Прагматизм. Прагматизм (грек.рragma-іс, әрекет, қимыл) XIX ғасырдың 70-жылдары АҚШ-та пайда болды. Бұл бағыттың негізін қалаушы америка философы, математик Чарльз Пирс (1839-1914 ж.ж.) «пратматикалық, максима» ұғымы объектісі шығаруы мүмкін, объектінің толық түсінігі болатын салдар туралы пайымдауын алға тартты. Максима адамның күнделікті тұрмыста басшылыққа алып отыратын жүріс-тұрыс ережесі.
«Біз идеяларымызды қалай анық қыламыз» деген мақаласында Пирс «ойымыздағы қандай да бір зат туралы анықтылыққа қол жеткізу үшін, деп жазады өз қағидасын, бұл затта қандай практикалық салдарлардың болатынын қарастыруымыз керек. Демек біз одан қандай сезінуді күте аламыз және өз жағымыздан қандай түрдегі жауапқа (реакция) дайын болуымыз керек. Осы салдарлар туралы түсініктеріміз сол зат туралы анықтап алуымыз керек болатынның бәрі» болады.
Пирстің ойынша, танымның міндеті объективті ақиқат білімге қол жеткізу емес, керісінше адам әрекетін қиындататын күмәнды жеңу, іс әрекет үшін ереженің мәні болатын «тұрақты сенімге» көз жеткізуден тұрады.
Прагматизм кең таралымын XIX ғасырдың 90 жылдарында У. Джемс(1842-1910 ж.ж.) еңбектері арқасында тапты. Джемс, Нирс еңбектеріне жалпыға түсінікті түр беріп, қайта өңдеп дамытты. Мәні тәжірибе мен ақиқат шынайылықты (реалдықты) теңестіру болатын «радикалдық эмпиризм» тұжырымдамасын алға тартты. Реалдық бұл кездейсоқ оқиғалардың ретсіздігі, түсініксіздігі, яғни «плюралистік ғалам» (плюрализм-дүниенің негізі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ, рухани мәндерден тұратынын дәріптеу). Оған тепе-тең тәжірибе тек құқықты сананың жағдайы сапасында түйсік пен сезімнен, түс пен елестетуден, діни, спиритистік және басқа да әсерленулерден тұрады. Демек, тәжірибе махизм рухында беймәлім «бейтараптылық» рухында карастырылады. Бұл танушы субъектінің сапасының жағдайы жене осыған қоса танылушы объект, ой да, зат та. Объект «плюралисте ғаламда» объективтендірілген сана ағымы болып шығады. Танылмайтын әлемде адам иррационалды әрекет жасайды, оны тануға деген барлық ұмтылыс мәнсіз, мағынасыз. «Біз әлемде, өзіміздің кітапханамызда жүрген ит пен мысықтай боламыз, олар кітаптарды көреді, әңгімелерді естиді, бірақ мұның бәрінен ешқандай мағынаны сезбейді» [34. 170 б.]. Білімнің объективтік мазмұны болмайтындықтан теория, идея, түсініктер ақиқаттығы немесе жалғандығы көзқарасымен емес, керісінше олардың іс жүзіндегі пайдалылығы көзқарасынан прагматикалық бағалануы керек. Ақиқат сол, не пайдалы, не жетістік әкеледі. Идея, түсініктер - адамның қойылған мақсатқа жетуінің кажетті құралы.
Ақиқат - прагматизмде басты мәселе. Ақиқатты пайда және практикалық жетістікпен теңестіріп, прагматизм оны объективтік мазмұнынан айырды: идея реалдықпен емес, әрекет жетістігімен үйлеседі, сәйкес келеді. Сонымен, объективтік әлемнің байланыстары мен оның құрамдас бөліктерін дұрыс бейнелеуде, қоршаған орта туралы объективтік білімді қалыптастыруда ақиқат «пайдалы». Осы білімдерге сүйене отырып, адам өзінің қызметінде «жетістікке» жетеді. Прагматизм үшін объективтік шындық, жалпыға ортақ моральдық мөлшер, шама жоқ, не пайдалы болса, сол өнегелі және ақиқат болады.
XX ғасырдың 20-30 жылдарында прагматизмнің негізгі идеялары Д. Дьюидің(1859-1952 ж.ж.) инструментализмінде өз көрінісін тапты. Пирстің күмәнді жеңу және сенімге өту туралы идеясын Дьюи «келелі жағдай» (проблематическая ситуация) туралы ілімінде дамытты. Бұл адам болатын және ойлау арқылы жеңіп шығатын анықталмаған, қиындатылған жағдай. Ойдың негізгі және жалғыз міндеті анықталмаған (проблематический) жағдайды анықталғанға айналдыру. Бұл мақсатқа жету үшін, осы жағдайда ең пайдалы болатын инструменттердің: түйсік, идея, теориялардың пайдаланылуы. Дегенмен инструментализмде келелі жағдайдың, адам болатын обьективтік жағдайлардан тәуелсіз, ішкі сенімсіздік, адамның субъективтік жағдайы екенін айтып ескерту маңызды. Түсінік пен теориялар, танымдық, функциялар атқаратын интеллектнің амал, тәсілдері емес, керісінше кезіккен жағдайдан шығуға ғана пайдаланылатын «құрал-сайман», «аспап».
Джемс сияқты Дьюи де ақиқатты пайдамен теңестіріп, егер ол жетістікке жетудің «құралы», «аспабы» болса, онда идеяны ақиқат деп есептейді. Интеллектінің қызметі, дейді Дьюи, қоршаған әлемнің объектілерін тануда емес, осы объектілермен пайдалы, ең бір тиімді қатынас орнатуға мүмкіндік беретін жолдарды қарастыру болып табылады.
Прагматизм идеялары ондаған жылдар бойына АҚШ-та ең кең таралымын тауып,ғылымға, құқық, саясат, білімге үлкен ықпалын тигізді. XX ғасырдың басында Батыс Европа мен Азия елдеріне де тарады. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, бұрынғы тартымдылығын жоғалтып басқа ағымдарға жол берді. Дегенмен бүгінгі күні де, ол батыс философиясының ішіндегі ең бір ықпалдыларының бірі болып отыр.