Қалас жамалов философия



бет25/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.

Ортағасырлық схоластика (лат.Scholastika – мектеп) адамның парасаты, ақылы, ойлау тәсілдері мен сенім ретінде қабылдаған идеяларын тұжырымдап, айтылған жеке қортындыларды дәлелдеуге талпынатын философиялық ойдың бір түрі.
Орта ғасырда схоластика өз дамуында үш түрлі сатыдан өтті. Оның ерте түрі XI-XII ғасырларда жаңа платоншылар мен Августин ой-пікірлерінің айтарлықтай әсерімен қалыптасты және келесі философтар: Эриуген, Абеляр, Росцелин, Ансельм Кентерберинский есімдері кең танылады.
XII-XIII ғасырларда схоластика «классикалық» деп аталатын өзінің кемелденген шағына жетті. Тарихи дәуірде Платон идеяларының орнын «христиандық аристотельшілдік» басады. Ол Оксфорд, Кембридж, Падун, Тулузи т.б. қалалардағы университеттерде оқытылып жетіледі, шыңдалады. Оқу орындары арасында 1200 жылы негізі қаланған Париж университеті маңызды орынға ие болып, оның дін факультеті католик шіркеуінің басты теориялық орталығына айналады. Осы кезде ірі дін иесі, философ Фома Аквинский шығармалары кең танымал болады.
XIII-XIV ғасырлардағы соңғы схоластиканың көрнекті өкілдері Д. Скот пен Оккам сенім мен парасатты құқық негізінде теңестірді. Осы арқылы олар сенім парасаттан жоғары қойылған кемелденген схоластика іліміне қарсы шығады. Жалпы алғанда, диалектика мен логикаға үлкен көңіл бөлген схоластика философия дамуында белгілі саты болды.
Номиналистер мен реалистер. Орта ғасырдың өзіндік ерекшелігі номиналистер мен реалистер арасында болған, «жалпы және нақты түсініктер өмір сүре ме» деген сұрақтың түсіндірмесі төңірегінде жүздеген жылдарға созылған өткір күреспен байланысты. Реалистер «ақиқат шындық болатын жеке заттар емес, санадан тысқары өмір сүретін, одан және материалдық әлемнен тәуелсіз жалпы түсініктер», – дейді. Осыдан бұл философиялық бағыттың аты «реализм» сөзінің қазіргі заманғы түсінігіне сәйкес келмейді. Платон философиясын дәріптеуші, жақтаушы Ансельм Кентерберийский (1033-1109 ж.ж.) осы бағыттың белді мүшесі болды. Платон көзқарастарын дамытып, «әлемді ұйымдастырушы мәңгі идеялар, яғни өзіне-өзі жеткілікті болатын және нақты заттар әлемінен бөлектенген жалпы ұғымдар айрықша идеалдық әлемді құрайды», дегенді ұстанады. Пантеистік (гр. pan–бәрі, theos – құдай, демек бәрінде де құдай бар, ол табиғатпен біте қайнасқан) көзқарастары үшін реалистерді шіркеу қолдамады.
Құдай дара тұлға есебінде өзі жасаған табиғат, материалдық және материалдық емес заттардан жоғары тұрады. Мұндай жағдайда жалпы түсініктер құдаймен бір сатыда тұрады, теңестіріледі деген пікірді желеу қылған шіркеу реалистерге қарсы шығады.
Орта ғасырдың танымал философы Фома Аквинский шіркеу қолдаған реалистік бағыт өкілі болды. Ол Аристотельдің жеке мен жалпының арасындағы тығыз байланысты, жалпыны жекенің түрі деп түсінген идеяларын басшылыққа алды. Реалистер жалпы түсініктердің шынайы өмір сүретінін мойындай отырып, ол нақты (жеке) заттарда көрінісін табады деп пайымдайды. Ф.Аквинский ілімі бойынша: универсалилер «заттарға дейін», «заттарда» және «заттардан кейін» өмір сүреді. «Заттарға дейін» идеялар ретінде құдайдың парасатында, «заттарда» жекенің ажырамас түрлері есебінде өмір сүреді, ал «заттардан кейін» адам парасатындағы түсініктер немесе абстрактылы ойдың желісі.
Орта ғасырларда реалистерге қайшылықта болған философиялық, номиналистік бағыт (лат. Nomina – атаулар) жақтаушылары үшін объективті, шын өмір сүретін – «жеке заттар», ал жалпы түсініктер (универсалилер) – тек қана тілде өмір сүретін заттардың белгілері, аттары, ресми атаулары. Номинализмнің белді мүшелерінің бірі Росцелин (1050-1120 ж.ж.) оны «дауыс дыбыстары... ауаның шайқалуынан» артық еш нәрсе емес дегенге меңзейді.
Осы көзқарас тұрғысынан схоластикалық реализм дәлелдеген христиандық парыздар бос ойдан шығарылған қиял, таза алыпсатарлық болып көрінеді. Мысалы, Росцелиннің ойынша, ақиқат пен есептелетін құдайдың үш бірлігі туралы діни қағиданы реалистер «Құдай бір уақытта, құдайлық үш жақты: әке құдай, бала құдай, қасиетті рухты өзіне біріктіретін, дара діни субстанция», деп дұрыс түсіндірмеген. Шын мәнінде, әр түрлі үш құдай өмір сүреді деп ол діни негізгі бастамаға, христиан «шіркеуі әкелерінің» беделіне қарсы шығады. Кешікпей шіркеу оған қарсы жауап береді. 1092 ж. Суассон жиынында Росцелин ілімі айыпталып, оны өз күпіршілдігінен, яғни «үш құдай» идеясынан бас тартуға мәжбүр етеді.
Номинализм дамуының жаңа, жоғарғы сатысы XIV ғасырда Оккамның философиялық көзқарастары мен байланысты дүниеге келді.
Жалпы алғанда, номинализмнің әсері келесі ғасырларда айтарлықтай сезіледі. Бұл оның философиядағы материалистік көзқарастарға жақындығы, тәжірибеге бағыт алуы және оған сүйенуімен түсіндіріледі, Ф. Бэкон, Н. Гобсс, Дж. Локк, Д. Юм тағы басқа жаратылыстану ғылымдарының өкілдері орта ғасырлық номинализмнің дәстүрлерін қабылдап, дамытты.
Ортағасырлық схоластиканы жүйелеуші, реалистік бағыттың басты өкілі Ф. Аквинский (1225-1274 ж.ж.) әлемдік философия тарихына ортағасырлық схоластика мен католик дінінің діни-философиялық жүйесін, яғни томизмнің (лат. Tyamos – Фома) негізін қалаушы есебінде кірді. Сол уақыттан бастап, бұл теорияны католик шіркеуі өзгеріссіз, сөзсіз мойындайды, қабылдайды. XIX ғасырдың аяғында ол қазіргі заманғы Ватиканның ресми идеологиясы ретінде мойындалып, неотомизм атауымен өмірге енеді. Осыдан кейінгі уақытта философия сабағы жүргізілетін барлық католиктік оқу орындарында осы ілім, жалғыз ақиқат философия есебінде оқытылатын болды.
Фома оңтүстік Италияда танымал адамның отбасында дүниеге келіп, жасында монастырда, кейін Неополитан, Париж университеттерінде білім алды. Оқытушылық және ғылыми-зеттеушілік жұмыстарға араласып, көптеген еңбектің авторы болған ол қайтыс болған соң «періште доктор» лауазымына ие болды. 1323 ж. қасиеттілердің қатарына қосылып, 1567 ж. бесінші «шіркеу оқытушысы» болып танылады. Негізгі еңбектері: «Теология жинағы», «Табиғаттың бастамалары», «Мәнмен өмір сүру туралы».
Өзінің еңбектерінде, әсіресе «Пұтқа табынушыларға қарсы жинақ» және «Дін ғылымы жинақтарында» жаратылыстану ғылымдары мәселелерін қарастырмайды. Дегенмен, шіркеудің айтыс-тартыстарынан құтылуы үшін, нақты ғылым пәндері әсерінің өсуімен санасып, ғылыми философиялық білімнің дұрыстығын мойындауы керек екенін жақсы түсінді. Осыдан білім мен сенімнің, философия мен теологияның арасындағы қатынас, жалпы бұл проблеманың осыған дейінгі бірде-бір шешімімен, бәрінен бұрын «екі ақиқат» тұжырымдамасымен сәйкес келмейтін монотеистік діннің басты мәселесін өз бетінше шешеді.
Фоманың айтуынша, «бұл ғылым (дін ілімі) философиялық мәндерден, бірақ бұған деген ауыр қажеттіліктен туындамаған бірдеңелер алуы мүмкін, ал ол тек оқытылатын ой желісінің түсінікті болуы, ұғымның ұлғаюы үшін керек. Дін өзінің негіздік ой желісін ғылым салаларынан емес, керісінше, Құдай ашылулары арқылы қабылдайды. Бұл жерде ол басқа ғылымдарға өзінен жоғары тұр деп емес, керісінше өзіне бағынышты қызметшілер дегендей сүйенеді» [13. 827 б.]. Білім, сонымен құндылықтарға ие болады, десек те адамға сенім одан да қажеттірек.
Құдайды ғана емес, ғаламның терең мазмұнын ашу үшін адам ақылы (құдай ақылымен салыстырғанда) өте әлсіз және шектеулі. Сондықтан ол сенімсіз іс тындыра алмайды. Дәлелдеу мүмкін емес христиан парыздарына ақыл жетпейді, бұл ақылға қарсы дегенді білдірмейді, ақылдан тыс, олар тек құдай ақылында толық ашылады, сондықтан адам ақылының күшімен дәлелденуі мүмкін емес, -дейді Фома. Осыларға ой жүгірткен кісі қасиетті жазбалардан ғана іздеп табуға болатын ақиқаттарды сеніміне қабылдауы керек. Өз сенімінің нығаюы үшін адам бәрінен бұрын ғылым мен философияны және өз ақылының мүмкіндіктерін пайдалануы керек. Мысалы, Құдайдың өмір сүретінін тура дәлелдеуге болмайды. Десек те, Құдай жаратқан салдар ретінде құбылыстар мен нақты заттарды зерттеу арқылы жанама түсінуге болады. Аристотельге сүйене отырып, Фома Құдайды айғақтаудың бес жанама тәсілдерін келтіреді:
«Қозғалатындардың бәрі өз қозғалысының себебі болатын бөгде бір нәрсеге ие болады». Өйткені «бір нәрсе» өзгенің килігіп, кірісуінсіз бір уақытта өзінен-өзі қозғаушы да, қозғалушы да бола алмайды. Олай болса, осы қозғаушы бастау болатын – Құдай.
Біздің көретіндеріміздің бәрі басқамен қарым-қатынаста болатын «бір нәрсенің» салдары. Бұл «бір нәрсенің» себебі бар, туынды, яғни бәрінің өзіндік себебі болады. Бірақ, бұл себептің де өзіндік себептері бар. Осылай шексіз, нақты айтқанда бұлардың бастапқы негізі – алғашқы себеп, яғни тағы да Құдайға келеміз.
Біз өзімізді қоршаған ортадағы болып жатқан өзгерістерді қажеттілік деп, немесе кездейсоқтық деп қабылдаймыз. Бірақ, кездейсоқтық – бұл тек біздің ұғымымызға түсініксіз қажеттілік. Құдай үшін кездейсоқтық деген болмайды, сондықтан болып жатқандарды түсіну үшін Құдайды мойындау керек.
Әр түрлі заттар түрлі дәрежедегі шыңдалу мен көріктілікке ие. Онда бұл сапалықтар үшін үлгілі өлшеуіштер абсолюттік өлшем болуы керек. Бұл үлгілі өлшеуіш – Құдай.
Бәрі қозғалыста, дамуда... Қай бағытта? Тек Құдай табиғатта болып жатқандардың барлығы үшін мақсат, бағыттылық бере алады.
Келтірілген ойлар сенімнің білімге қарағанда үлкен анықтыққа ие екені, яғни сенімнің білімнен жоғары тұратындығы туралы пікірлердің негізінде жатыр. Осыдан, Фома Аквинскийдің ойынша, ғылым мен философияның дін ғылымының қызметінде тұрғанының ерсілігі жоқ.
Ф. Аквинский философиясының маңызды бөлігін оның болмыс туралы ғылымы құрайды. Болмыс ілімін ол бәрінен бұрын Аристотельше, соның ішінде оның түр мен материя қатынасы идеясына сүйеніп дамытады.
Аристотель тәрізді, Фома да жеке заттарда түр материямен бірлікте және оған қатынасында жетекші бастама деп есептеді. Ол материямен бірлікте және өзімен-өзі болатын әмбебап мағынада өмір сүреді. Материалдық емес өмір сүре алатын түрдің мысалы болатын денесіз аспан, жан иелері –періштелер. Ал материалдық заттарда ол, заттардың жалпы мазмұнын (мәнін) көрсетеді, сонымен бір уақытта материя оның өмір сүруінің өзіндік ерекшелігін, нақтылығын түсіндіреді. Түрдің заттармен байланысынан Фома оның төрт түрлі болмыс деңгейін ерекшелейді: біріншісі – органикалық емес, сірескен табиғат, мұнда түр заттар мәнінің тұрақты, өзгеріссіздігін көрсетеді; екінші деңгей – өсімдіктер әлемі. Мұнда түр мақсатқа бағыттылық беретін, денені іштен қалыптастыратын соңғы себеп есебінде көрінеді. Үшінші деңгейде түр – мақсатты анықтайтын әрекетшіл себеп, әлемнің әрекетшіл бастауы жануарлар пайда болған негіз. Соңғы, төртінші деңгейде түр рух, немесе адамның парасатты жаны есебінде көрінеді.
Фома Аквинскийдің этикалық құрылымдары да үлкен көңіл бөлуді керек етеді. Ол Құдайды пайымдайтын адамды мәңгі, өлгеннен кейінгі өмірге дайындалуға бағыттайды. Ерік бостандығына ие болған адам жақсылық пен жамандық, моральдық пен бейморальді қылықтардың қайсысын болса да өзі таңдайды. Жақсылықтың жолын оған жаратқан ие көрсетсе, ал күнәлі болатын жамандық жолының жауапкершілігін өзіне алады.
Ф. Аквинскийдің этикасы оның құқық түсінігімен тығыз байланысты. Құқықтың бірінші түрі мәңгілік құқық – құдайдың ғаламға жасайтын басшылығының негізін құрайтын ережелер жиынтығы. Адамға берілген жаратылыстық құқықтан да көрінісін табатын мәңгілік құқықты барлық жан иелерінің қолдауы міндетті. Мысалы, адамдар осы ережелерге сәйкес, Құдайды құрметтеуі керек. Құқықтың соңғы түрі –алдыңғы екеуімен салыстырғанда әрқашан заңдары өзгеріп отыратын, оның нақты көрінісі болатын адам құқығы. Бұл құқықтың әлеуметтік орталарда нақты пайдаланылатын екі түрі бар: бүкілхалықтық және азаматтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет