«алаш» баспасы


Бірінші (сөз) әдебиетіміз туралы



бет2/26
Дата19.12.2016
өлшемі5,84 Mb.
#4110
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Бірінші (сөз) әдебиетіміз туралы

«Әдебиеттің өзінше дәуірлеуі — техника мәдебиеттің дәуірлеуіне байланбайды» —деген Маркс (К. Маркс, «Введение к критике политической экономии. Изд. «Московский рабочий”, 1922 г.). Осы пікірін бекіту үшін грек тарихының Гомер заманы мен Европа тарихының Шекспир заманын көрсетеді. Шынында да Гомер заманындағы — гректің, Шекспир заманындағы — Европаның техника мәдениетінің балаң болғаны рас. Алайда сол дәуірлерде грек пен Европа мәдениеті құлашты аспанға сермеген. Неге бұлай болғандығын тексеру әдебиет тарихының міндеті. Біздің бұл жерде айтатынымыз: Маркстіњ мынау пікірін қазақ өміріне қабыстырсақ: «Қазақтың техника мәдениеті тіпті төмен болған. Сондықтан да, әдебиеті де жоқтың жанында болған”— деген пікір тууы қате. Шьнында да қазақтың өзінше терең әдебиеті болған һәм бар. Ќазақ өмірінің түрлі өзгерісі, , өрі-қыры, қайғысы-қуанышы, ойы-қиялы әдебиетіне түсіп отырған. Әзір тіпті тексерілмеген дәуірді қоя тұрып, соңғы дәуірді алсақ, кешегі Мұрат, Махамбет, Базар, Шортанбай, Ақан сері сықылды ақындардың елдің мұңын, зарын, ой-қиялын жырлай білген шын жыраулар екені анық. Бұлар қазақ даласына бет алған Европаның, орыстың, қара ж‰з отаршылығының қарасын көріп бірінші уланған ерлер.

Қазақ әдебиетінің алыбы Абай — қазақ даласына кеулеп кіріп келе жатқан капитализмге, отаршылдыққа қазақтың қанды жас төгіп, еріксіз шалған бірініші құрбаны. Ел билеп, елге ақыл айтудан бастап, өмірден үміт үзген, тұңғыш тұңғиық ойға барып тірелген Абайдың алыптығы – қыл көпірдің үстінде тұрғандығы. Абайдың өмірінің, ақындығының трагедиясы да, тереңдігі де осында. Абайдың алыптығы — қыл көпірдің үстінде тұрғандығы. Екі қолмен, екі өмірмен алысқандығы. Сондықтан да қазақ әдебиетінің ескі мағынасын, бұрынғы бағытын тереңдеткендігі, әдебиетке жаңа түр кіргізгендігі — Абай жиын-тойдың ақыны болмағандықтан. Әсіресе, баспасөздің жоқтығынан Абайдың әдебиеттегі бағыты, әсіресе түрі, елге тарай алмады, сол дәуірде қазақ даласында тарай алмады.

Сол дәуірде қазақ даласына капитализм кеулеп кіре берді. Ел езіле берді. Әдебиетте — бағыт та, түр де ќалмады. Әдебиет «ѓизатлу», «матурлы», «писмилла» деп «башлайтын» сөздің басы сықылды балдыр-батпаққа айналды. Бірақ Европа отаршылдығының бір қасиеті — «Құлды көп қуып батыр қылады». Өлімге бұйырылуымен, өмірді сүйгізуімен езілген елдің ұлттық сезімін оятады. Осы заң бойынша, 1905 жылғы төңкерістен соң соққы жеп, сілесі ќатқан қазақ елі есін жия бастады. Жаралы жанның есін жия бастағандағы бірінші үні — ыңырсуы, күрсінуі, күңіреуі болмақ. 1905-жылдан соңғы әдебиетіміз — «Оян, қазақ», «Қырық мысал» сықылды “елім”, “ж±ртым” деген єдебиетіміз. Сол күңірену, сол зәреде күңіренген жаралы жанның көзіне… әлгінде ғана қылышынан қан тамып, майданда ойнап жүргені елестемек.

Ояна бастаған ер — кешегі ел болған күнін есіне түсірмек. Әдебиетіміз де мынау “Оян” деген зармен бірге елдің өткен күнін есіне сала бастап еді. Өткен, тағы болып жүрген дәуірді қайта орнату үшін емес, жасынан елдің жанына үміт салу үшін өткенді жырлай бастап еді. Жырлап үлгірген жоқ еді, жырлай бастап еді.

Әдебиет осы күйде тұрғанда біз үстіміздегі зор төңкеріске кіріп кеттік.





Бұл күнге шейінгі төңкеріс әм әдебиетіміз

Үстіміздегі зор төңкеріс — бізге өз тарихымыз тудырған, өз тарихымыздың қатынасы болған таныс төңкеріс емес, Еуропа тудырған жат төңкеріс еді. Осы себептен біздің әдебиетімізде бастапқы жылдарда төңкеріс туралы қолға аларлық ешнәрсе болмағаны даусыз. Әдебиет өзінің бұрын келе жатқан бетімен жүре берді. Бір жағынан, орыс отаршылдығының зардабынан елге кірген бүліншілік - бұзықтықты сүйретіп, екінші жағынан, елдігін ұмытып, жасып қалған, өткенде өзінше ел болғанын есіне салып, табиғи жолмен келе жатты. Марксшіл зор ғалым Плеханов: '"Шаруа — тұрмыс-салт төңкерісінін бейімделуі болмақ", - дейді (Бельров. '"К вопросу о развитии монистического взгляда на историю").

Төңкеріспен қазақ төңкерісінің сырты ғана соқтыққандай болғанымен, санасы - дағдылы жолымен келе жатты. Сондықтан әдебиетіміз төңкерістің бастапқы дәуірінде өзінің табиғи жолымен өсіп келе жатты. Осы жолда әдебиетіміз бірталай ілгері аттап та қалды. Қияға қарғып шығамын деп мертігіп қалмай, тұрмыстың, тарихтың заңы бойынша табиғи жолмен жүріп, күн санап өсіп, терењдеп келе жатқан кешегі, бүгінгі әдебиетімізді қарғауға емес, алқауға міндеттіміз. "Төңкеріс туралы тез үндей қоймадың"- деп, томпиып өкпелеуге емес, не себепті үндемегенін ұғуға міндеттіміз.

Әдебиетімізге төңкерістің тіпті түспеуініњ, бірен-саран “түсірем” деген топас тәжірибелердіњ теріс жағынан түсуінің тағы бір себебі: төңкерістің өзінің қазақ даласына күнгей бетінен емес, теріскей бетінен, оңынан емес, солынан кіруі — алақандағы нәрсе ғой. Мұны бүркеп қоюға болмас. Маркстіњ: "Санаға сипат беретін - салт" - деген асқар пікірін де аттап кетуге болмас. Төңкерісті оң жағынан түсірем деп ұмтылған әдебиетіміздің тәжірибесі соңғы бірер жылдың ішінде ғана басталды.

Бұл айтылғандардың бәрі - әдебиетіміздің бұл күнге шейін жүріп келген жолы. Тарихтың, тұрмыстың құрыш заңы бойынша өз бағытымен дұрыс жүріп келген жолы. Енді бұдан “былай” деген мәселе тумақ: ақќан судың өзінен айрылмайтын сипаты — ағу. Аққанда, жазық жерде - жайылып, жыбырқанып, тар жерде, тастыњ бауырында — көбіктеніп көпіріп, жарды соғып лепіріп ағу. Яғни, өзініњ ағу заңына да, жолдың, арнаның заңына да бағыну. Тұрмыс та ағып жатқан су сықылды. Қазақ тұрмысы да, салты да жаңа арнамен ағуға бет алды. Зор төңкеріс қазақ даласына енді күнгей бетінен кіргелі жаңа жол іздемек.

Сонау жаңа жолдың жөні қайда? Бұған жауабымыз — мынау.



Ендігі төңкеріс әм әдебиетіміз

Үстіміздегі төњкеріс — адамзаттың тарихында теңі жоқ төңкеріс. Адамзат тарихының ең соңғы албастысы — отаршылдықты, капитализмді жойып, тарихты жаңа арнамен ағызуға бет алған төңкеріс. Еуропаның отары болған жалпы Шығыс елінің еңбекшілері, шығыстың бір ұшқыны болған, әсіресе, толқынның ішінде отырған еңбекші ќазақ елі мынау теңсіз төңкерісті “досым” деп ұқпай, “қасым” деп ұғуы тіпті мүмкін емес.

Отаршылдық — Еуропа пролетариатының жауы болса, отар болған елдердің де жауы. Төңкерістің тамыры Еуропа тарихында терең жатқан болса да, Еуропа тарихы тудырған төңкеріс - затында жат болса да, төңкерістің мақсұты бір — Еуропаны ғана астан-кестен қылу емес, жалпы адамзатты бақытқа жеткізу болғандықтан, жер жүзінің езілген елі, тарыққан табы мынау төңкерісті менікі емес деуі мүмкін емес. Шығыстың отар болған елдері, соның бір ұшығы болған кедей қазақ — отаршылдықты, капитализмді жою жолында төңкерісшіл пролетариаттың шын жолдасы. Басқаша болуға мүмкін емес. Әдебиетіміздің де төңкерісті — біздің төңкерісіміз деуден басқаша жырлауы мүмкін емес.

Бірақ бағыт та, негіз де, мінез де, бірлік те бір деп ұғу қата. Зор төңкеріске пролетариат - зеңбірек, пулемет, машина, қайыс камзолымен кірсе, қазақ - қамшы, сойыл, балпаң етік, малма тұмағымен жолдан қосылып отыр. Еуропаның музика, оркестрі бар. Елу, алпыс музика құралдарынан кұралған оркестр бір ойнағанда, бір ғана күйді ойнамақ. Бұл оркестрдің сұлулығы — барлық музыка құралы бірдей, бәрі бір дауыспен барылдауында, яки шиқылдауында емес, жеке музика құралының өз орнында, өз мінезіне лайық үн шығаруында. Төңкеріс әдебиеті дегенде де осыны ескеру керек. Төңкеріс әдебиетінің тура төңкерістің өзінен туатын, яғни пролетариат төңкерісінің өзінен туатын пролетариаттың өз әдебиеті болмақ. Б±л - төњкеріс әдебиетінің бірінші түрі. Яки, төңкеріске қазақ сықылды жолдан қосылған елдің, яки таптың төңкеріс әдебиеті болмақ (Л. Троцкий. Литература и революция. Стр. 169-170). Бұл —екінші түрі. Мұндай түр пролетариат төңкерісінің өзінен тумай, алыстан, рухынан, еңбегінен тумақ. Біздің әдебиетімізде әзір бірінші түр бола алмақ емес. Екінші түр болуға тиісті әм болмақ. Біздің әдебиетіміз әзіргі дәуірінде: пролетариаттың төңкерісі - біз сықылды езілген елдіњ төңкерісі болды - деген пікірді нысана қылып қоя алса, осы төңкерістің екпінінен қазақќа, біз сықылды құл болған елге өмір үміті кіргенін жырлай білсе, (сонда ѓана) төңкерісшіл әдебиет болғаны.

Марксшіл зор ғалым, ақын Луначарский жазады: "Жаңа ұлт, жања тап бұрынғының бітірген жерінен бастап кетпейді... Жаңа тап, яки жаңа халық бұрын өздерін билегендерге қас болып, олардын мәдениетін жек көретін болып өсіп өркендейді",- дейді (Луначарский. Основа позитивной эстетики.М. 1923, стр.128). Сондықтан осы мінез, осы құлыќ, үстен қарап айтқан осы қияңқылық, осы қандылық қазақ әдебиетінде де болуға мүмкін. Болғанда, өзінше - қазақша, Азияша болуға мүмкін. Тағы бір ойланатын нәрсе - осы.

Дұрыс, зор төңкеріс құр қирату үшін емес, жер үстіне жаңа тұрмыс орнату үшін екені рас. Біздің де көксегеніміз - сонау қиырда көгерген жаңа дүние екені рас. Әдебиетіміздің де құр қиратуды, құр төңкерісті ғана бағыт қылатыны рас. Біраќ пролетариатпен қол ұстасып, жаңа дүниеге бет алған жолымызда өзіміздің шоқтығымыз, қазақ иісіміз шықпауға мүмкін емес. Ойымызда, қиялымызда, әдебиетімізде Азия иісі аңқымауы мүмкін емес. Бағыттың бір екені даусыз болғанымен, пролетариаттың өз тарихының, машинасының қайыс камзолының иісі шықпауға, қазақтың мыңжылдық тарихының, елтірі тұмағының иісі шықпауға мүмкін емес. Адамзаттың артындағы, тарихтың таңындағы ортақшылдық - таңбасында бір ұят, бір сезімді санасы жоқ хайуанның ортақшылығы. Алдымыздағы ортақшылдық — түрлі пікірді, түрлі сезімді санамен тізгіндеп отыратын, тұрмысын солай құра білген шын адамның ортақшылдығы. Пролетариатпен қол ұстасып, осы ортақшылдыққа, адамзат тарихы әм мәдениетінің құйылысқан мањдайына бет алғанымызда: осы жолда қазақ ақыны кедей қазақтын күңгірт тұрмысын, пролетариатпен ортақ мақсұтын жырлаумен бірге, кедей қазақтың өзінің ойын, өзінің сезімін, өзінің қиялын, өзінің ұғымын жырлауға ұмтылуға міндетті. Болмаса, қазақ әдебиеті деген әдебиет тумақ емес. Бағытта емес, рухта басқалық болмай, құр сыртында, мысалы, сөзде ғана басқалық болса, әдебиет шеттен аударылған аударма, тәржіме ғана болып қалмақ. Негізде(гі) бірлікті – мінезде(гі) бірлік деп ұғу — адасқандық.

Әдебиетіміз бен төңкеріс арасы туралы сөз осы. Әдебиет мәселесі мұнымен бітпейді. Енді оның басқа жағын шолалық.
Әдебиет не нәрсе? Әдебиеттің жалпы заңы
Әдебиет – искусствоның бес тарауының біреуі. Искусство да адамзаттың сұлулық сезімінен, сезім арқылы жаратылысты, өмірді ұғуға ұмтылуынан туған.

Сұлулықтың өзі не нәрсе?



Философ Кант былай деп жауап береді. «Т‰рімен ѓана тура — байланған ләззат оятатын нәрсенің бәрі - сұлулық?» - дейді. Осы сөзде т‰гел болмағанымен бір талай шындық бар. Шынында да, мысалы, қазақтың мұрын тесіп, зере салуында құлыќ үшін, тұрмыс үшін қандай тура пайда бар? Әрине, тура, қолма-қол пайда жоқ. Қазаққа мұны істеткен Кант айтып отырған құлқына байланатын “сұлулық” сезімі. “С±лулық сезімі - барлық жануардың, оның ішінде адамның жаратылысына салынған, табиғатына берген”,— дейді Дарвин. Осы пікірлерді Маркс философиясы негізінде қате демейді. Марксшылдықтың б±ған қосатыны, толтыратыны бар. Марксшыл зор ғалым Плеханов жазады: «Адамның табиѓаты — адамның сұлулық ұғымдары болуының мүмкіндігіне жол ашқан. Айналадағы шарттар осы мүмкіндікті іске асырады. Қоғам – адамның, қоғамның, бір халықтың, бір таптың сұлулық ұғымдарының тууы, сипаты анадай болмай, мынадай болуы, осы айналадағы шарттарға байлаулы (Плеханов. Об искусстве. Сборник “Искусство”, М. Изд. “Новая Москва”, 1922 год, стр.44).

Мынау сөзді ұғымдырақ қылып айтқанда былай болар: бір халықтың, бір таптың бір заманда анадай сұлулық ұғымы болмай, мынадай сұлулық ұғымы болуы; сипаты анадай болмай, мынадай болуы — тұрмыс түріне, еңбек түріне байлаулы. Бұл пікірдің дұрыстығында дау жоқ. Қазақтың мұрнын тесіп зере салуы — Европа көзінше сұлулық емес, тағылық деп саналады ғой. Тұрмыс өзгерген сайын зереге де қазақ өзі де тағылық деп қарап келеді ғой. Яки, Европаның күн батқандағы суреттерді аузының суы құрып мақтауы - қазақтардың өз әдебиетінде жоқ қой. Біз жоғарыдағы сұлулық сезімнен һәм сезімі арқылы жаратылысты, өмірді ұғуға ұмтылудан искусство тумақ делік. Бұл мәселе жоғарғыдай сөздермен біраз шешіліп қалды. Искусство тұрмыс түріне, еңбек түріне қарай өзгертіліп отырмақ. Искусствоның тұрмысқа байланысы жалғыз тұрмыс пен жырға өзгеріліп отыруы ғана емес. Искусствоның сезімі -— әр қилы сезімнен туған һәм сезім оятатын сурет арқылы жаратылысты, өмірді ұғуға ұмтылу болғандықтан, искусство өмірге, тұрмысқа пайда тигізуге тиісті. Бірақ искусство тұрмысқа тура, қолма-қол пайда тигізбейді. Тигізе алмайды. Арада талай қол арқылы алыстан тигізбек. Әдемі өлең, сұлу күй, ешкімнің қарнын — тоқ, көйлегін - көк қылмақ емес. Бұлардың пайдасы — қиғаш, алыстан орап барып тиетін пайда. Марксшыл ғалым Ортодокс осы пікірді бір әсерінде толық айтады Л.Ортодокс, О,Уайльд.Иваново-Вознсенск, изд. “Основа”, 1923, стр. 50-53). Қысқасы: искусствоның негізі — сезім, құралы - сезімнен туған сурет. Мақсұты —- білім беру емес, сезім ояту. Бұлай болса искусство қайраткерлерін, ақынды өлшейтін кез мынау болады: сұлу, терең суреттеу арқылы қандай болса ондай болсын, әйтеуір терең сезім оята алса — ол ақын. Оята алмаса — ақын емес. Сондықтан Агамемнон Ахиллесті жырлаѓан Ғұмар өмірді қарғап өтсе де, суретті, терең болып тұңғиық сезім оятатын Байрон — қайткенде де ақын. Тарғынды жырлаған Марабай, Жібек қызды жырлаған Жүсіпбек қожа, қыл көпірді, мақшарды, жұмақ-тамұқты суреттей біліп, тыңдаушыны емінткендей дін қиссасын шығара білген біреу — қайткеңде де ақын. Қырық парызды сынайтын Орынбай «Қырық парызына» келгенде — ақын емес. Уақытында «Айқапта» басылған “Қазағьм өнерлен, мектеп аш, қала бол, егін сал” - деген сықылды ақылды өлеңдер, қайткенде де ақындыққа жанаспайды. Ақындық — бағытта емес, ақындық - ақындықта. «Қалай жұмсалса да талантты — талант дейміз ғой» — дейді Луначарский (Луначарский. «Что такое искусство». М. “Этюд”, Госиздат, 1922, стр.32). Қысқасы, ақынды өлшейтін бірінші өлшеуіш – ақынның ақындығы. Бірақ ақын қандай болса да елдің, бір таптың азаматы болғандықтан, өлімді емес — өмірді, жауыздықты емес — ізгілікті нысана қылған. Жалпы адамзаттың бір мүшесі болғандықтан ақынның оқушыѓа да, қараушыға да, ізгі, дұрыс сезімді — өмір сезімін оятуѓа ±мтылуы - азаматтық борышы. Тағы да айталық, ақындық борыш емес, азаматтық борыш. Осы борышты атқарғандығы үшін ақын - ақындығын өмірге, тұрмысқа жаратуға міндетті. Таза ақындықпен бірге осы борышты да атқарған ақынды ғана ел: “Тап өз ақыным” – демек. Ақындықты ақындықпен өлшеу – бұл ақынға салынатын екінші өлшеуіш. Бұл арада ашып кететін сөз мынау: ақындықтың тұрмысқа жанасуын - тұрмыстың құлы болу деп ұғу қате. Ақындық – жаратылысты, тұрмысты айнытпай, бұлжытпай құр түсріп қана отыратын фотография емес. Фотография — ақындық емес. Тұрмыс пен жаратылыс - ақынға тек тиянақ. Осы тиянаққа таянып, басып, осыны мұрат қылып, көптің көргенін, көптің сезгенін жинап бір топ қылып, сол топқа ақын өзінше түс жорытуға міндетті. Тип – портрет емес, тип – ќашанда болса жасама. Лениннің фотография(ѓа) түсірген портреттерінде ақындық жоқ. Ал, суретшіл ақын салған портретінде ақындық бар. Мұның себебі не? Еуропада әдебиет шыңы — Шекспир дейік. Осы Шекспирдің ақындығы 16-17-ші ғасырдағы, қалса — Англяның, асса — Еуропаның тұрмысын бұлжытпай суреттегендігінен ғана ма? Жоқ. Еуропаның асқан ақыны Гете айтады: «Кәдімгі бір күшікті тұрған күйінше суретке салсаң — жердің жүзіндегі толып жатқан күшіктің санын көбейтіп, бір күшік қосқан болып табыласың. Онымен суретшілі ақын болып табылмайсың»- дейді.

Ақын Гетенің тағы бір жұмбақ сөзі бар:«Әдебиет әсері неғұрлым жабайы, өлшеуден аса берсе, неғұрлым ақылға ұғымсыз болса — соғұрлым сұлу болмақ», — дейді.

Жоғарыдағы пікілерді қорытқанда былай болады: ақындық ауданында аќын – аќын ѓана, тұрмыс ауданында - әрі ақын, әрі азамат. Тұрмыстың мүшесі болған соң, ақын — азамат та болуға міндетті. Ақындық — фотография емес, фотография — ақындық емес. Ақынның міндеті — білім беру емес. Терең сезім, асқар пікір ояту.

Тарихта әдебиеті тұрмысқа тиянақталмаған, жалаңаш пікір билеп кеткен дәуір бар. Сүмірейтіп, тұқыртып тұрмыс билеп кеткен дәуір бар. Бастапқы дәуірлерде де, соңғы дәуірлерде де жиһан әдебиеті бәсеңдеген, төмендеген. Ал тұрмыс пен асқақ пікірді қиюластырып қоса білген дәуірлерде асқарлаған. Дәуірлеген әдебиеттің шын асқарлауы, сөз жоқ, тұрмыс пен қиял-мүлтіксіз қабысатын алдымыздағы ортақшылдық дәуірінде болмақ. Бірақ үстіміздегі төңкеріс дәуірі де адамзат тарихының теңсіз бір дәуірі. Бұл дәуір — тұрмыстың қиляға, шын бақытты өмірге қол созған дәуірі. Қиялдың, жаңа өмірдің жерімізге жақындап, көгімізде қалықтап ұшып жүрген дәуірі. Мұндай дәуірде тереңдеп, екпінді әдебиет тууға тиіс. Бірақ мұндай дәуір әдебиетінің екі бетінде екі нұр болмасқа мүмкін емес. Плехановтың: “Жаңа таптың тудырған искусствосы - реализм мен идеализмнің бір түрлі қоспасы болмақ”- деген сµзініњ мєнісі осы (Петров. За двадцать лет. Спб. 1905, стр. 307).

Бұл сөзде шошитын ешнәрсе жоқ. ¦ққысы келген адамға: бір қолымен қиратып, бір қолымен жаңа дүние құрып жатқан пролетариаттың өзінің өмірі де феодализм мен реализмнің қоспасы екені ашық қой. Тарихтың ең зор, ең бір қасиетті істері осындай қоспа дәуірде істелмек. Терең де, екпінді де әдебиет осындай қоспа дәуірде тумақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет