2.Бірінші және екінші ретті туындыны пайдаланып,функцияны зерттеу. Функцияның өсу, кемуін және максимум мен минимумға зерттеу.
II ретті туындыны пайдаланып, функцияны экстремумға зерттеу. Ойыстығы мен дөңестігі. Иілу нүктесі. Асимптоталар. Функцияны зерттеу схемасы. Графиктер салу.
3. Туындынының қолданылуы. Аралықтағы функцияның ең үлкен және ең кіші мәндерін табу. Физикадағы және техникадағы туынды. Теңсіздіктерді дәлелдеуде туындыны қолдану.. Ньютон биномы. Жуықтап есептеудегі Ньютон биномының қолданылуы. Жанамалар мен хордалар әдісімен теңдеулерді жуықтап шешу.
Оқу материалының тақырыптық жоспарлау Шексіздікке ұмтылғандағы функция шегі (15сағ).
Шексіз аз функциялар. Шексіз аз функцияларға амалдар қолдану. Шексіздікке ұмтылғандағы функцияның шегі. Горизонталь асимптоталар. Шектерді есептеу. Көлбеу асимптоталар. Тізбектің шегі. Тізбектің реккурентті берілуінің шегі.
Негізгі мақсаты- функция шегінің ұғымын, тізбектің шегін, шектерді есептеуді үйрету.
Функцияның нүктедегі шегі (15сағ.)
Нүктенің маңайы. Нүктедегі функцияның шегі. Функцияның нүктедегі шектерінің қасиеттері. Шектерді есептеу. Вертикаль асимптоталар.Үзіліссіз функциялар.Кері функция. Тамаша шектер.
Негізгі мақсаты- Функцияның шегі ұғымын, кері функция ұғымын үйрету, тамаша шектерді қолдана білу.
3.Туынды (37 сағ) Функцияның дифференциалдануы. Лездік жылдамдық. Туынды. Функцияның дифференциалы. Дифференциалдау ережелері. Күрделі функция туындысы. Тригонометриялық және кері тригонометриялық функцияның туындысы. Жанама теңдеуі. 2-ші ретті туынды. Жоғарғы ретті туынды. Функцияның параметрлік берілуі. Дифференциалданатынфункция қасиеттері. Лопиталь ережесі.
Негізгі мақсаты- туынды таба білу, дифференциалдау формулаларын қолдана білу.
4.1-ші,2-ші ретті туындыларды функцияны зерттеуге қолдану(18 сағ). Функцияның өсу, кему белгілері.Максимумдар, минимумдар. Дөңестігі, ойыстығы. Иілу нүктесі. Асимптоталар. Функцияны зерттеу схемасы. Графиктерін салу.
Негізгі мақсаты- оқушыларды дифференциалдық есептеулермен таныстыру және функцияны зерттеп, графикті тұрғызуға дағдыландыру.