Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі



бет11/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Акушерия 1-16

Үлкен жамбас қуысының өлшемдері (үш көлденең, бір тік өлшем)
I.Distantia spinarum-мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қырқаларының арақашықтығы. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-27 см.
II.Distantia cristarum – мықын сүйектерінің қырқаларының ең алшақ нүктелері арасындағы қашықтық. Қалыпты жағдайда бұл аралық 28-29 см.
III. Distantia trochanterica-үлкен ұршықтар арасындағы қашықтық. Қалыпты жағдайда бұл аралық 30- 32 см.
IV.Conjugata externа сыртқы коньюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі . Қалыпты жағдайда бұл арақашықтық 20-21 см.
Кіші жамбас қуысы — жамбастың кабырғалары арасында орналасқан және жоғарысы мен төменінен жамбастың кіреберіс және шығаберіс жазықтықтарымен шектелген кеңістік. Кіші жамбаста кіреберіс және кең бөлігінің жазықтығын, тар бөлігінің жазықтығы мен шығаберіс жазықгығын ажыратады.
Кіші жамбас қуысының жазықтықтары:
І Жамбасқа кіреберіс жазықтық кіші және үлкен жамбас қуысы арасындағы шекара: Тік өлшемі-11см ге тең, бұл нағыз немесе акушерлік коньюгата (conjugata vera). Көлденең өлшемі 13-13,5 см. Қиғаш өлшемі әрқайсысы-12см.
ІІ Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы –алдынан шат доғасының ішкі бетінін ортасымен, бүйірінен ұршық ойысын жабатын жазық пластинкалар ортасымен, артынан II—III сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен шектелген: Тік өлшемі– 12,5 см, көлденең өлшемі–12,5 см-ге тең.
ІІІ Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы– көлденең овальды жазықтық: Тік өлшемі–11-11,5 см. тең. Көлденең өлшемі– 10,5 см.
Шығаберіс жазықтық– шонданай томпектерін қосатын, екі жазықтықтан тқрады: Тік өлшемі– 9,5- 11,5 см. Көлденең өлшемі-11 см.
Кіші жамбас жазыктыктарынын тура өлшемдерінің ортасын қосатын сызық кіші жамбастың өткізгіш осі деп аталады.


9.Преэклампсия. Классификация. Диагностика. Жүргізу тактикасы. Мерзімінен бұрын босандыруға көрсеткіштер
Преэклампсия-жүктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болатын, АГ және протеинурияның (күнделікті зәрде 300 мг-нан астам ақуыз) болуымен анықталатын жүктілікке тән синдром.
Көбінесе ауру бірінші жасөспірімде, кеш, көпұрықты жүктілікте, анамнезде преэклампсиямен қайта гестацияда, семіздік, экстрагенитальды патологиясы (созылмалы артериялық гипертензия, бауыр, бүйрек аурулары, коллагеноз, қант диабеті, антифосфолипид синдромы) бар әйелдерде пайда болады.
Классификациясы:

  • Жеңіл дәрежелі

  • Орташа ауыр

  • Ауыр дәрежедегі преэклампсия

  • Анықталмаған преэклампсия

  • Эклампсия

Клиникасы:

  • Артериалды гипертензия

  • Протеинурия

  • Анық немесе жасырын ісінулер

  • Шүйдедегі ауырлық немесе бас ауруы

  • Көрудің бұзылуы: көз алдында «жабынның» немесе «тұманның» п.б., көз қарауытуы, көрудің әлсіреуі

  • Жүрек айну, құсу, эпигастрий аймағында немесе оң жақ қабырға астанда ауырсыну

  • Ұйқысыздық немесе ұйқышылдық

  • Лаб: тромбоцитопения, нейтрофтльды лейкоцитоз, трансаминазалар жоғарылауы

Диагностика:
1) Лабораторная:

  • ЖҚА: Нейтрофильный лейкоцитоз, тромбоцитопения

  • ЖЗА: протеинурия (0.3 г\л)

  • Б\х: АЛТ, АСт, ЛДГ жоғарылауы; креатинин мочевина көбеюі,

2) Инструм:

  • ЭКГ, СМАД, бүйрек тамырларының УЗДГ, ми негізінің тамырларының УЗДГ.

  • Ұрықтың жағдайын тексеру (ұрықтың фетометриясы, кіндік пен жатырдың тамырымен доплерометрия, ИАЖ).

  • Ауыр преэклампсия кезінде аптасына 1 рет фетометрия, Доплерометрия және КТГ және ИАЖ күн сайын.

Жүргізу тактикасы:
ПЭ негізгі терапиясы келесі әдістерді қамтиды:

  • Босандыру.

  • Магний сульфатымен құрысуға қарсы терапия..

  • Гипертензияға қарсы терапия (нифедипин, β-адреноблокаторы)

1. Жеңіл преэклампсия кезінде диагнозды нақтылау және жүкті әйел мен ұрықтың жағдайын мұқият бақылау үшін ауруханаға жатқызу қажет, бірақ жүктілікті ұзартуы мүмкін. Босануға көрсеткіш ана мен ұрықтың нашарлауы кезінде көрсетілген.
2. Ауыр преэклампсия кезінде ананың жағдайы тұрақтанғаннан кейін, мүмкін болса, жүктілік мерзімі 34 аптадан аз болған кезде ұрықтың РДС профилактикасын жүргізгеннен кейін және ананы 3-ші деңгейдегі акушерлік стационарға ауыстырғаннан кейін босану туралы мәселені шешу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет