Қалас жамалов философия



бет27/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.
КИС 2-курс ОМ каз-конвертирован, Реферат на тему Разговорный стиль речи , Срсп9.Педзерттеу.М.Адилям
АРАБ ФИЛОСОФИЯСЫ. VII ғасыр басында Арабияда қоғамдық өмірдің сұраныстарына сәйкес феодалдық қатынастардың пайда болуымен тікелей байланысты жаңа дін – ислам дүниеге келді. Осыдан шашырап жүрген көшпелі араб тайпалары ислам туы астына жиналып, бір орталыққа бағынған феодалдық мемлекетке біріктіріледі. Нәтижесінде, араб жаулап алушылары көп ұлтты, теократтық мемлекет – халифат құру мүмкіндігіне ие болып, Ислам үстемдік жүргізуші мемлекеттік дінге айналды.
Тарихи дәуірде ертедегі грек философиясын аударумен айналысқан, түсіндірмелер жазып дамытқан шығыстың философ ойшылдарының, жалпы арабтілдес халықтардың философиясы өз дамуында жоғары жетістіктерге жетті. «Араб философиясы» атауы салыстырмалы түсінік. Орта ғасырда араб жаулап алуы нәтижесінде, араб ықпалы тараған аймақтардың бәрі осы философияның дамуына үлкен үлес қосты. Сондықтан шығыс халықтарының ортағасырлық философиясын шартты түрде, арабтілдес халықтар философиясы деген атау қабылданған.
X-XIII ғасырлардағы бұл философия келесі ағымдарымен көзге түседі:
а) Шығыс перипатетизмі (Аристотельшілдік); в) «Таза ағайындылар» ілімі; с) мұсылман философиясы; д) сопылық.
IX-XI ғасырлар аралығында пайда болып, дамыған шығыс аристотельшілдігі өз мазмұны жағынан маңызды құбылыс болды. Бұған алғаш жол ашқан әл-Кинди (800-879 ж.ж.) болғанын деректер көрсетеді. Заманының жан-жақты білім алған адамы ретінде, оның 200-ден артық еңбек жазғаны туралы деректер болғанымен, көбі осы кезге дейін жетпеген. Негізгі шығармалары: «Аристотельдің кітаптарының саны және философияны ұғу үшін не керек?», «Бірінші философия жөнінде», «Бес мән-мағына жөніндегі кітап». Өзінің философиялық еңбектерінде Аристотель шығармаларына түсініктеме бере отырып, логика мен таным мәселелерін қарастырған, жетілдірген әл-Кинди табиғат және қоғамдық құбылыстардың өзіндік себептері мен заңдылықтары болатыны туралы пікір білдіреді. Құдайды барлық құбылыстардың «Алшақтаған себебі» деп мойындады. «Әлемдік денені» шектеулі, әрі Құдай жаратты деп есептеп, оны қисындық ой-пікірлермен дәлелдеуге тырысады. Оның танымның үш сатысының үлгісі туралы ұстанымы үлкен маңызға ие болды. Бірінші таным сатысы – логика мен математикаға, екіншісі – жаратылыстану ғылымдарына, үшіншісі философиялық мәселелерге әкеледі.
Болмыс мәселесінде екі субстанция туралы айтады:
- бірінші, субстанцияның сан мен сапалық жақтарын зерттеу арқылы білуге болатын сезімдік заттар. Мұны, сандық жақтарды сан жөніндегі ғылым зерттейді;
- екінші, субстанцияның сапалық үйлесімділігін, заттардың мөлшерлік қатынастарын қарастыратын ғылым. Заттардың сапалық жағын математика саласына жататын, геометрия мен астрономия ғылымдары зерттейді. Бұл ғылымдарды меңгермей, субстанцияны білу мүмкін емес, өз кезегінде субстанцияны білмеген адамға философия да беймәлім болып қалады. Философияны білмеген адамға тұрақты және өзгермейтін екінші субстанцияға жетудің мүмкіндігі жоқ.
«Адамзат өнерінің ішіндегі ең ғажабы – философия», – деген әл-Кинди мақсаты, заттардың шынайы табиғатын көрсету, соның негізінде адами жүріс-тұрысты, іс-әрекетті анықтау, өмірге бейімделу керек екеніне сілтеме жасайды.
Адам дүниетанымының екі түрі бар. Біріншісі сезімдік тану. Ол әрдайым өзгерісте болады, тұрақты емес. Бұл тек уақытша өмір сүретін заттарды тануға мүмкіндік берумен байланысты. Ол сан жағынан тұрақты емес, ұлғаяды, кішірейеді, теңсіз болады, теңеледі. Оның сапалық жағы да өзгеріп отырады, ол өзіне ұқсайды, ұқсамайды, күшіне мінеді, әлсізденеді... Әрдайым өзгеріске ұшыраған дүние заттарының бітімін қабылдайтын сезімдік таным оны адам жадына, ақыл-ойына жеткізеді.
Екіншісі ақыл-ой танымы. Жеке материалдық заттарды сезімдік қабылдауға болады. Ал текті алатын болсақ, ақыл-ойдың елегінен өткізуге болатын түйсіктер арқылы қабылданады. Жалпы, әл-Кинди адамның дүниетану мүмкіншілігін мойындайды, қоршаған орта заттарын зерттеп, ғылымды дамытуға болатынын меңзейді.
Шығыс аристотельшілдігінің келесі көрнекті өкілдері: Әл-Фараби, Ибн-Сина.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет