Қаланың түйінді мәселелері — депутаттар назарында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



бет3/5
Дата28.01.2018
өлшемі4,58 Mb.
#34452
1   2   3   4   5
Мәслихаттың депутаттары сессиялардың қаралған мәселелер бойынша неғұрлым дұрыс шешімдерді ұжымдық іздестіруге арналуы үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

Әрбір сессияны әзірлеу мен өткізуге байланысты ұйымдастыру шаралары қалалық мәслихаттың регламентіне сәйкес жүзеге асырылады. Біздегі барлық шаралар ашық сипатқа ие. Сессия жұмысына әдетте қала әкімі, оның орынбасарлары, бөлімдер мен қызметтердің жетекшілері, ақпарат өкілдері қатысады.

Есепті 2015 жылы қалалық мәслихаттың 8 сессиясы өткізілді, оның үшеуі кезектен тыс өтті. Әртүрлі мәселелер бойынша 89 шешімдер қабылданды.

Депутаттар сессияларға, оларда қаралатын мәселелер бойынша жарыссөздерге белсенді түрде қатысатын болды. Сессияларға депутаттардың орташа қатысуы қазір 86,9% құрап отыр, бұл бұрынғыдан едәуір жоғары.




Сессияларда қаралатын мәселелер бойынша қосымша анықтамалар берумен байланысты қосымша баяндамашылар ретінде тұрақты комиссиялардың төрағалары сөз сөйлейді. Сессияларда қаладағы әртүрлі мемлекеттік мекемелердің отыз басшысының баяндамалары тыңдалды.

Сессиялық қызмет барысында бюджетті қалыптастыру, оның орындалуы, өзгерістер мен қосымшалар енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Бюджеттің жобасы тұрақты комиссиялар мәжілістерінде тыңғылықты қоғамдық сараптамадан өтеді, мұнда депутаттар тұрғындарды әлеуметтік қорғау, білім, ауызсумен қамтамасыз ету, энергетика, көлік құрылымын дамыту, қала аумағын көріктендіру тұрғысындағы пісуі жетіп тұрған проблемалар бойынша ұсыныстар енгізеді.



Мәслихат сессиясында 2015-2017 жылдарға арналған бюджет қабылданар алдында тұрақты комиссиялардың мәжілістерінде оның талқылану процедурасы өткізілді. Келер жылға бюджетті жоспарлау мәселесі бойынша жұмыс мәслихатта екі ай бойы жалғасты. Депутаттар бюджеттік бағдарламалардың барлық әкімшілерін тыңдады. Талқылау барысында бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін жоспарлау бойынша жиырмадан астам ұсыныстар енгізілді.
Мәселен, депутаттардың ұсынысы бойынша соңғы екі жылда бюджетке жалпы білім беретін және балалар мен жасөспірімдердің мектептері аумағында спорт алаңдарын орнатуға 300 миллионнан астам, мектептерді жөндеу, мектептердегі спортзалдарын жаңғырту мен жөндеуге 528 миллионнан астам теңге шығындар енгізілді.


Каталог: wp-content -> 2015
wp-content -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
wp-content -> Астрономия Мазмұны
wp-content -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
wp-content -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
wp-content -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
wp-content -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
wp-content -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
wp-content -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
wp-content -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Сында Ақтөбе қаласының көшесіне атау беру бойынша тұрғындардың пікірін тыңдау бойынша қоғамдық тыңдаудың


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет