Қалас жамалов философия



бет62/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
филос.учебн.

МАЗМҰНЫ


Кіріспе_______________________________________________3
I тарау. Философия, негізгі мәселелері мен қоғамдағы ролі____4
II тарау. Философияның тарихи түрлері___________________12
Ежелгі шығыс философиясы
Ежелгі Үнді философиясы ______________________________ 16
Ежелгі Қытай философиясы _____________________________ 25
III тарау. Антика философиясы_________________________ 32
Элин дәуірі философиясы__________________________ 47
IV тарау. Орта ғасыр философиясы
Еуропа философиясы __________________________________ 50
Араб философияcы ____________________________________ 62
V тарау. Қайта өрлеу философиясы _______________________94
VI тарау. Жаңа дәуір философиясы. ______________________107
VII тарау. Неміс классикалық философиясы ________________127
VIII тарау. Маркстік философия _________________________139
ІX тарау. Қазақ философиясы ___________________________173
X тарау. Батыс философиясы ___________________________ 201
Қорытынды __________________________________________ 221
Әдебиеттер тізімі ______________________________________ 222
Мазмұны ____ Түркі ғұламалары шығармаларының қайсысы болса да, өздері өмір сүрген қоғамдық орта дамуының сұраныстары қойған сұрақтарға дәуір тұрғысынан алғанда толыққанды жауап берген. Адам болашақ туралы түсінікті түйсігімен сезіне білсе де, оған мәнді жауап бере алмайтыны тәрізді, қоғамның әлеуметтік құрылымының төменгі сатысында тұрғандар өмір өзгерістеріне күнделікті тұрмыс деңгейінен пайымдаулар жасайды. Ғұламалар үшін әділеттілік заңды ұстанудан, қысым жасау мен бетімен кетушілікті доғарудан басталады. Өмір келеңсіздіктерге толы, соның ішінде тар мақсат-мүдде құрбаны болу аянышты. Қоғамдық келісімге алып келетін идеялар әрқашан әлеуметтік құрылым жүйесінен өзінің қабілеті, бейімділігіне байланысты орын алған әрбір тұлғаның атқаратын іс-шараларын анықтайды.
Қалыпты өрбіген, жан-жақты даму кезінде адам өзі өмір сүретін ортаның «парасатқа сай келуіне» назар аудара бермейді. Ол тек алдыңғы ұрпақтардың қалыптастырған ұстанымдары өзгерістерге ұшырай бастағанда ғана оны ой елегінен өткізіп, жаңа ойлар мен ұрандарға назар аударады. Өскелең өмір талабына жауап беретін идеялар ғана болашақтың негізін қалыптастырады. Осыдан түркі ойшылдарының білімді рухани өмір саласының жоғарғы құндылығы деп, ал білімсіздікті адам жанының жетімсіздігі, кемшілігі ретінде қарастырғандарын түсінеміз. Өйткені өмірге деген сенімнен айрылып, түңілуге болатын қатыгез, қулығы мен сұмдығы басым қоғамдық қатынастары дұрыс дамымаған мұндай елде тек біліммен ғана қоғам мен адам өмірінде кездесетін келеңсіздіктерге жол бермеуге болады. Білімнің адамды азаматтыққа жеткізетіні, билік иелерін қайырымдылыққа тәрбиелейтіні, мәдениет дамуында үлкен мәнге ие болатыны пайымдалады. Қоғамдық өмір салаларының сәйкессіздігі, оның үндестігінің жоғалуынан қатер туындайды.
Ғұламалар еңбектері адамның өмір тіршілігі, оның құлықты іс-әрекеті бағаланатын қоғамдық ортаның, адамның рухани-құлықтылық негізіне сүйенетінін көрсетеді. Бұған түркілердің табиғатқа жақындығы, олардың өздерін табиғатпен бірлікте сезінуі әсерін тигізгені, ел болып қалыптасу, өзін, өзінің шыққан ортасын сақтауға ұмтылыс, өзара бір-бірін қолдауға үлкен мәннің берілуі, көшпенді қоғамның моральдық қатынастарының бастауы болғаны арнайы әдебиеттерде көрсетіледі.
________________________________________ 223

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет