Қалас жамалов философия



бет21/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.

Жаңаплатоншылдар. Ең танымал мүшелері Плотин (б.д. 205-270 ж.ж.) оның шәкірті Порфирий (б.д.232-304 ж.ж.) және Прокл (б.д. 412-485 ж.ж.). Жаңа платоншылдар ілімі өз бастауын Платон еңбектерінен және Плотиннің Шығыстан қабылдаған, енгізген аңыздық және діни элементтерінен алады.
Болмыс ілімінің негізіне жаңа платоншылдар үш түрлі түпкі бастаманы қойды: 1) монархияны игерген, ие болған болмыс; 2) барлық өмір сүрушілердің (ғалам) рухани бастауы бар; 3) болмыс негізі үш түрлі түпкі бастамадан: дара, ақыл, жаннан тұрғызылған.
Дара (кұдай) – жасампаз күш, барлығын туындататын жоғарғы болмыс. Материалдық, емес құбылыс есебінде ол өзінің бостандығы мен өнімді еңбегінде, белсенділігінде шексіз. Дара – барлығының себебі, ол «өзін-өзі жаратушы игілік», өйткені «оның еркі мен болмысы сәйкес келеді».
Ақыл – Дарадан тарайтын пайымдау, аңдау үдерісінде қалыптасатын және өзін Дарамен толықтыратын, өзі-өзіне қайта айналатын, жүзеге асатын айқындалмаған белсенділік. Бұл жерде бастапқыда ойлаудың мазмұны пайда болып, сосын ойдың өзі көрініс табады. Егер Дара – барлық заттардың пайда болу мүмкіндігі, қабілеті болса, онда Ақыл – заттардың өте орынды жүзеге асуы.
Ғаламды жасау үшін Дара Ақылға айналып,түр мен ойлауды қабылдауы арқылы Жанға айналады. Шығармашылық күшке ие болатын ғаламдық Жан Ақылдан туындайды. Жан материяға қозғалысты енгізеді. Жан денесіз субстанция есебінде, дененің бөлігі болатын қабілетке ие. Демек, ол «дара және көп нәрсе», сондықтан бір уақытта бөлінеді және бөлінбейді. Жан денесіз әлемнің соңғы өзгерген, түрленген сатысы.
Ғалам рухани бастаудың материяға әсерінің нәтижесінде дүниеге келеді. Сонымен Ақыл мен материяның ортасында ымырасыз күрес пайда болады. Жарық Ақылдың бейнесі, ал қараңғылық түнек – материяның бейнесі. Дара – жарық, материя – түнек. Материя жанның басқаша өмір сүруі. Жаңа платоншылдар: «ақыл қараған уақытта ғана керек болатын айна – материя», – дейді.


ІV тарау. ОРТА ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ
ЕУРОПА ФИЛОСОФИЯСЫ. Гуманистердің XV ғасырдың екінші жартысында алғаш қолданған «орта ғасыр» ұғымы қолдауын тауып, содан бері әлемдік тарихи тағылымдарда кең көлемді мағынасында пайдаланылуда. Бұл–V ғасырда, Рим империясының құлаған кезінен бастап, XV ғасырдан өз бастауын алатын Қайта Өрлеу заманына дейінгі Таяу Шығыс пен Батыс Еуропа басынан өткізген айтарлықтай ұзақ тарихи дәуірді қамтитын уақыт.
Тарихи кезеңде қалыптасқан философияның екі түрлі бастауы болды. Біріншісі – Платон мен Аристотель, ертедегі грек философиясы дәстүрін жалғастырса, екіншісі философияны христиандық арнаға бұрған қасиетті жазба, жазулармен байланысты.
Діни көңіл-күйдің өсуі, діни билік институттарының қалыптасуы–орта ғасырдың өзіндік ерекшелігі. Бұл уақытта пұтқа табынушы көп құдайлықтың (политеизм) орнына нақты бір құдайға (монотеизм) табынған діндер: христиан мен ислам өмірге келді. Христиан діні орта ғасырлық Еуропада құдайдың өз мәнінде әлем орталығы болатынына назар аударған дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырды. Ол екі түрлі негізге: а) христиан философиясының болмыс (онтология) туралы ілімінің негізінде жатқан - жарату идеясына; в) осы философияның негізін қалыптастыратын таным туралы ілім - ашылу идеясына сүйенді.
Тарихи дәуірде христиан діні өз билігін қоғамдық өмірдің барлық салаларына, соның ішінде рухани өмірге де таратты. Мұның философияға да қатысы бар, өйткені ол өзінің пайда болған уақытынан бастап болмыс, ғалам, парасаттылық проблемаларына жауап іздеді. Міне, осы сұрақтар алғашқы күндерден-ақ христиан идеологтарының да алдынан шықты. Осыдан орта ғасыр философиясын шіркеу мен оның ілімдерінің қысқаша тарихымен таныспай қарастыру мүмкін емес. Ертедегі гректерде философиялық ой ешқандай шектеуге ұшырамай, бірінші кезекте барлық ғалам мен адамның өзі де қосылған табиғатты зерттеуге бағытталса, христиан дінінің өмірге келуімен бәрі өзгереді, философия алдағы уақытта осы өмірге енген дінге қатал түрде бағынышты болды. Бұл уақыттағы философияның барлық сұрақтары теоцентристік, креационистік және провиденциалистік бағытта шешімдерін тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет