудың әр түрлі тұжырымдамасының қысқа үлгісі ХХ ғасырдың аяғында педагогикалық 
ойдың негізгі көзқарасын бағалауға мүмкіндік береді.  
Дамытушы  оқу  тұжырымдамасы  оқушыларды  жылдам  дамытуға  қабілетті  оқыту  үдерісін 
ұйымдастырудың  осындай  тәсілін  қажет  екені  расталады.  Осы  тұжырымдаманың  аймағында 
педагогикалық  үдеріске  гуманистикалық-тұлғалық  ықпалпен  дәлелденеді,  мұғалімнің  баламен 
серіктестік ойына әсер етеді. 
АҚШ  пен  Еуропа  елдерінде  дамытып  оқыту  тұжырымдамасы  мәселені  шешуге,  ақпаратты 
өз  бетінше  іздеуге  септігін  тигізеді.  Өзбетінділік  белсенділікті  насихаттаушы  қағида  оқытудың 
келесі формасы мен әдісіне әсер етеді: оқу диалогі, жобалау әдісі, кооперация, кіші топта жұмыс 
жасау. 
Шығармашылық  әрекетте  оқыту  тұжырымдамасы  жаңалық  ашу,  шығармашылық  арқылы 
баланы дамытуды жүзеге асыруды болжайды. Осы тұжырымдаманың жалғасы балаларды алдыға 
қарай итермелеу құралы мен әдісіне негіздейді. Мысалы, эмпатия әдісі баланың зерттеу пәнімен 
бірігуіне,  оның  мағынасын  түсінуге  септігін  тигізеді  (У.Гордон);  «миға  шабуыл»  әдісі  сынға 
алғашқы  тыйым  салатын  ойды  жасауды  болжайды,  бірақ  міндетті  сын  аяғында  (А.Осборн);  көп 
өлшемді матриц әдісі сынақ және қатені жүзеге асыратын әдіс (Ф.Цвики). 
Біздің елімізде 60-70 жылдары осы тұжырымдама аймағында олардың шешімінің нұсқасын 
іздеуді баладан талап ететін проблемалық жағдайды мұғаліммен құруды болжайтын проблемалық 
оқыту  ойын  белсенді  жұмыс    жасайды.  Еуропада  қазіргі  уақытта  «диалогта  оқытуды»  белсенді 


57 
 
қолданады.  Мысалы,  швейцариялық  педагогтар  оқытуда  диалогті  ұйымдастыру  жағдайында 
үйретеді. Диалогтің 2 моделін қарастырады: мұғалім және бала мәселені қалай шешу керек екенін 
талқылайды; диалог-конференция. 
Ресейде  техника,  өнер,  ғылым  секілді  әр  түрлі  аймақтан  білім  мен  біліктілікті  біріктіру, 
топтық  форма,  жұптық, жеке  формаларды  қолданумен  баланың  өз  бетінше  әрекеті  бағдарланған 
диалогтік оқыту әдісі жасалады. 
Ресейде  заманауи  кезеңде  қоғамның  өзгеруімен  тұлғалық-бағдарланған  оқыту  ойымен 
сәйкес тәсілдер өзгерді. Ресей білім беру  саясатында басты міндет 2010 жылға дейін ресей білім 
беру  тұжырымдамасын өзгерту қалыптасқан, мемлекет, қоғам, тұлғаның перспективті және өзекті 
қажеттілігімен  сәйкес және  оның  түпкі  негізімен  сәйкес  сақтау  негізінде  білім  берудің  заманауи 
сапасын  қамтамасыз  ету.  Маңызды  тәрбиелік  міндетке  жатады:  құқықтық  және  азаматтық 
жауапкершілік,  мәдениет  және  рухтылық  қалыптасытыру,  бастамашылдықты,  өзбетінділікті, 
шыдамдылықты,  қоғамда  сәтті  әлеуметтендіру  қабілеті  және  еңбек  аймағында  белсенді 
бейімделуді қадыптастыру. 
Білім беру жүйесі кез келген қоғамның мемлекеттік құралының бөлігі боып табылады. Білім 
беру  болашақ  азаматты  дайындауға  әлекметтік  тапсырысты  орындаумен  сәйкес.  Адамдардың 
әрекетінің  көпшілігінде  соңғы  жылдары  өзбетінше  табыс  құруы  талап  етеді,  білім  беру  жүйесі 
балаға  оқыту  үдерісінің  белсенді  қатысушысы  болуға  мүмкіндік  береді.  Оқушының  белсенділігі 
оқыту барысында баланың бастама пікір білдіру көлемін көбейтуді болжайды.  
Дәстүрлі  педагогтар  диалогті  жүргізуге  балаларды  оқыту  қажеттілігін  мойындайды. 
Педагогикалық  ғылымда  «Тіл  дамыту»  бөлімінде  диалогтік  сөйлеу  тілін  (сұрақ  және  жауап) 
қалыптастыру  мәселесін  қарастырады.  Осы  бөлімнің  басты  міндеті  байланыстырып  сөйлеу  тілін 
дамыту  болып  табылады.  Бұл  келесі  жағдайлармен  түсіндіріледі:  біріншіден,  байланыстырып 
сөйлеу тілінде тіл мен оның негізгі қызметі коммуникативтілік жүзеге асырылады, екіншіден, онда 
баланың  ақыл-ой  мен  тілдік  дамуының  өзара  байланысы  айқын  көрінеді,  үшіншіден, 
байланыстырып  сөйлеу  тілі  тілдің  фонетикалық  жүйесін,  грамматикалық  қатарын,  сөздік  қорды 
қалыптастыру міндеті бейнеленеді. 
Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  бағдарламасы  байланыстырып 
сөйлеу тілінің диалогтік және монологтік формасын қарастырады. Диалогтік сөйлеу тілін дамыту 
бойынша жұмыс қарым-қатынас үшін қажет біліктілікті қалыптастыруға бағытталған [2].  
Сұрақ  қою  біліктілігін  қалыптастыру  міндеті  мектепке  дейінгі  оқыту  мен  тәрбиелеу 
бағдарламасымен  сәйкес.  Сұраулы  сөйлемді  қалыптастырудың  басты  тәсілі  алдымен  мұғалімнің 
сұрағын қайталауымен қалады. 
Педагогикалық  әдебиеттерде  сұрақтар  өздері  орындайтын  ойлау-сөйлеу  міндеттеріне 
байланысты  іздеу  және  репродуктивті  болып  бөлінеді.  Репродуктивті  сұрақтар  қарапайым 
констатация формасында жауапты талап етеді:  не? кім? қайда? қандай?  мұндай сұрақтар обьект 
туралы  мәліметтерді  нақты  анықтауға  мүмкіндік береді,  осы сұрақтардың негізінде кейін  жалпы 
пікір  және  қорытынды  алуға  мүмкіндік  туады.      Іздеу  сұрақтары  не  себепті?,  неден?,  не  үшін? 
секілді сөздерден басталады және обьект арасындағы байланыс туралы қорытындыны талап етеді. 
Бұл  тип  алдындағыға  қарағанда  күрделі  болады. Іздеу  сұрақтарына  жауап  бере  отырып, балалар 
себеп-салдарлы байланыс құруға, қорытынды шығаруға, жалпылау және талдауға үйренеді. 
Мұғалімдер  тағы  да  сұрақтың  топтастырылуын  жіктеді,  олар  негізгі,  жетекші,  жасырып 
айту.  Алдымен  балалар  алдында  негізгі  сұрақ  тұрады  (тікелей).  Егер  ол  қиындық  тудырса,  онда 
жетекші  сұрақ  қоданылады.  Кейін  жасырын  сұрақ  қойылады,  ол  жауап  мәліметінен  тұрады,  тек 
қана келісу не теріске шығарудан тұрады. 
Диалогтік  сөйлеу  тілі  дамуының  негізгі  әдісі  әңгімелесу,  дидактикалық  ойын, 
драматизацияланған ойын жатады. Е.А.Флериннің[3]. еңбектерінде әңгіме диалогтік сөйлеу тілінің 
қалыптасуына  әсер  ететіні,  сонымен  қатар  егер  мектепке  дейінгі  жастағы  балалар  сұрақ  қоюды 
үйренсе,  онда  баланың  ақыл-ойының  дамуына  да  әсер  ететіні  қарастырылған.  Э.П.Короткова[4]. 
оның  көзқарасын  жіктеп  және  мектепке  дейінгі  жастағы  балалармен  әңгімені  өткізу  талаптарын 
жасады. 
Дефектологтар  әңгіме  әдісін  қолданудың  жетіспеушілігін  оқытудың  түзетушілік-
дамытушылық  үдерісінде  әмбебап  ретінде  көрсетеді  (С.А.Зыков).  Бұл  мұғалімнің  басым 
белсенділігімен  байланысты  және  әңгіме  өткізу  барысындағы  баланың  жеке  ерекшелігін  есепке 
алу  қиындығымен  байланысты.  Көптеген  балалар  өзінің  кемшілігінің  спецификалық  күшінде 
әңгіме барысында қиындық көреді. Осы балалар үшін әңгімеге қатысу сөйлеу тілінің сұрақ-жуап 
формасын меңгеру бойынша жұмысты арнайы ұйымдастыруды жүзеге асыру қажет.  


58 
 
Сөйлеу тілінің жүйелік бұзылысы кезінде балаларды оқытуда кемшілік құрылымын есепке 
алу  қажет:  жалпы  сөйлеу  тілінің  дамымауы  бар  балаларда  алынған  дағдыларды  өзектендіру 
қиындығы  және  оның  сөйлеу  тілі  дамуының  үйлесімсіздігі  негізінде  педагогтың  сұрағын 
қайталаудың  жетіспеушілігі  тән.  Осы  санаттағы  балаларда  сұраулы  пікір  білдірудің  қалыптасуы 
бойынша  педагогикалық  жұмыс  біздің  көзқарасымыз  бойынша,  дифференцияланған  тәсілді 
қолдану  мен  құрылымдық  -  семантикалық  қағида,  онтогенетикалық  қағиданы  есепке  алынып 
құрылынған мақсатты бағытталған, жүйелі болуы қажет. 
Ерекше  білімді  қажет  ететін  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  туралы  әдістемелік 
әдебиеттерде балалардың сөйлеу тілінде сұрақты қалыптастырудың кейбір тәсілдері көрсетілген. 
Сөйлеу тілі зақымдалған балаларды оқыту үдерісінде сөйлеу тілінің бастапқы формасы мен 
өзіндік  тілдік  нәтижені  меңгерумен  саналы  тілдік  әрекетті  қалыптастыруды  қарастырады. 
Зерттеушілер  бұл  тілдік  қарым-қатынас баланың  өмірлік  қажеттілігіне  айналғанда  ғана  оқытуды 
арнайы ұйымдастыру кезінде ғана болуы мүмкін екенін айтады. Ауызша сөйлеу тіліне оқыту екі 
бағытқа  бөлінеді:  фразалық  бірлікті  автоматизациялау  және  пікір  білдірудің  логикалық  типін 
өңдеу.  Балалар  алдымен  таныс  тақырыпта  мұғаліммен  диалог  жүргізуді  үйренеді,  содан  кейін 
сурет  бойынша  диалог  балалар  арасында  ұйымдастырылады.  Тірек  сұрақтар  және  көрнекі 
материалдар  түрінде  жауап  қолданылады.  Жасырын  затты  табу  арқылы  жабық  суретпен  жұмыс 
тәсілін қолдану ұсынылады. Диалогті вербальді әрлеуде мұғалім балаға табиғи ым-ишараны, бет 
мимикасын қолдануды үйретеді. 
Әдістемелік әдебиетте бұзылыспен диалогті сөйлеу тілін мақсатты қалыптастыру қажеттілігі 
дәлелденеді.  Бірақ  зерттеушілер  жауап  беру  арқылы  пікір  білдіруді  қалыптастыруды  артық 
жасайды.  Заманауи  кезеңде  психолингвистиканың  дамуымен  арнайы  педагогиканың  дамуы, 
коммуникативті  ықпалдың  дәлелімен,  тілдік  әрекетті  қалыптастыру  жағдайы  өзгерді:  тіл 
бұзылыстарын алдын алу бойынша жұмыстағы ерекше акцент инициация-сұраққа жататын сөйлеу 
тілі функциясы және коммуникативті формасын дамыту және қалыптастыру жасалады.  
 
Сөйлеу тілі бұзылысы бар балаларды оқыту кезінде диалог сұрақ қоюға оқыту қажеттілігі 
айқындалады.  Бұл  бөлім  оқыту  бағдарламасында  бар.  Қойылған  сұрақты  шешу  үшін  көмекші 
тәсілдер көрсетіледі: үлгі бойынша сұрақты қайталау, балалардың сұрағын түзету. Сонымен қатар 
мұғалімге сұрақты жалпы және арнайы бөлу қағидасы ұсынылады[5]. 
Кейбір тілдік және дидактикалық ойындарды өткізу жалпы және арнайы сұрақты меңгеруді 
қарастырады. Бірақ бұл оқыту тәжірибесінде жүргізу негізгі болып табылады. 
Зерттеушілер  «кім?»,  «не?»,  «қайда?»  сұрақтарымен  сұрақ-жауап  сөйлеу  тіліне  оқыту 
үдерісінен  бастауды  ұсынады.  Кейін  мұғалімнің  балаға  сұрағы  күрделенеді,  біртіндеп  балалар 
сұрақ үлгісі түрінде тіректі қолданумен өзбетінше сұрақ қоюға көшеді. Әрі қарай, жұмыстың екі 
бағыын  жіктеуге  болады:  жаңа  морфологиялық  және  синтаксистік  нұсқауды  меңгеру,  сөйлеу 
тілінің өзбетінше жеңгейін жоғарылату. 
В.П.Глухов тірек-мағыналы семантикалвқ бірлік ретінде сұраулы сөзді балалардың меңгеру 
маңызын көрсетеді, балаларды сұрақ-фраза схемасын құруға үйретеді[6]. 
Жалпы  сөйлеу  тілінің  дамымауы  бар  мектепке  дейінгі  жастағы  балалар    коммуникативті 
әрекетті  сәтті  меңгеру  үшін  түзетушілік-дамытушы  үдерістің  жеке  міндеті  ретінде  бастама  пікір 
білдіруді  қалыптастыруды  қарастыру  қажет.  Жалпы  сөйлеу  тілінің  дамымауы  бар  балалардың 
сөйлеу  тілін  қалыптастыру  бойынша  жұмыс  байланыстырып  сөйлеу  тілінің  дамыту  бөлігі  кіреді 
және  педагогикалық  әсер  етудің  мақсатты  бағытталған  кезеңдеп  жүйесінің  теориялық  дәлелін 
қарастырады. 
Педагогикалық, психолингвистикалық, лингвистикалық талдау негізінде, біз  жалпы сөйлеу 
тілінің  дамымауы  бар  балаларда  коммуникативті  әрекетті  қалыптастыру  бойынша  жұмыс 
үдерісінде  сұраулы  пікір  білдіруді  қолданудың  теориялық  негізін  анықтадық.  Зерттеудің 
тұжырымдамалық негізі нақтыланды.  
Әдебиеттерді талдау, сұраулы пікір білдіруді зерттеу мәселесі көптеген ғалымдарды ғылыми 
білімнің  әр  түрлі  аймағына  назар  аудартты  және  пәнаралық  мәселе  болып  табылады.  Сұрақтың 
жалпыға  бірдей  мәні  оқыту  үдерісінде  баланың  танымдық  және  тілдік  белсенділігін  жоғарылату 
құралы ретінде қарастырылады. 4 жастан 7 жасқа дейін диалогті жүргізу қажет екені дәлелденген 
(сұрақ қою және оған жауап беру) [7]. 
Зерттеушілер  жалпы  сөйлеу  тілінің  дамымауы  бар  балалардың  коммуникативті  әрекетін 
қалыптастыру  бойынша  жұмыстың  әсерін  жоғарылатудың  әр  түрлі  жолын  ұсынады.  Олардың 
біреуі сөйлеу тілінің бастама фомасының түзетушілік жүйесін жүргізу болып табылады. 


59 
 
Бірақ  та  диалог  барысында  бастама  пікір  білдіруге  оқытуда  көптеген  сұрақтарға  жауап 
толық  табылмады.  Жалпы  сөйлеу  тілінің  дамымауы  бар  балаларда  сұраулы  пікір  білдіруді 
қалыптастыру  мәселесін  арнайы  зерттеу  пәні  болып  табылмайды;  сұраулы  пікір  білдіруді 
қалыптастыру  бойынша  түзетушілік-логопедиялық  жұмыс  технологиясы  өңделмеген,  оның  әсері 
анықталмады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   140




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет