Ұрық тануы: Бұл туыстың БОР-дың флорасында 50 түрі, ал Қазақстаңда 20 түрі кездеседі. Дымкыл жүлдызшөп (звездчатка мокрица — 8.теаіа). Біржылдық немесе көпжылдық шөптесін өсімдік (күздік формаларыңда кездеседі), биіктігі 5-35 см. аспайды. Жерге төселіп өсетін сабағы ашық-жасыл түсті болып келетін арамшөп.
Халық медицинасында дәрілік шөп ретінде қолданылады.
Кок балаусасы қүстардың жақсы қорегі.
Өкілдері туыстары қалампыр тұқымдасының Орман жұлдыз шөбі
Орман жұлдыз шөбі (звездчатка лесная) коп жағдайда колеңкелі жерде қашалардың бойында (у заборов), бұталардың арасында, ормандағы бұлақтардың маңайында өседі. Маусым айынан бастап күзге дейін гүлдейді.
Қарамықша туысы (куколь).Жаздық және күздік осімдіктер. Кәдімгі қарамықша (куколь полевой или обыкновенный ) — бір жылдық шөптесін улы осімдік, астық егілген алқапта арамшоп ретінде жиі оседі. Жапырағы таспа тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Сабағы үлкен жалғыз гүлмен аяқталады, биіктігі 80 см.-дейін жетеді. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Гүлсерігі трубка төрізді. Тостағанша жапырақшалары бірігіп, 5-ұын (күлтесінен асып түратын) тістері бар тостағанша түзеді. Күлтесі ашқыл кок түсті болады. Жемісі қауашақ. Дәндері қара түсті. Гүлінің формуласы: БОР-дың территориясының барлық жерлерінде оседі. Дәнінде улы зат сапонин болады. Қарамықшаның дәндері астыққа араласып кетсе қауіпті. Мұндай дәнмен араласқан ұнның иісі нашар және дәмі ашқылтым болады. Ұнның құрамыңдағы қарамықтың молшері 0,5% жетсе, ол денсаулыққа қауіп туғызады. Сылдыршөп туысы (смоловка). Біржылдық, екіжылдық және копжылдық шөптесін осімдіктер. Гүлдері қосжьгнысты немесе даражынысты, бір немесе екіүйлі өсімдік. Тостағанша жапырақшалары бірігіп кеткен. Аталықтары мен аналықтары тірсекте отырады (карпофорасында). Гүлтүйіні түп жағында үш үялы болады. БОР-дың территориясыңда 150-дей түрі, Қазақстанда 62 түрі оседі. Гүлінің формуласы осыған дейінгі туыспен бірдей.
Жарықдәрі туысы (грыжник ). Бұл туыстың Қазақстаңда 4 түрі кездеседі. Оның ішіңде ең маңыздысы жалаң жарықдәрі (грыжник гладкий) — копжылдық шоптесін өсімдік. Сабағы тармақталған, жерге төселіп өседі. Жапырақтары ұсақ, қарама-қарсы орналасқан, эллипс төрізді. Осімдіктің түсі сарғыш-жасыл. Маусымнан қазан айына дейін гүлдейді. Гүлдері өте ұсақ. Олар жапырақ қолтығында жиналып жүмыршақ (клубочки) түзеді. Гүлсерігі қарапайым, тек тостағанша жапырақшадан тұрады. Тостағаншаларының саны 5. Күлтелері жетілмеген, біз тәрізді, ақшылдау түсі болып келеді. Аталықтарының саны 5. Пестигі бір үялы жоғарғы гүлтүйінінен тұрады. Жемісі бір тұқымды, қақырамайтын болып келеді. Гүлінің формуласы. БОР-дың Европалық болігінің орталық және оңтүстік аудаңдарында, Кавказда, Орта Азияда, Алтайда, Сібірдің оңтүстігіңде парға жыртылған егістікте, жолдың жағасыңда, құмшауыт жерлерде, жыралардың, озендердің бойында өседі. Кептірілген шөбінен кумариннің иісі шығып тұрады. Халық медицинасында өсімдіктің жербеті болігі дөрі ретіңде қолданылады. Өсімдікті суға салып езсе копіреді, оны сабын ретінде қол жууға пайдалануға болады. Сонымен бірге мұндай сабынды үйдегі иттерді жуындыруға пайдаланады («собачье мыло»).
Жарықдәрі туысы