Қалас жамалов философия



бет17/62
Дата03.10.2022
өлшемі417,48 Kb.
#151479
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62
Байланысты:
филос.учебн.

Классикалық кезең. Сократтың оқушысы, ісін жалғастырушы ұлы ойшыл Аристокл (б.д.д.427-347 ж.ж.) өзінің кең жауырынды болғаны үшін Платон (кең жауырынды) деген лақап атқа ие болған. Өз өмірінде 34 еңбек жазған және ол біздің күнімізге толық жеткен. Бұл еңбектердің 23-і сөзсіз Платондікі болса, қалғандары философия тарихшыларының ортасында әр түрлі дау-дамай тудырып отыр. Негізгі еңбектері: «Сократты жоқтау», «Критон», «Мемлекет», «Федон», «Парменид», «Софист», «Заңдар» т.б.
Платон - объективтік идеализмнің мазмұнын толық көрсетіп, ғылымға енгізген бірінші грек философы. Оның мәні: ой, түсінік, сана әлемдерінің заттар әлемімен салыстырғанда алғашқы болатындығының мойындалуында. Ол сезімнен тыс, ең жоғарғы бүтіндігін сақтайтын әлемнің бар екенін және оны тек қана ұғынатын ақылмен түсінуге болатынын дәріптейді. Бұл әлем «физикалық ғаламнан жоғары тұрған өзіндік және өзі үшін ой», ой әлемі мәңгі (демек ешкім жаратпаған) және өзгеріссіз (демек ыдырамайды). Адам қалай нақты затты жасайтын болса, сол сияқты материалдық болмыс шебердің, жаратушы жоғарғы сананың жасампаздық күшімен дүниеге келеді.
Жаратушы болатын шығармашылық ақыл, парасат материалдық, физикалық әлемді үндес жүйе есебінде құрастырады, демек заттарды ретсіздіктен реттілікке алып келеді. Ой – өз мәнінде ең жоғары жетілген таза түр, үндес және жетілген бейне.
Платон ғаламды шар тәріздес деп есептейді. Оның ортасында жер орналасқан, оның жан-жағынан өз жандарымен қозғалысқа келтірілген басқа планеталар мен жұлдыздар айналып жүр. Адамның құдай берген өлмейтін жаны бар және ол өлетін денемен қосылған. Жан адам парасатының негізі, оған қоршаған әлемді тануға мүмкіндік берілген.
Платонның таным теориясы бойынша адамның туа біткен санасы болады, еске түсіру арқылы ол өзіне әлемді ашады. Затты өзінің барлық көріністерімен танудан бұрын, - дейді Платон, - заттардың мағынасын білу, демек ойды ақылмен пайымдау керек.
Даналыққа құштарлықтан басталатын білімге ұмтылу келесі сатылардан тұрады: а) басқа денені тудыру мақсатында, жетілген денеге сүйіспеншілік таныту, сол арқылы өлмейтін мәңгілікк ұмтылысты қанағаттандыру, өйткені дүниеге келу - бұл мәңгілік және өлмеу, өшпеу; в) жанға деген сүйіспеншілік, яғни әділеттілік пен заңдылықты көксеу, ғылым мен өнерге берілгендік; с) білімге «өте көрнекті, тамаша тәтті» ой әлеміне сүйіспеншілік, өйткені ол адамды Бірліктің (Игіліктің) аясына қайтарады.
Платонның түсінігінше, таным – ақылмен жоғары мәнділіктерді пайымдаудың даму барысы және бұл екі сатыдан тұрады. Таным бастапқыда таза жанмен жүзеге асырылады, өйткені ол дене дүниеге келгенше бәрін көреді. Демек, жан адамның денесіне қонғанда, танымның дамуына оның денелік сезім мүшелері де қосылады. Денеге орналасқан жан өз білімін жете түсінбейді, дегенмен оны сақтайды. Адамның жетілуі барысында жан бұрын көрген өзінің білімдерін еске түсіреді, сезімдік тәжірибе тек еске түсіру үшін түрткі болады. Осыдан Платон мүмкіндігі болғанша, сезім мүшелерінен гөрі, тура жанға назар аударуға кеңес береді. Мұны сөздің көмегімен істеуге болады деп есептейді Платон, ал еске түсірудің негізгі тәсілі - диалектика, сұхбат.
Адам - жан мен тәннің бірлігінен тұрады. Тән - жан үшін түрме, қапас, ол өмірдің келеңсіздіктерін, қастандықты туындатады, егер жан тән құмарлығын қанағаттандыру үшін онымен бітісіп кететін болса, ол жанның өліміне әкеледі. «Жанға қамқорлық», тазару - оның өнегелі өзгерісіне әкелетін ақыл танымы деңгейінде мүмкін болады.
Жанды Платон жегілген күймемен салыстырады, бір ат ой, сана әлеміне ұмтылса, ал екіншісі жерге тартады. Парасат осы екі ұмтылысты теңестіреді.
Платон кімде қай бастаманың басымдылығына сүйеніп адам жанын үш категорияга бөледі: парасат; ерік, құмарлық және сұқтану, ындын.
Парасатты жан иелері – «данышпандар», философтар. Олар жандарының табиғатына қарай игілікті мемлекетке талпынады, сондықтан олардың басты атқаратын қызметі - мемлекет басқару. Саясат дегеніміз - тек философтар ғана айналысатын жанды құтқарудың өнері. Олар парасатты жанның иесі - сондықтан әділеттіліктің, игіліктің жоғарғы құндылық болатынын біледі.
Ерік пен құмарлық басым болатын жандар күзетші, жауынгерлер, әскерлер. Өздерінің ерік, күш, жаужүрек қасиеттеріне байланысты бұл адамдардың атқаратын табиғи қызметі мемлекетті қорғау.
Жанның сұқтануы, ындын – материалдық және сезімдік ләззат алуға ұмтылу түрін иеленген адамдар – шаруалар, сатушылар, қол өнершілер. Қоғамның жүйелі дамуын қамтамасыз ету үшін бұлардың мақсатын қадағалап, іс-әрекеттерін шектеп, реттеп отыру керек.
Платон тұрғызған ең жоғарғы мемлекетте адам жан түрлеріне байланысты құрылымға бөлінеді және тек өздеріне ғана тиісті қызметтер атқарады. Философтар мұндай мемлекетте қоғамды басқарып ең жоғарғы сатыда тұрады. Әскерлер, сонымен қатар шаруалар, сатушылар, қолөнершілер өз жандарының табиғатына байланысты даналардың басқаруына мұқтаж болады. Басқаша айтқанда, Платон адамның әлеуметтік қызметін оның мүмкіндіктерімен байланыстырады. Бұл қызметтердің орындалуын әрбір азаматтың, әлеуметтік топтың өзінің табиғи болмысына, тағдырына жазылған заңдылықтарды жүзеге асыруы, әдеттілік айғағы, қоғамның үндестікте дамуы деп қарастырады.
Платон ойынша қоғамның ең жоғарғы түрі монархия (абсолюттік билік), аристократия (қалаулы аз топтың билігі), демократия (халық билігі) да болуы мүмкін, дегенмен ол монархияны басқа билік түрлерінен жоғары бағалайды. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік билік түрлері нақты өмірде зорлық, зомбылыққа, олигархияға, демогогияға жиі өзгереді. Мұндай өзгерістер билік иелерінің халық мүддесінен өз мақсат-мүдделерін жоғары қойғанда пайда болады. Сондықтан, тиімсіз өзгерістердің алдын-алу үшін, азаматтар тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылуы талап етіледі.
Платон философиясы әсіресе оның мемлекет, мораль, құқық туралы түсініктері әлемдік мәдениеттің даму қарқынына үлкен әсерін тигізді. Оның көптеген шәкірттері, ізбасарлары болды. Аристотель оның пікірлерін дамытып, философияның жаңа идеалистік бағыттарын дүниеге әкелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет