Алашұлы. –Алматы: «Өлке», 2011. -239 бет.
Жинаққа көрнекті әдебиет теоретигі, Ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР ҰҒА академигі Рымғали Нұрғали жайлы естеліктер мен оған арналған өлеңдер топтастырылды. Ұлағатты ұстаз, білгір ғалымның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Тұстастары мен шәкірттерінің естеліктерінде тұлғалы азаматтың ұрпаққа үлгі боларлық асыл қасиеттері айтылады.
Кітап қалың оқырманға арналады.
АЛАШҰЛЫ
АЛМАТЫ
2011
УДК
ББК
К
Ғылыми жинақты басуға Л.Н.Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің
Ғылыми кеңесі ұсынған
Редакция алқасы: Б.Әбдірайым, С.Қасқабасов, М.Құлкенов,
Қ.Нұрғали, Т.Жұртбай, Е.Тілешов
Құрастырғандар: Қ.Алпысбаев, Ж.Аймұхамбетова
ISBN
Алашұлы. –Алматы: «Өлке», 2011. -239 бет.
Жинаққа көрнекті әдебиет теоретигі, Ғылымға еңбегі сіңген қайраткер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ҚР ҰҒА академигі Рымғали Нұрғали жайлы естеліктер мен оған арналған өлеңдер топтастырылды. Ұлағатты ұстаз, білгір ғалымның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Тұстастары мен шәкірттерінің естеліктерінде тұлғалы азаматтың ұрпаққа үлгі боларлық асыл қасиеттері айтылады.
Кітап қалың оқырманға арналады.
УДК
ББК
ISBN © «Өлке» баспасы, 2011
ҰСТАЗДЫҚ ҰЛАҒАТЫ
(Кіріспе орнына)
Ұлттың ұлағатын, халықтың кісілік келбетін айқындайтын құндылықтарды еркін меңгерген ерен тұлғалар қатарында тұрған даралардың бірі академик Рымғали Нұрғали еді.
«Ең алдымен сөз болған!» дейтін ұғымды ұстансақ – әдебиет атты ұлы болмыстың адамзат ғұмырындағы ардақты орнын, арда тұлғасын бағамдаймыз. Осы бір күрделі жаратылыстың «жан дүниесін», «архитектоникасын» бірегей білімділікпен зерттеп-зерделеу саласы өзгеше бір әлем екенін түсінеміз. Мүмкін бұл – ағартушы, ұстаз, тәлімгер дейтін текті атаулардың алғы мұраттарымен астасып жатқан әлем шығар...
Осы ретте есімі естен кетпес академик Рымғали Нұрғалидың барлық ғұмыры осынау ұлағаттар ұстының қалыптастыруға арналғанын, еңбегі жанып, ұлтының бағына орай сол әлемдегі жарық жұлдыздардың біріне айналғанын атап айтамыз.
Ол өзінің өзегі тың, өрімі әдемі, өрісі биік зерттеулерінде сандық ұғымның сапалы жүйеге айналған інжу-маржандардың тілге тиек ете білді. Әдеби-сыни коньюктуралардан биікте тұрды. Қазақ сөз өнерінде алғашқылардың бірі болып трагедия табиғатын танымдық үлгіде тарамдап бақты. Өнердің эстетикалық нысанасын дөп басып, дәл тануға да алғашқылардың бірі болып құлаш сермеді.
Келісті келбетіне кісілік болмысы әр беріп тұратын Рағаңның білімі мен парасаты «адамда бәрі де сұлу болуы керек» – дейтін ұстанымның эталоны сияқты көрінетін.өзімен дәмдес-тұздас болған замандастары мен соңынан ерген шәкірттерінің шыққан тауының биік болғанын іштей қалайтын арда қасиеті бар еді. Ардақты тұлғамен жақын араласқан азаматтардың бәрі де менің бұл сөзімді құп алатынына кәміл сенімдемін. Осыдан барып алашшыл азаматтың тұлғасы төбе көрсетеді. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» – десек ұлттың болашағы, ұлыстың бірлігі дейтін ұғымдардың ұлағат ұстанымдарының бір парасы көз алдыңа көл- беңдейді. Ол академик Рымғали Нұрғалидың биік тұлғасымен астасады.
Ол, әрқашанда, татымсыз таластар мен тәлейсіз тартыстардан, дәрегейсіз даулар мен сын көтермес сыпсыңдардан биік тұратын тұлға еді. Басына түскен тағдыр сындарына іштей күйзеліп, іштей қамығатын бейнетін басқаның баламасынан іздемейтін жұмбақ жан еді. Жұбаныш толасың – өз ғұмырын арнаған, өзі еркін меңгерген әдебиет әлемінің күретамырын басудан табатын. Кешегі «жау» атанған жарық жұлдыздардың інжу-маржандарын тарих тозаңдарынан аршып, бүгінгі ұрпақтың ұлағат танымына айналуының төте жолдарын іздейтін. Жас кезінен жанына жебеу болған, жаратылысына демеу болған арыстардың, Абайдан арқау тартып Әуезовке ноқта басын ұстатып кеткен кемелдіктеріне сүйенетін, сүйініп жүріп олардың рухтарының құпиясына үңіле беретін, жарықтық.
«Алаш» ұранымен ұштасқан ұстаздық ұлағаты мен тәлімгерлік тәрбиесі өз биігінен аласармаған қалпында сан санаға сайрап жатыр, ол – академик Рымғали Нұрғали ізі деп аталады.
Құныпия АЛПЫСБАЕВ,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
І бөлім
ТҰЛПАР ТЕКТІ ТҰЛҒА ЕДІ…
Белгілі әдебиетші-ғалым, ұлағатты ұстаз, абзал азамат Рымғали Нұрғалиевтің кенеттен дүниеден озуына байланысты аса ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Р.Нұрғалиев – кемел білім мен халқын қалтқысыз сүйген үлкен жүректің иесі еді. Ол бүкіл саналы ғұмырын туған халқын рухани тұрғыдан кемелдендіруге арнады. Оның қаламынан шыққан қомақты монографиялар мен зерттеу мақалалары оқырманды қашан да эстетикалық талғамының тереңдігімен, айтар ойының қанықтығымен, пайымдауларының тосындығымен баурайтын ғалым еліміздің ең басты жоғары оқу орындарында ұстаздық етіп, Қазақ Совет энциклопедиясында бас редактор қызметін атқара жүріп, көптеген лайықты шәкірттер мен рухани ізбасарлар даярлады…
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақ ғылымы мен мәдениеті ауыр қазаға ұшырады. Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, жазушы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғали дүние салды.
Рымғали Нұрғали 1940 жылы 1 маусымда Семей өңіріндегі Абыралы ауданының Қайнар ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң ол еңбек жолын «Лениншіл жас» газетінде бастап, кейін Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді. Одан соң Қазақ мемлекеттік университетінің доценті, профессоры, филология факультетінің деканы болды. 1986-1996 жылдарда Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясына басшылық етті. Өмірінің соңғы күндеріне дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі болып қызмет істеді.
Р.Нұрғали қазақ театры мен драматургиясының тарихы, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов және басқа қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары туралы іргелі монографиялық еңбектер жазды. Ол белсенді ғылыми-педагогикалық қызметін әдеби шығармашылықпен қатар алып жүріп, роман, көркем әңгімелер мен повестер жазды. Әлем және орыс әдебиеті классиктерінің бірқатар еңбектерін қазақ тіліне аударды, өз еңбектері мен көркем шығармалары да біраз елдердің тілдеріне тәржімаланды.
Р.Нұрғали республикадағы энциклопедия ісін дамытуға айрықша үлес қосты. Мемлекет алдындағы еңбегі үшін ол бірқатар мемлекеттік марапаттқа ие болды. «Парасат» орденімен марапатталды, «Қазақстанның ғылым мен техникаға еңбек сіңірген қайраткері» атағын иеленді, ал 1988 жылы әдебиеттану саласындағы трилогиясы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
Көрнекті ғалым, педагог, абзал азамат Рымғали Нұрғалидың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде әрдайым сақталады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҰСТАЗДЫҚТЫ ҰЛТЫНЫҢ ҰЯТЫНА БАЛАЙТЫН
Көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз, қазақ руханиятының айтулы өкілі, қоғам және мәдениет қайраткері Рымғали Нұрғали өмірден өтті.
Саналы ғұмырын ұлт мәдениеті мен әдебиетіне арнаған, ғылым жолында аянбай тер төккен, әдебиеттану саласында елеулі мектеп қалыптастырған ғалым-ұстаздың халқына бергені көп, берері одан да көп еді.
Академик Р.Нұрғали 2000 жылы жаңадан бой көтерген Астанаға қоныс аударып, елорданың еңсесі биіктеуіне, мұндағы әдеби-мәдени өмірдің жандануына қомақты үлес қосты. Сонымен бірге жаңа астанамыздағы ғылыми-рухани ортаның қалыптасуына елеулі еңбек сіңірді. Астана қаласында Елбасы бастамасымен көтерілген рухани-мәдени мәселелердің барлығына белсенді араласып, көп іске басшылық жасай білді.
Рымғали Нұрғалидың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі ұстаздық тәлімі талай жастың таным көкжиегін кеңейтті. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде қазақ әдебиеті кафедрасын басқара жүріп, шәкірттерге оқыған дәрістері жауқазын келешек ұрпақтың қанатын бекітіп, бағытын түзеуіне даңғыл жол салды. Біршама жыл диссертациялық кеңестің төрағасы болды. Университеттің ғылыми кеңесі мәжілістерінде маңызды ойларын ортаға салып жүрді. Ғалым орта және жоғары мектепке арнап оқу құралдарын дайындады. Сондай-ақ республика жоғары оқу орындарына ғылыми кадр дайындау ісіне де айрықша үлес қосып, он төрт ғылым докторы мен қырық екі ғылым кандидатын дайындап шығарды.
Рымғали Нұрғалиұлы қоғам өміріне де белсене араласты. Мәселен, Қазақстан Республикасының Терминология және ономастика комиссияларының мүшесі ретінде тұтас еліміздегі жер-су аттарының және Астана қаласындағы көше аттарының ұлттық бағытта қалыптасуына зор еңбек сіңірді.
«Ғалымның хаты өлмейді» дегендей, академик Рымғали Нұрғалидың жарқын бейнесі ғылыми орта мен ұжымының есінде сақталып, өскелең ұрпақтың санасында жүреді.
Ректор
ПОЭТИКА ЕГО СУДЬБЫ
Ушел из жизни выдающийся ученый-литературовед
Рымгали Нургали
Пришло печальное известие о кончине крупного ученого-литературоведа, академика НАН РК, лауреата Государственной премии, доктора филологических наук, профессора, заведующего кафедрой казахской литературы Евразийского национального университета им. Л.Н.Гумилева Рымгали Нургали. Всего несколько месяцев не дожил он до своего 70-летия, которое мы готовились отмечать летом нынешного года.
В 1963 году Рымгали Нургалиулы Нургали (Нургалиев) окончил отделение журналистики филологического Казахского государственного университета. Первые его книги опубликованы, когда он еще был студентом-третьекурсником и работал корреспондентом газеты «Лениншіл жас» (ныне «Жас Алаш») в Целинном крае. Монография «Природа трагедии», исследующая ранние произведения М.Ауэзова; «Судьба таланта», посвященная жизни и творчеству первого казахского режиссера Жумата Шанина; «Поэтика драмы» - о современной казахской драматургии… Ранние работы, ставшие основой кандидатской диссертации, которую Р.Нургали защитил в 27 лет, способствовали становлению казахского театроведения и театральной критики.
Диплом доктора наук за диссертацию «Проблемы жанров казахской советской драматургии» Рымгали Нургали получил в 1982 году. Он одним из первых обратился к произведениям репрессированных писателей: А.Байтурсынова, М.Дулатова, Ж.Аймауытова, И.Джансугурова, Б.Майлина.
Р.Нургали перевел на казахский язык произведения Льва Толстого, Николая Погодина, Алима Кешокова, рассказы эстонских авторов, написал сценарий документального фильма «Жумат Шанин». Высоко оценены критиками и читателями его художественные произведения.
По инициативе Р.Нургали в Евразийском университете был открыт диссертационный совет по казахской литературе и сравнительному литературоведению, известный казахстанский филолог стал его первым председателем. Рымгали Нургали подготовил десять докторов и более двадцати кандидатов наук.
На протяжении нескольких лет Рымгали Нургали возглавлял работу по созданию единственной в своем роде многотомной «Казахской энциклопедии», что явилось общественным признанием многомерности его знаний, умения упорно и сосредоточенно следовать избранной цели. Список научных трудов, принадлежащих его перу и изданных под его руководством, внушителен.
Это книги «Искусство драмы», «Золотой век казахской литературы», «Эстетика словесного искусства», «Ауэзов и Алаш», «Алашординцы», «Поэтика драмы», собрание сочинений в 8 томах и другие. Они и сегодня являются основополагающими в разных областях филологии, а энциклопедия «Абай», созданная группой ученых под руководством профессора Р.Нургали, получила Государственную премию РК.
Свыше тридцати лет профессор Р.Нургали преподавал в Казахском национальном университете. Неоценимый вклад он внес и в развитие научно-педагогического потенциала кафедры казахской литературы ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, которую возглавлял последние десять лет. Его блестящие лекции слушали во многих университетах стран СНГ, в Америке, Германии, Франции, Англии, Чехии, Словакии, Венгрии, Турции, Иране, Индии, Китае, Корее, Монголии.
Ушел из жизни человек, который на протяжении нескольких десятилетий вершил свой подвиг во имя казахстанской литературы и культуры. Память о нем навсегда сохранится в сердцах его родных и друзей, коллег и учеников.
Коллектив Евразийского национального
университета им.Л.Н.Гумилева
БИІК ПАРАСАТ ИЕСІ
Ұлттық ғылым академиясы мүшелерінің қатарында терең мәнді зерттеулерімен, ашқан жаңалықтарымен, тамаша кітаптарымен халқымыздың рухани қазынасына салған ірі тұлғалар аз емес. Сол шоғырдың ішінен ойып тұрып өз орнын алған адамдардың бірі кеше арамыздан қапияда аттанып кеткен академик Рымғали Нұрғали еді. Ол кісінің алыстан жеткен азалы хабарын естігенде қабырғамыз қайыса қиналдық.
Рекең шын мәнінде бүгінгі заман интеллигенциясының алдыңғы қатарлы өкілдерінің бірі болатын. Ғылымның өзге салаларында жұмыс істейтін әріптестеріміздің өзі Рымғали Нұрғалидың өткен ғасырдың 70-жылдарында шыға бастаған әдебиеттанушылық еңбектерімен қызыға танысқан деп сеніммен айта аламын. Филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғалидың ұстаздық қызметі де қандай жемісті болғанын бәріміз білеміз. Ғалымның үш кітаптан тұратын әдебиеттанушылық еңбектері кезінде еліміздің Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған. Рекеңнің ғылымға шын берілген тазалығы, биік парасат иесі екендігі оны академиялық ортада лайықты беделге бөледі. Ол кісінің қашанда ұлт ұраншысы, Алаш ұлы ретінде сөйлейтінін біз бәріміз қадір тұтанынбыз. Осындай абзал азаматты жетпістің жотасына енді шыққалы тұрған жерінен арамыздан алып кеткен сұм ажалдың әділетсіздігі жанға батады. Қинала тұрып: «Қош, асыл азамат, топырағыңыз торқа болсын, нұрыңыз пейіште шалқысын», дейміз.
Мұрат ЖҰРЫНОВ,
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті
СІЗ ІРІ ЕДІҢІЗ…
Жалған-ай!
Әй, дүние неткен шолақ еді…
Қазақ елі қапияда тағы арыс тұлғалы перзентінен айрылыпты.
«Алашым», «Елім» дегенде кеудесі қарс айрылатын, ұлтының рухы мен намысына екі дүниеде ештеңені теңгермеген, қазақ дейтін халықтың қабағын жерге қаратпау үшін бар саналы өмірін арнаған санаулыларымыздың бірі, жаны жайсаң, мінезі мәрт ағаның жүрегі соғуын тоқтатыпты дегенде арқамызды аяз қарып өткендей болды.
Рымғали Нұрғалиұлы мен үшін жасы үлкен аға ғана емес, лекция оқып, дәріс берген, емтихан алған ұстаз ғана емес, өміртану мектебімнің қалыптасуына ерекше ықпал еткен, жолы, жөні бөлек аға-дос, шынайы ұстаз, тұғыры биік тұлға еді.
Алпысыншы жылдардың орта тұсында Алматы дейтін алаш жұртының ең сұлу, ең әдемі қаласына арман қуып, әдебиет іздеп келген жігіттер мен қыздардың көкірегінде жатталған алғашқы өнер туралы, соның ішінде сөз өнері жайлы әңгімелердің қай-қайсысы да жадымызда… Бүгінде мына фәни дүниеден бақи дүниеге озған сол ардақты ағалардың әрқайсының біз үшін орны бөлек. Олардың қай-қайсысын әлгі көкірегіміздің төрінде қонақтап қалған өмір, өнер, әдебиет хақындағы болмысы таза, адал әңгімелердің бір-бір жаратылысындай елестейді. Жас кездегі алған білімің де, көрген ортаң да, алған тәрбиең де кейінгі үлкен өміріңе серік болары анық. Рымғали Нұрғалиұлы біз үшін сондай өмірлік қазына сыйлаған алып жүректі, алаш бітімді сирек жандардың бірі еді.
Сөйлесе сөзден алдырмас, ой дүниесіне сүңгісе, шашасынан салдырмас, бекзат бітімді, бекем пікірлі, ұстасса қайтпайтын осы бір қайсар жанның қазақ көркем ойы мен көркем сыни пікірінің өрістеп дамуына сіңірген еңбегі орасан еді. Сондықтан бұлар әдебиет өзінің өрісін өлшеусіз кеңейткен кешегі жиырмасыншы ғасырдың айдынды кеңістігінде дүниеге келген әрбір жаңа туындының авторлары, ең әуелі, осы Рекеңнен, Рекең сынды қазақ сынының сол тұстағы азулы өкілдерінен пікір күтетін. Өз кезегінде Рекең де, Рекеңнің парасат-пайымы терең құрбы-құрдастары да әдебиет алдындағы адалдықтарына көлеңке түсірмейтін.
Рекең ғылымда да, ұстаздық өмірінде де сол өмірлік қағидатынан жаңылған жоқ. Тауып айтатын, көнбеді ме, қауып айтатын, тереңнен суырып айтатын, тыңдамаса апшысын қуырып айтатын… әдеби жұртшылық та, ғылыми орта да асыл ағаны сол мінезі үшін сыйлайтын.
Қайран да қайран сыни пікірінің ақ семсері!
Қайран да қайран қазақ көркем ойының қара көрігі!
Қайран да қайран алаш жүректі адалымыз!
Қайран да қайран қазақ рухани көшінің қара нары! Қош болыңыз!
Орныңыз ойсырап қалатын болды...
Өйткені сіз әдебиетті тану, әдебиетті таратып талдау дейтін, өкінішке орай, қызыл кітапқа еніп бара жатқан сыншы дейтін сирек мамандықтың дара бітімді санаулы тұлғаларының бірі, бірегейі едіңіз.
Сіз ірі едіңіз... Бақұл болыңыз, аға.
Нұрлан ОРАЗАЛИН,
Қазақстан Жазушылар
Одағы басқармасының төрағасы
ҒҰЛАМА ҒАЛЫМ ЕДІ...
Қазақ әдебиеттану ғылымы ауыр қазаға ұшырады. Өмірден Рымғали Нұрғали өтті. Біз Рымғали екеуміз қызметтес те болдық, көрші де тұрдық, дос та болдық. Ол - адал, инабатты, досқа көңілі кең, жаны жайсаң азамат еді. Оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне, әдебиеттану ғылымына сіңірген еңбегі орасан зор. Әсіресе, әдебиеттануда драматургия жанрын зерттеп-зерделеп, қазақ драматургиясының деңгейін саралауда көп еңбек сіңірді. Одан басқа, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын терең зерттеп, олар туралы көптеген дерек көзін ашты, халыққа мол мұра қалдырды. Алаш қозғалысының 90 жылдығы қарсаңында белсенділік танытуы - оның Алаш қайраткерлеріне ғана емес, жалпы, алты алашқа деген махаббаты, халқына деген адалдығы деп білемін.
Ғалымның Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне ауысуы жай әншейін Астанаға қарай ыңғайлану ниеті емес, жаңа астанада, жаңа оқу орнында қазақ ғылымының бір саласын өркендету мақсаты еді. Орыстанып кеткен жерлерге қазақ рухының дәнін себудің бір айла-амалы ретінде барған еді. Осы университеттің қазақ әдебиеті кафедрасын басқаруы, сол оқу орнында ғылыми кеңес ашып, жас ғалымдарды тәрбиелеп шығаруы Рымғалидың іскерлік қабілетінің айғағы. Рымғали нағыз ғұлама ғалым, өз ісінің білгірі еді. Ол өзінің азаматтық позициясын, қаламы қарымды қаламгер екендігін ҚазҰУ-де ұстаздық еткен жылдары да, Қазақ энциклопедиясына Бас редактор болған кезінде де танытқан еді...
Рымғалидай азаматымыздан айырылу - орны толмас өкініш. Зор қайғы. Алды жарық, арты жақсы болсын! Рухы пейіштің төрінде шалқысын!..
Тұрсынбек КӘКІШЕВ,
филология ғылымдарының докторы,
профессор, академик
БІРЕГЕЙ ҒАЛЫМ ЕДІ-АУ!
Қазақ әдебиеттану ғылымының тағы бір бәйтерегі құлады. Бәйтерек болғанда қандай еді?! Зәулім еді, орасан кең жапырақ жайған, саясы мол, тамыры тереңге кеткен ғаламат еді. Ғажайып талантты, шетсіз де, шексіз білімді, нағыз еуропалық үлгідегі ғалым еді. Небәрі жиырма бір жасында ұлы ұстазы Бейсенбай Кенжебаевпен бірге «Сабыр Шәріпов» атты кітап жазып, ғылыми жұртшылықты елең еткізген болатын бұл Рымғали. Содан бастап жарты ғасыр бойы туған әдебиетінің сан-салалы проблемаларын зерттеп, ғылымға өлшеусіз үлес қосып, бір еңбектен бір еңбегі арта түсіп, елді таң қалдырумен болып еді. Әсіресе, Рымғалидың қазақ драматургиясы туралы зерттеулері ала-бөтен ерекшеленіп, қарастырған мәселелері мен жасаған талдаулары ғылыми жұмыс қандай болуының эталоны еді. Ол М.Әуезовтың драматургиясы туралы кандидаттық диссертация жазып, өзінің эрудициясының кеңдігін танытып қана қоймай, тілінің өте шешен, шұрайлы екенін, сөйтіп ана тілін керемет меңгергенін көрсеткен болатын. Оппонент болған Әбділдә Тәжібаевтың өзі таңқалып: «Рымғалидың тілі асып-төгіліп жатыр», деп сүйсінгенін білеміз. «Трагедия табиғаты» деп жарыққа шыққан кітабы - әлі күнге дейін ғылыми құндылығымен ғана емес, талдау шеберлігімен оқырмандарды риза етуде.
Рымғали Нұрғалиұлы Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары Алаш зиялыларының мұрасын жариялап, зерттеу, насихаттау ісінде қыруар жұмыс атқарып жүр еді. Сонау 1988 жылы-ақ ол Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын жинастырып, жеке том етіп шығарған еді. Осы томға жазған алғы сөзінде Ахаңның ақындығымен қатар, әдебиет туралы ғылымға қосқан үлесі туралы салиқалы да дәлелді пікірді алғашқы болып айтқан. Ал Рымғалидың «Әуезов және Алаш» атты монографиясы Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытовтар туралы, солардың ізін де, жолын да, қуа шыққан Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы жөнінде, олардың рухани, идеялық сабақтастығы жайында үлкен сүйіспеншілікпен жазылған туынды болды. Кітаптың әр тарауын бір-бір арысымызға арнап, әр қаламгердің әдеби мәтініне үңіле қарап, мәтіндердің текстологиялық нұсқаларын шолып, шығарманың шығу тарихын баяндап, ғалым Алаш ақын-жазушыларының шығармашылық лабораториясын ашқан болатын.
Ата-бабаларымыз бір топырақтан, Қарқаралы – Абыралы өңірінен болса да, біз кеш табысып едік. Рымғали – Арқада, мен – Жетісуда өстік, ал бізді табыстырған қазақ деген халықтың сөз өнері еді. Осы өнерді зерттеуде, бағалауда, насихаттауда Рымғали аз тер төккен жоқ, осы жолда ұлы істің рахатын да, михнатын да көрді.
Қош, асыл құрдасым, бақұл бол! Халқыңа, қоғамға сіңірген еңбегің Сені ұмыттырмайды! Алла алдыңнан жарылқасын!
Сейіт ҚАСҚАБАСОВ,
ҚР ҰҒА академигі, Әдебиет және
өнер институтының директоры
- Имя Рымгали Нургалиева становится известно научной общественности еще в 1961 году, когда 21-летний студент совместно с Б.Кенжебаевым издает книгу «Сабыр Шарипов». Уже тогда молодому исследователю прочили большие перспективы. И он действительно оправдал их. Перу Рымгали принадлежат десятки монографий. За почти полувековую научную деятельность он написал сотни статей, учебники, повести, рассказы, новеллы, которые блестяще характеризовали его как крупного ученого, великолепного мастера художественного слова. Его труды отличаются филигранностью стиля, тонкостью анализа и глубиной научных суждений.
У каждого ученого есть область, в которой он глубоко разбирается Главной темой научных исследований Рымгали стала казахская драматургия, которой он посвятил несколько монографий. Но среди них особо выделяются работы, раскрывающие ее жанровые разновидности: драму, трагедию, комедию в типологическом плане и диахроническом аспекте в контексте мировой драматургии. Особо исследованы эстетика искусства и поэтика драмы.
Можно сказать, второе научное дыхание открылось у признанного литературоведа после обретения Казахстаном независимости. Были написаны интересные работы по творчеству деятелей Алашорды. «Вершины возвращенной литературы» и «Ауэзов и Алаш» достойно увенчали его искания в деле изучения и пропаганды творчества выдающихся классиков.
Он был великолепным педагогом, выделялся, словно дуб в лесу, пустивший глубоко свои корни. Своими широкими ветвями и зелеными листьями дарил людям радость и жизнь.
Казахская литература и отечественное литературоведение потеряли выдающегося деятеля. Его труды, заслуженно снискавшие признание в странах СНГ, будут долго служить родному народу. Они будут напоминать об авторе. Они бессмертны и останутся эталоном художественного анализа произведений литературы на многие годы.
Мне очень жаль, что мы потеряли такого ученого. Пусть будет ему светло. Мы скорбим вместе с семьей и будем помнить его всегда.
Сеит КАСКАБАСОВ,
академик НАН РК, директор
Института литературы и
искусства им. М.О.Ауэзова
ӘДІЛДІКТІҢ АЛДАСПАНЫ
«Рымғали бақилық болды» деген суық сөз жүректі аяздай қарып, қанжардай тіліп өтті. Біреу тосыннан басқа соққандай, буын-буынымнан әл кетіп, өң мен түстің арасындағыдай есеңгіреп отырып қалдым. Құлағым естіген сөзді миым мен жүрегім қабылдар емес.
Апырмау, күні кеше ғана емес пе еді, университетке түскеннен соң танысып, табысып, достықтың қимас сезімі көңілімізде бүр жарғаны. Үшінші курстан кейінгі журналистік алғашқы практикамызды екі облыста өткізгенмен, төртінші курстан кейінгі практикамызды бірге өткізейік деп келісіп, Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетіне бірге барғанбыз. Одан кейінгі жол-сапарымыз да біразға дейін қатар өрілді. Университеттің соңғы курсында оқып жүріп сол кездегі жастардың сүйікті газеті «Лениншіл жаста» қызметті бірге атқардық. Оқуды бітіріп, диплом қолға тиген соң облыстарға тілші болып барып, өмірді біле түсейік деген ниетпен Рымғали сол кездегі Целиноград облысына, мен қанаттас жатқан Қарағанды облысына «Лениншіл жастың» меншікті тілшісі болып қатар аттандық. Одан кейінгі жолымыз екі айрылды. Университеттің аспирантурасына түскен Рымғали аз-ақ жылдың ішінде ғылым кандидаты, ғылым докторы атақтарына ие болып, Жазушылар одағында жыл қорытындылары бойынша жасаған баяндамаларымен, әдеби-сын еңбектерімен қазақ әдебиетінің елеулі тұлғаларының біріне айналды.
Рымғали Нұрғалидың ұлттық құндылықтарымызға - әдебиет тану мен театр тануға үлес қосып жазған, жілік майы толымды, салиқалы еңбектері жоғары бағаланып, Мемлекеттік сыйлыққа ие болғанда ол қуанышын да бірге тойлап, марқайған едік. «Тура биде туған жоқ» дегендей, әдеби шығармаларға пікір айтқанда да ол әрқашан әділі мен шындығын айтып, тіліп түсетін. Оның от ауыз, орақ тілінен талайлар-ақ ығып жүретін. Бірақ ол ешкімді де орынсыз күстәналауға бармайтын.
Кішкентай бала кезінен Семей полигонындағы азап пен тозақ сияқты атом бомбалары жарылыстарының зардабын шегіп, өмір мен тұрмыстың да небір күрделі сынақтарынан сыр бермей өткен асыл азаматтың ыстық та асау жүрегі мәңгілікке тоқтап тынды. Бірақ артында ұлтымызға қызмет ете беретін, өлмейтін шығармалары мен әдеби еңбектері қалды. Ұлдары мен қыздары қалды. Оның ендігі ғұмыры солармен жалғасады.
Қош бол! Жаның жәннатта болып, нұрың пейіште шалқысын, асыл дос!
Болат БОДАУБАЙ,
жазушы
АЛТЫ АЛАШТЫҢ АСЫЛЫ
Біздің заманымыздың аса көрнекті ғылым қайраткері, ардақты ұстазымыз Рекең кенеттен бұл дүниеден баз кешеді деп кім ойлаған. Осыдан оншақты күн бұрын сөйлесіп, қазіргі жастар прозасы жайлы әңгімелесіп едік. Жетпіске толған алдияр жасын атап өту әрі мерей, әрі салмақ болып, байыз таба алмай жүргенін сездірген сонда.
- Сендер жақтың, Жаңаарқаның қымызы бал ғой, тойыма алдырарсың, - деп әзіл-шыны аралас қолқа да салған.
Рекең бізге сонау алпысыншы жылдарда КазГУ-де дәріс оқыды. Отызға толмаған жас ғалымның ғалам әдебиеті туралы өрбіткен әсерлі лекциясына құмарымыз қанбайтын. Сағат Әшімбаев, Нұрлан Оразалин, Алма Қыраубаева, Ризабек Әдуов, Сайлаубек Жұмабеков, Әшірбек Көпішевтер осы ұстаздың әсерімен әдебиет әлеміне біржола енді. Рекеңнің ұлағатымен талапшыл болдық, ақиқатты қадірледік, ұлттық намыстың құдірет күшіне иландық. Көркем сөздің киелі екенін ұқтық.
Тәлім берген ұстазың дана болса, шәкірт болу бір бақыт, алдындағы ағаң мейірімі төгілген абзал болса, іні болу зор бақыт. Рекең әдебиет кеңістігін еркін игерген энциклопедиялық білімі бар аса дарынды ғалым еді. Ұқсап бағуға тырыстық, шәкірті болғанымызды мақтан тұттық.
Талаптыны өрге, зерделіні төрге оздырғанша тағат таппайтын қамқор аға еді. Жақсылығын көп көрдік, жақсылықпен қайтаруды парыз санадық.
Кейінгі жарық көрген іргелі еңбегі – «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» арқылы Алаш арыстарының мол мұрасын қайта зерделеді. Енді Рекең әлемінің өз алтын ғасырын біздерге зерделеуге жазыпты.
Ауыр тиді, алдиярдай ардақтының қазасы. Ахаңнан соң, қазақтың Ақселеуінен соң тыншыды ма бұл жалған десек, сабыр таппапты.
Қош аяулы аға, алты алаштың асылы!
Алдан СМАЙЫЛ,
Парламент Мәжілісінің депутаты
НАҒЫЗ АКАДЕМИК ЕДІ
Рымғали Нұрғалиев қазақ әдебиеті тарихында ерекше орын алатын үлкен ғалым, танымал көсемсөзші, ұлағатты ұстаз. Ол 60-шы жылдағылар деп аталатын ағымнан болатын. Бұл топтың өкілдері тоталитарлық ойлау жүйесінің саналық тініне сызат түсірді, қазақтың көне әдебиетінің адамзат өркениетіне қосқан үлесі туралы толғақты мәселелер көтерді.
Ардақты ағадан аяқ астында айрылып қалдық. Дубайдан жеткен қаралы хабар жанымды жетімсіретіп, басылмайтын өкініш, жұбанбайтын өксікке ұласты. Көзден де, көңілден де кетпейтін көріністер көз жасыма шыланып, буалдыр, сағым дүниеге айналып барады.
…1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне құжаттарымды тапсырып, емтиханға дайындалып жүргенбіз. Консультацияны Р.Нұрғалиев жүргізді. Бетің бар, жүзің бар демей, тура сөйлейтін жас жігіт екен. Ол: «егер мұғалім болғыларың келсе, педагогикалық институтқа бару керек, ал өз тағдырыңды қазақ әдебиетін дамытуға арнағыларың келсе, КазГУ-ге кел. Мен сендерді сондай қыз-жігіттердің қатарынан көргім келеді», - деген.
Керемет студенттік күндер басталды. Абитуриенттік шақтан бастау алған Рекең екеуіміздің ағалы-інілі, ұстазды-шәкірттік жылы қарым-қатынасымыз орнықты. Сол сыйластық бүгінгі күнге дейін үзбей жалғасып келген. Енді ұстазымның нұрлы жүзін, байыпты да салмақты сөзін сағынып өтетін шығармын.
Әр адамның тағдыры әртүрлі, Рекеңнің тағдыры оңай болған жоқ. Қазақтың кілем асты ойындарының құрбаны болып, докторлық диссертациясы бекімеді. Біреулердің ұнжырғасы түсіп, ғылымнан қол үзіп, өзін жоғалтып алар ма еді? Ал Р.Нұрғали күрескер адам. Ол күйінсе ішінен күйінді, бірақ жауларын төбесіне шығарған жоқ. Басқа жұмыс жазды. Докторлық атақ алды. Бедел де, білім де оның іргелі ғалымдық тұлғасын көтере түсті.
Жиі кездесіп, телефон шалысып, тіпті кейде сағаттап сөйлесетін әдет де пайда болды. Кейін көрші тұрдық. Бірге серуен құрып, Есентай өзенінің жағалауында өткен-кеткенді, болашақтың бағыт-бағдарламалары туралы да пікір алысып тұрдық.
Мен академик Рымғали Нұрғалиевті өзімді абитуриенттен докторлыққа дейін жеткізген ұстазым деп білемін, әрі аға ретінде көзі жұмылғанша кеңесіп жүрдім.
Әдебиеттің, мәдениеттің қоғам дамуындағы, қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі туралы жасаған зерттеулерінің бәрінен Р.Нұрғалидың энциклопедиялық білім деңгейі көрініп қана қоймай, оның азаматтық тұлғасы мен болмысы танылады.
Рымғали Нұрғалиев өзінің 70 жылға жетпес ғұмырында 14 ғылым докторын, 42 ғылым кандидатын дайындап, үлкен ұстаз ретінде, абырой мен бедел биігінде дүниеден өтті.
Қош, нағыз академик, бақыл бол, асыл аға, ұмытылмас ұстаз!
Уәлихан ҚАЛИЖАН,
филология ғылымдарының докторы,
Парламент Мәжілісінің депутаты
- Уход Рымгали Нургали – это невосполнимая утрата. Мы с ним знакомы с малых лет, нас связывали годы дружбы и добрых человеческих отношений. И как ученый, и как человек, он был очень справедливым и честным. Одинаково доброжелательно относился ко всем людям, хотя умел осадить зарвавшегося чиновника или выскочку. Главной мерой для Рымгали всегда был талант, и одаренных людей – поэтов, писателей, ученых – он отмечал и ценил.
Он многого достиг в жизни. Но, я думаю, Рымгали был из тех, кого мы зовем трагической личностью. Он чуствовал особое одиночество, свойственное исключительно талантливым натурам. Мне кажется, у него было немного настоящих друзей, но немало единомышленников. Наше поколение шестидесятников вступило в литературу сплоченными рядами, и мы до сих пор остаемся своеобразным единым отрядом, отстаивающим свои убеждения и защищающим свои «рубежи». Потеря друга Рымгали, конечно, ослабила наш отряд.
Я не хотел бы делить его творчество по темам и жанрам. Однако мне, как писателю и драматургу, Рымгали Нургали близок в первую очередь как театральный критик. Его с полным правом можно назвать историком казахского театра. И не будем забывать, что Рымгали Нургали – крупный исследователь истории и творческого наследия Алашординского движения, о котором он заговорил одним из первых в нашей стране.
К счастью, у Рымгали Нургали остались десятки учеников – в КазНУ им.Аль-Фараби, Евразийском национальном университете им. Л.Н.Гумилева, других вузах. Его научные труды и идеи не останутся без благодарных читателей и последователей.
Аким ТАРАЗИ,
писатель, лауреат Государственной
премии, заслуженный деятель РК
МҰРАСЫ БОЛАШАҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ
Рымғали аға қайтыс болды деген хабар төбеден жай түскендей етті. Аяулы, абзал аға өмірден өтті өзекті өртеп. Ақылшы ұстаз, халқының асыл текті перзенті, дархан дарын иесі, қазақ сөз өнері шеберлерінің бірі, таланты ғалым, алашшыл қайраткер Рымғали Нұрғали кетті арамыздан мәңгілік сапарға аттанып. Абыржыған көңіл-күйден ойға да ештеңе оралмайды екен. Істерге шара жоқ. Аяусыз ажал тағы да ардақтымызды алып тынды.
Мен үшін Рымғали ағаның орны бөлек еді. Ғылым жолында да, өмір жолымда да ақылшым болып еді. Туған інісі Айғалидан кем көрмей, ағалық қамқорлығын аямап еді. Туған жері Семей полигонының аумағы екенін айтып сыр бөлісуші еді. Өмірден ерте кеткен ағасы мен екі інісінің, қарындасының жайын баяндап мұңаятын. Бәрі де полигонның кесірі деуші еді. Өзін де сол полигонның зардабынан пайда болған түрлі сырқат мазалап жүргенін айтатын.
Ағаның қырық жылдан аса уақыттан бері университет аудиториясында оқыған лекциясы алдынан дәріс тыңдаған мыңдаған студенттердің жүрегінде ұялап, көңілдерінде тоқылғаны сөзсіз. Шебер стиль, шешен тілмен өрілген дәріс мазмұны тыңдаушысын ұйытып, саналарына әдебиет әлемінің қасиетін сіңдірген, алаш рухын ұялатқан сәттер шәкірт көңілінен өшпек емес.
Ағаның артында қалған мұрасы ешқашан өлмейді. Болашақ ұрпаққа қызмет етіп, бірге жасай береді.
Қош бол, асыл аға, ардақты ұстаз!
Құныпия АЛПЫСБАЕВ,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
- Новость о том, что ушел из жизни Рымгали-ага, ошеломила меня. Любимый, уважаемый старший брат… Мудрый наставник, представитель драгоценной породы степняков, обладатель гениального дара, один из казахских златоустов, талантливый ученый, Рымгали Нургали покинул нас, отправившись в вечное путешествие.
Когда настигает сокрушительная весть, не находится слов, чтобы выразить чувство утраты. Но ничего не поделаешь… Безжалостная смерть забрала одного из наших лучших людей.
Для меня личность Рымгали-ага имела особое значение. Он был моим мудрым советчиком и в науке, и в повседневной жизни. Он любил меня не меньше своего родного братишки Айгали и не жалел для меня душевного тепла. Он делился со мной сокровенным. Рассказывал о том, что родился на земле Семипалатинского ядерного полигона. Часто печалился, рассказывая о рано ушедших из жизни старшем брате, двух младших братьях и сестренке. Рымгали-ага повторял, что потерял их из-за влияния полигона. Говорил о том, что и его из-за того же мучают болезни.
Несомненно, в сердцах сотен студентов, которые в течение сорока лет слушали лекции талантливого преподавателя, осталась глубокая признательность. Ученики никогда не забудут изысканный стиль его лекций, пробуждающих тягу к высокой духовности и открывающих двери в мир литературы.
Наследие, которое оставил Рымгали-ага, будет служить будущим поколениям. Прощай, дорогой ага, любимый наставник! Пусть земля тебе будет пухом.
Куныпия АЛПЫСБАЕВ,
доктор филологических наук,
профессор
- Рымгали Нургали начинал как критик, исследователь истории и теории казахской литературы. У него есть интересные книги о деятелях искусства. Например, о Жумате Шанине, пострадавшем в 1937 году во время репрессий. Так вот, Рымгали Нургали, не боясь, написал о нем еще в 1968 году. Рискнул поднять закрытую тогда тему.
Вообще-то он был человеком многопрофильным. Как литератор, как исследователь, как историк и теоретик литературы снискал большое уважение среди своих коллег. Рымгали Нургалиев – доктор филологических наук, профессор, академик – долгие годы преподавал в КазГУ им. Аль-Фараби, а последние десять лет – в Евразийском национальном университете им. Л.Н.Гумилева в Астане. Он автор многих трудов, по которым учатся сейчас студенты высших учебных заведений. Под его руководством подготовлены доктора и кандидаты наук.
Мы нередко разговаривали, сидели вечерами, что-то доказывали, советовали друг другу. Он был для меня как старший брат, как старший товарищ. Мы с ним часто размышляли о тенденциях развития казахской литературы, театрального искусства, бывало, спорили. Он высказывал смелые взгляды.
Как театроведу, мне очень интересны его книги о проблемах казахской драматургии. Он хорошо знал историю отечественного искусства, знал каждого актера, каждого режиссера, каждый этапный спектакль: когда, кем и где поставлен…
Рымгали Нургалиева, конечно, уникальная личность. Он был очень трудолюбивым, язык у него острый, образный. Он именно убеждал своего читателя, доказывая свою правоту, свою точку зрения. Поражали и его широкий кругозор, огромный запас знаний.
Очень жаль, что дорогой Рымгали ушел из жизни. Это для нас большая потеря…
Аширбек СЫГАЙ,
театральный критик, заслуженный деятель
искусств РК, лауреат Государственной
премии РК, профессор
ТҰЛПАР ТЕКТІ ТҰҒЫРЛЫМ...
Қазақ руханиятының жанары тағы да жасқа толды. Біріккен Араб Әмірлігінен жеткен суыт хабар қара орман жұртты есеңгіретіп кеткендей. Ұлт ұлағаты мен көркем ойының қатепті қара нарындай, әдебиет әлемінің арындай болған Рымғали ағаның алыс елде ем алып, дем алып қайтпақ болған сапары мәңгіліктің сапары болар деп кім ойлаған? Бескүндік сәуле тірілерге осындай тосын сауалдарын тастап кетеді екен ғой...
Асыл сөздің ақ алмасы болып жарқыраған, асыл ойдың ақ бұлағы болып сарқыраған, айқасқам едің! Әдебиет пен ғылымды қос қанат етіп, қазақ рухының көкжиегінде қанат қаққан қыран едің, ұлтыңның ұланы едің, аға!
Абыралының баласынан Алаштың ағасына айналған кезіңіз еді...
Орақ тілді, от ауызды шешендігіңіз, көшбастар көсемдігіңіз, сарабдал сыншы, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаздығыңыздың орнын кім толтырар? Арналы ойдың иесі, көркем сөздің киесіндей болмысыңызбен арқамыздан қағып, маңдайымыздан сыйпаған сәттеріңіз сағынышқа айналар...
Өзіңіз еңбектеріңізге арқау етіп зерделеп зерттеген Алаш ардақтылары Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев бастаған арыстарымыздың заңды жалғасы деп Рымғали Нұрғали деген ұлы қазақты да атар келер ұрпақ.
Қош, жұртымыздың тұлпар текті тұғырлы тұлғасы! Пейіште нұрыңыз шалқысын!
Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ,
Қазақстан Жазушылар одағы
басқарма төрағасының бірінші орынбасары
- Рымгали Нургали, как истинный учитель и крупный ученый, самозабвенно любил родную казахскую литературу. Он один из немногих, кто обладал подлинно энциклопедическими знаниями. Умел дружить и ценить дружбу как человек и как ученый. Именно поэтому вокруг него собирались тюркологи со всего света.
Скорбь наполняет мою душу. Ушел из жизни брат, друг, современник…
Роллан СЕЙСЕНБАЕВ,
писатель, главный редактор журнала«АМАNАТ»,
президент Международного клуба Абая
Қаңтардан ақпанға ауған ғұмырда қалт тоқтадыңыз да, жалт бұрылып, баяғылар бет бұрған бағзы жолға түстіңіз...
Сізді сапардан оралады деп күткен қазақ даласына сонау Дубай жерінен алдымен жүректі қарыған суық хабар... сосын, мәйітіңізді көтеріп, жарыңыз Қадиша мен кіші ұлыңыз Ердос келді...
Өзіңіздің бес балаңызға ғана емес, күллі шәкірттеріңізге жүрек жылуын жеткізе алған қамқор әке болып едіңіз. Әрқайсымызды кенжеңіздей еркелетіп, арқамыздан қағып, кеудемізге мақтанышты сезім орантып, шолжаңдатып, әлі де талай жылдар жүре береді деп алданғанымыз-ай!!!
Сіздей ұстаз, Сіздей әке, Сіздей Тұлға аз болғанда тоқсан жыл ғұмыр кешеді деп неге сендік екен сонша!!!
Биылғы жыл біз сенген сол тоқсан жылдық ғұмырдың жетпісіне келер шағыңыз еді. Сол күнге жетпей үзілген дем, сол күнге жетпей тоқтаған жүрек... Төбемізден қара бұлтты қақ айырып түскен жайдай суық та суыт хабар сол күні барша шәкірттеріңізді, дос-жарандарыңызды жылатты.
Содан бері де күндер зулап өтіп жатыр. Сіз алыс бір сапардан оралардай елеңдеп біз жүрміз...
Сіз келемін деп кеткенсіз...
Жанат АЙМҰХАМБЕТОВА,
филология ғылымдарының кандидаты,
доцент
АРТЫНДА ЖАҚСЫ СӨЗ ҚАЛДЫ...
Суыт хабарды естігенде төбемнен жай түскендей болды. «Мықтымын-ақ» деп жүруші едім, қайда! Көзімнен бырт-бырт жас шыққанын байқамай қалдым...
Рымғали аға бізге үш жыл сабақ берді. Дипломдық жұмысыма жетекшім болды. Кейін де талай жыл қызметтес болдық. Әдебиеттің арғы-бергі тарихынан ол кісі білмейтін құпия сыр жоқ десем, қателеспейтін шығармын. Бірақ көбін ашық айта бермейтін. Мен секілді «аса қу» шәкірттері ғана түртінектеп жүріп, мол қазынасынан аздап дәм тату бақытына ие болатынбыз. Соның өзі біздің көзімізді шырағдандай жағуға жететін еді-ау! Рымғали ағаның артында сарқылмас мұра қалды. Жақсы ісі қалды, жақсы сөзі қалды...
«Большевизмнің рухы 60-шы жылдарға дейін сиырқұйымшақтанып жетті. Содан бері қарай қандай жолмен дамып келе жатқанымызды бір құдай біледі» деп отырушы еді. Тек қана өз саласы - әдебиеттануды ғана емес, заманның тамыр соғысын да дөп басып танып, болашақты білгірлікпен болжайтын. Соңғы кездескенімізде қазақтың сирек кездесетін мақал-мәтелдерін жинап жүргенімді айтып, «жалпы, қазақ мақал-мәтелінің саны 5 мыңдай болады-ау» деп шамалағанымда, Рекең: «Ой, 5 мыңың не?! Кемінде 12 мыңға жетеді» деп өзінің де соңғы кезде бұл іспен айналысып жүргенін айтқан болатын...
Білгір ұстазымның қазасына не айтарымды білмей, есеңгіреп отырған жайым бар. Тек қана қазақтың жақсыларға бағыштап айтатын «Туып еді - ел қуанды, өліп еді - жер қуанды» деген аталы сөзі еске түседі...
Бақұл бол, Рымғали аға! Мен үшін ұлы ұстазым өмірден өтті. Екінші рет жетім қалдым...
Мейірбек ОСПАН,
шәкірті
- Следуя примеру своего первого наставника – писателя-академика М.О.Ауэзова Рымгали Нургали изучил историю драматургии и театра, начиная с древней Греции. Глубокая подготовленность помогла ему обрести свою позицию, мыслить широко и неординарно.
Начало творческого пути Рымгали Нургали совпало с периодом, который в печати нередко называют «оттепелью». Как раз в это время он смело начал вызволять из недр книгохранилищ доселе запрещенные материалы. Во многом благодаря ему стали общенародным достоянием ранее не известные читателям «Лихая година» Мухтара Ауэзова, имя и творчество первого казахского режиссера и драматурга Жумата Шанина…
Мурат СУЛТАНБЕКОВ,
кандидат филологических наук
ТҰЛПАР ТЕКТІ ТҰЛҒА ЕДІ...
Қазақ әдебиеті мен мәдениеті Рымғали Нұрғалидай ардақтысынан айырылғалы бүгін үшінші күн...
Сәл жүре тұрғанда осы жылдың жайдары жазында 70-ке толар еді. Жас та емес, кәрі де емес... Десек те, қазақ әдебиеттану ғылымына бергені мол, берері де аз емес еді-ау...
«Ақынның аты, ғалымның хаты өлмейді». Рымғали Нұрғалидың қаламынан туған таңдаулы шығармалары, ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алған құнды дүниелер. Ол ауқымды шығармашылық қарымымен ғана емес, біртуар азаматтық болмысымен де ерекшеленетін. Аяулы азамат, жазушы, сыншы, зерттеуші, публицист, эстет, суреткер, ғалым, ұстаз, қайраткер, филология ғылымдарының докторы, профессор Рымғали Нұрғалидың жарқын бейнесі ел жүрегінде мәңгі сақталады. Оның озық туындылары халқының рухани қазынасына айналып, болашақ ұрпақпен бірге жасай береді.
Қош бол, асыл аға, ардақты ұстаз!
«Айқындықтар»
БIРI КЕМ ДҮНИЕ-АЙ...
Үлкен ғалым, көрнектi әдебиет сыншысы, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик, жазушы, ұстаз, ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Рымғали Нұрғалиев дүниеден озды. 70 жасқа қараған шағында.
Мұхтар Әуезовтiң шығармашылығын өте терең бiлетiн және оны асқан бiлiмдарлықпен, айрықша бiлiктiлiкпен талдап-тарқатып беретiн әдебиетшi-ғалымдар, жасыратын ештеңесi жоқ, бiзде некен-саяқ. Сол некен-саяқ сиректiң бiрi Рымғали Нұрғалиев едi. Рымғали Нұрғалиев студенттерге Мұхтар Әуезов туралы дәрiс оқығанда, кемеңгер жазушының шығармашылығын әр қырынан талдап берумен қатар, М.Әуезовтiң қалай киiнетiнi, оның мiнезi, жүрiс-тұрысы, тiптi қандай қыз-келiншектермен хат жазысқанына дейiн бүкпесiз әңгiмелейтiн. «Орыстың бүкiл жазушысын бiлiңiз, бiрақ Достаевскийдi бiлмесеңiз, онда сiздiң «орыс әдебиетiн бiлем» деуге хақыңыз жоқ. Дәл сол сияқты, Мұхтар Әуезовтi толық танып, түгел бiлмейiнше, сендердiң де «қазақ әдебиетiн бiлем» деуге хақыларың жоқ» деушi едi марқұм.
Энциклопедиялық бiлiм иесi, эстет, қазақтың сыншыл ойының дамуына аса зор үлес қосқан Рымғали Нұрғалиевтiң мұрасы, әсiресе, оның әдеби зерттеулерi мен әдеби-сыни туындылары ешуақытта ескiрмейдi. Ескiрмейтiн дүние жазу – тек дара таланттар мен iрi суреткерлердiң ғана еншiсiнде.
Қош болыңыз, қадiрлi ұстаз! Бiз Сiздiң 1962-64 жылдары «Лениншiл жас» (қазiргi «Жас Алаш») газетiнде тiлшi болып қызмет еткенiңiздi, қызмет ете жүрiп елiмiздiң жастарын елшiл, еңбекшiл, отаншыл, мемлекетшiл болуға шақырған тағлымды дүниелерiңiздi ешуақытта естен шығармаймыз.
Жаныңыз жәннатта болып, нұрыңыз пейiште шалқысын!
«Жасалаштықтар»
АЛАШТЫҢ АЙ ҚАНАТТЫ АРҒЫМАҒЫ
Мына пәни дүниеден бақи дүниеге тағы бір аймаңдай азамат сапар шекті. Бүгінгі қазақтың рухани көшбасшыларының бірі, кешегі алаш ардақтыларының ақырғы тұяғы жазушы, ғалым Рымғали Нұрғали дүниеден өтті.
«Үйде туып, түзде өлген жігітте арман бар ма екен?» деген бабалар мұратына адалдығын тағы бір танытып, қазақты Алаш зиялыларының алтын мұрасымен қайта табыстырған ғалым туған жерінен жырақта көз жұмыпты.
Ол 1940 жылдың 17 маусымында Семей өңіріндегі Абыралы ауданының Қайнар ауылында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бастап, кейін Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеді. 1968-86 жылдар аралығында ҚазҰУ доцент, профессор, филология факультетінің деканы, 1986-96 ж.ж. Қазақ Совет энциклопедиясының бас редакторы, 1997-2000 ж.ж. ҚазҰУ профессоры, 2000 жылдан күні кешеге дейін Еуразия университетінің кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.
Ол – көрнекті әдебиеттанушы ғалым, 14 ғылым докторын, 42 ғылым кандидатын дайындаған ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Еңбегі сіңген ғылым және техника қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері. Ал, 1988 жылы әдебиеттану саласындағы трилогиясы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
«Сабыр Шәріпов» атты алғашқы еңбегі 1961 жылы жарық көрген. «Трагедия табиғаты», «Талант тағдыры», «Күретамыр», «Қазақ драматургиясы», «Өнердің эстететикалық нысандары», «Айдын», «Телағыс», т.б. ғылыми-зерттеу еңбектердің, «Ай қанатты арғымақ», «Дән», «Жартастағы қарағай», «Оқ» прозалық шығармаларының авторы.
Соңғы жылдары алаш қайраткерлерінің қазақ мәдениеті мен әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесін жан-жақты терең зерттеп, олар жайында тұтас концептуалдық пікір қалыптастырды. «М.Әуезов және Алаш», «Вершины возращенной литературы», «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры», «Сөз өнерінің эстетикасы», «Алашордашылар», «20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті» (ұжымдық монография) атты монографияларымен «Алаштану» пәнінің ғылыми негізін салып кетті.
Қазақстандағы энциклопедия ісін дамытуға айрықша үлес қосып, «Абай» энциклопедиясының бас редакторы (1995), М.Әуезов энциклопедиясының кеңесшісі (1999) болды.
Туған жұртына деген риясыз махабаты үшін Алла алдыңнан жарылқап, дидарын нәсіп қылсын. Жаның жәннатта болып, нұрың пейіште шалқысын! Бақұл бол, асыл жан, ардақты аға, қадірлі ұстаз, Алаш жұртының ай қанатты арғымағы, тамырын тастан тартқан түркі сөз өнерінің сарабдал сардары!
«Үш қиян» газетінің ұжымы
ІІ бөлім
АРДАКҮРЕҢ
М.А.Құл-Мұхаммед,
ҚР Мәдениет министрі
АЛАШҰЛЫ
Әдетте белгілі ғалым, әдебиет қайраткері туралы мақала мерейтой тұсында жазылады. Мұндайда той иесінің бар атақ, даңқтары адақталып, оның қай жылы, қандай еңбегі үшін берілгенін санамалап шыққанша, сөз де сұйылып, ой да сарқылады. Нәтижесінде күмпілдек көңілдің сабасы шала пісіліп, оқырманға таңдайдан шығар уыз қымыздың орнына су татыған шалап бұйырады. Сондықтан бүгінгі сәті түскен әңгіме әлі жетпістің ауылынан алыс болса да, алпыстың жуан ортасына келген алаш қайраткері, академик Рымғали Нұрғали жайлы.
Ол Қазақ энциклопедиясы бас редакторы қызметіне кеңес қоғамына жыл келгендей жаңалық әкелген қайта құрудың көрігі қыза бастаған тұста келді. Бұл жыбырлап жүріп ақтаңдақтар ашылып, сыбырлап жүріп жариялылықты айта бастаған кез еді.
Ұмытпасам, 1987 жылдың күзі болатын. Бас редактор кабинетіне шақырды. Оның алдында жүзін әжім торлап, жанарынан нұр тайса да, еңкіш тартқан бойын тік ұстауға тырысып, шуақ шаша сөйлейтін қартаң әйел отыр екен.
- Мұхтар, апаңды танымаған шығарсың. Дәмеш Әмірхановна – Темірбек Жүргенов деген ағамыздың үйіндегі жеңгеміз, сенің нағашы апаң. Еміс те болса естіген боларсың, Әлімхан Ермеков деген ұлы қазақтың қарындасы, - деп апамызды таныстырып өтті.
Темірбек Жүргенов әлдеқашан ақталған, өмірі де, еңбегі де әжептәуір жазылып, санада жатталыңқыраған есім. Ал Әлімхан Ермековтің Алашордаға қатысы барын білсем де, өмірінен толық хабардар емес едім. Нағашы деген сөздің салмағынан апамыздың кең Арқаға қанат жайған қалың арғыннан шыққанын аңғардым.
- Ал, апа, жаңағы айтқан Мұхтар деген балаңыз осы. Сіздерге жас болсақ та біз де Абай атамызға «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арманды» айтқызған жасқа келіп қалыппыз. Алаштың рухын енді осындай қылшылдаған жастар жалғастырғаны жөн. Оның үстіне бұл жігіт Сізге жиеннің де ел болатынын дәлелдесін, - деп әзіл-қалжың араластыра түйіндеді сөзін бас редактор.
Апамыз бас редакторға алғысын айтып есікке беттеді.
Мен ол кезде энциклопедияның философия, право және социология редакциясының меңгерушісі едім. Жаңа тапқан нағашы апаммен екінші қабаттағы кабинетке көтерілдік. Ол кезде редакция меңгерушісі өзге қызметкерлермен бірге ортақ кабинетте отырушы еді. Соны аңғарып қалған Дәмеш Әмірханқызы әңгімесін қысқа ғана қайырып:
- Мұхтар, айналайын, саған айтар әңгіме де, көрсетер құжат та көп. Мүмкін жұмыстан кейін үйге келерсің. Телефонымды қалдырайын, бүгін реті келмесе қолың босағанда хабарласып, басқа кезде келуіңе де болады, - деп жедел қоштасып, кабинеттен шығып кетті.
Сол сәтте апамыздың осынша асығыстығының сырын түсінбесем де кейін барып аңғардым: сталиндік қуғын-сүргін, алдау-арбау, сөз тасу, тыңшылықтың талайын көрген қарт апамыз екеуара әңгімеде артық құлақтың болуын қаламаған екен.
Мейірбан жүзі әжемнен айнымайтын осы кісіні мен кейін ерекше жақсы көріп кеттім. Әрине, Темірбектей темір наркомның жары, Әлімхандай Алаш ардақтысының қарындасы болған Дәмеш апамыздың пәтеріне мен сол күні кешке-ақ келдім.
Дәмеш апа сталиндік зұлматтың жан түршігерлік азаптарын бастан кешіріп, затын былай қойып, атын естігенде бойыңды аяз қаритын Алжир (Акмолинский лагерь жен изменников Родины) лагерінде Гүлжамал Майлина, Гүлбаһрам Сейфуллина сияқты ғазиз жандармен бірге жазықсыз жапа шеккен, зорлық-зомбылықтың неше атасын көрсе де сағы сынбаған қазақтың қайсар қыздары қатарынан. Апамыз өзі босап шығысымен-ақ басын бәйгеге тігіп, Темірбек Жүргеновтың ақталуына жанын салады. Жарының реабилитациясына қатысты құшақ-құшақ құжат жинай жүріп, оны әкесіндей сыйлап, құрақ ұша қызмет көрсетумен болған.
Дәмеш апаның аянышты әңгімелерін тыңдау өте қиын болатын. Бүгінде сталиндік лагерьдің тозаққа ұқсас тірлігі көзі қарақты оқырмандардың бәріне таныс: талай кітап жазылып, талай фильм түсірілді. Ал алаш қайраткерлерін ақтау туралы әңгіме енді-енді көтеріле бастаған сол жылдарда бұл мүлде жабық тақырып еді. Сондықтан Дәмеш апамыздың естіген жанның төбе шашын тік тұрғызатын сол әңгімелері еске түскенде әлі күнге дейін құлақ тұнып, бой шымырлайды.
Көп ұзамай апамыз мені Әлекеңнің Қарағандыда тұратын ұлы, академик, геология-минералогия ғылымының докторы Мағауия Әлімханұлымен таныстырды. Ол да маған әкесі жайлы тебіреніске толы естеліктерін айтты. Жалпы Ермековтер отбасын ғалымдар әулеті деуге әбден болады. Әлекеңнің туған інісі Мүсілім Ермеков те Қазақстандағы қой тұқымын асылдандыруға үлес қосқан ғалым, белгілі академик болды. Бұл әулеттің кейінгі буыны ішінде де ғылым жолын таңдағандары аз емес.
Дәмеш апамыздың сол әңгімелерінен соң аяқталуына аз-ақ қалған «Орыс энциклопедияларындағы қазақ тарихының проблемалары» атты диссертация тағы да кейінге қалдырылып, мен қазақ ұлтын танудың түп өзегі саналатын алаштану тақырыбына біржолата бой ұрдым. Соның нәтижесінде 1989 жылдың желтоқсанында Шәкәрім, Ахмет, Мағжандар ақталатын әйгілі қаулыға дейін-ақ Ә.Ермеков туралы есімнамалық мақалалар 1989 жылғы «Қарағанды», «Қазақ ССР» қысқаша энциклопедиясының орысша, қазақша томдарында жарық көріп, көлемі екі баспа табақтық «Профессор Ермеков: көзқарас эволюциясы» атты эссе алашшыл жазушы М.Мағауин бас редакторлық жасайтын «Жұлдыз» журналының 1989 жылғы қараша айындағы санында жарияланды.
Ә.Ермеков Алашорда үкіметі басшыларының бірі болып қана қойған жоқ, оларға кешірім жасалған соң бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Қазақ Автономиялық Социалистік Республикасын құру ісіне белсене араласты. Ол 1920 жылдың сәуір айында Ресей құрамындағы болашақ автономиялық республиканың шекарасын айқындау жөнінде В.И.Лениннің төрағалығымен өткен мәжілісте осы күнгі қазақ жерінің Ертістен, Нұрадан жоғары бөлігі мен бүгінгі Қазақстан байлығын еселеп отырған Каспийдің Нарын құмына дейінгі солтүстігі тұтастай Ресей жемсауына кеткелі тұрғанда Компартия хатшылары Крестинский, Сафаров, Астрахань губерниясының губернаторы Брюхановтардың аузына құм құйып, қазақ жерінің тұтастығын қорғап қалған бір еңбегімен-ақ есімі ел тарихына алтын әріппен жазылуға лайық азамат.
Ә.Ермеков өз заманының аса үлкен интеллектуал тұлғасы еді. Оның Ленин алдындағы ерлігін естіген Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов): «Уа, шіркін, орыста да Әлімханды тыңдауға жарайтын бір ұл туған екен», - деген лепес қалыпты.
Ә.Ермеков саясатты тастаған соң ғылыммен айналысып, қазақтан шыққан тұңғыш математика профессоры атанды. Қазақтың болашақтағы ұлы ғалымы Қаныш Сәтпаевты қолынан жетектеп, өзі оқыған Томск технология институтына түсірген де осы Ермеков екендігін Қанекең көзі тірісінде айтып та, жазып та кеткен. Тіршілік болса Ермеков тақырыбына түбі бір айналып соғармын. Әзірге бұл әңгімені осымен тәмәмдап келесі оқиғаға ойыссақ.
Екінші эпизод осы оқиғадан тура бір жыл өткен соң қайталанды. Бұл жолы бас редактордың алдында бәкене бойлы, ақсары өңді, ақсүйек мінезді апам отырды.
- Ал, Мұхтар, тағы бір нағашы апаң келді сені іздеп. Түбі бар жұрағатыңды мен тауып беретін болдым саған. Бұл кісі Жақып Ақбаевтың туған қызы – Арғыния апаң. Әлекеңді жаздың ғой, Жақаң жайлы білетін боларсың. Білмегеніңді осы апаң айтады. Ал, апа, бауырыңызды таптыңыз, ендігі шаруаны өздеріңіз ыңғайларсыздар, - деп бұл жолы да әңгімесін қысқа қайырды.
Арғыния апам «сыры кетсе де сыны кетпеген» дейтін қазақтың асылзада қыздарынан болатын. Жақаңның бес қызы болған: Иммузия, Арғыния, Наймания, Аспазия, Андромеда. Алғашқысы сәби күнінде шетінеп кетсе де өзгелері өмірдің бар қиындықтарына қасқая қарсы тұрып, ғылымның әр саласынан кандидаттық диссертация қорғап, әке даңқын асырды. Арғыния Орта Азия мемлекеттік университетінің химия факультетін үздік бітірген соң химия ғылымдарының кандидаты, доцент атанып, ұзақ жылдар бойы Қыздар педагогика институтында кафедра меңгерсе, Наймания Қазақ педагогика институтының филология факультетін тәмәмдаған соң осы ғылым саласынан диссертация қорғап, доцент атағын алды. Андромеда Москва мемлекеттік университетіне түсіп, кейін биология ғылымының кандидаты атанса, Аспазия әке жолын жалғастырып, қазақ қыздары арасынан тұңғыш заң ғылымынан кандидаттық диссертация қорғап, Жақаң зерттеген отбасы және неке тақырыбында ғылыми еңбектер жариялады. Кейін Шерағаңның естелігінен оқыдым: Алматыда тұруға тиым салынып, Жамбылда жер аударылып жүргенде Арғыния апамыз Шерағаңа химиядан сабақ берген екен.
Мен Санкт-Петербург университетін үздік бітіріп, қазақтан шыққан алғашқы право магистрі болған бүкіл өмірі әуелі патшалық Ресейдің отаршылдық аппараты тарапынан, кейін Кеңес Одағының сталиндік сұрқия саясатынан қуғын-сүргінде өткен алаш ардақтысы Жақып Ақбаев тақырыбына осылай келдім. Кейін ол туралы энциклопедиялық, танымдық мақалалар қазақ және орыс тілдерінде басылған монографияларға жалғасып, ақыр соңында Ақбаевты қазақ жұртына алғаш таныстырған, ғұлама заңгер С.Зимановтың ғылыми кеңесшілігімен қорғалған «Алаш қайраткерлерінің саяси-құқықтық көзқарасы» атты докторлық диссертацияға ұласты. Осылайша академик Рымғали Нұрғали мені кейінгі өмірімнің бар мәні мен мағынасына арналған алаштану тақырыбына алып келді.
Кейін ағамыздан таңдаудың неге маған түскенін сұрағанымда:
- Сен қазақ тарихын зерттеп жүрген азаматсың, ал қазақты тану Алашты танудан басталады. Сонда сен тұрғызған ғылымның іргетасы берік, сен ашқан тұманың бастауы тұнық болады. Екіншіден, біздің алдымыздағы буын сталиндік зұлматтың неше атасын көріп, жігері жасыған буын. Олар көп біледі, бірақ тартынып жазады. Себебі алдыңғы буынның осы тақырыпқа көп арандағанын өз көзімен көрген. Тіпті хрущевтік жылымықпен көзін ашқан біздің буынды күшік кезінде талап, тауын шағып, тауанын жықты. Әрине, біз де жазамыз, бірақ бізге алаш рухын алға апарар ұрпақтар тізбегі, сабақтастығы керек. Қайта құрудың қаншаға созыларын, немен аяқталарын кім біледі. Тіпті өлшеулі ғұмырдың дәм-тұзы қашан таусыларын кім болжаған. Бірақ біздің мақсат сол аз күндік мүмкіндікті пайдаланып, алаштың мәңгі өлмес рухы сақталған сол тақырыпты өзімізден кейінгі ұрпақтың жадына сіңіріп қалу еді, - деп ағынан жарылған еді.
Үшінші эпизод. Бұл оқиға 1990 жылдың көктемінде болды. Тағы сол бас редактордың кабинеті.
Ал, Мұхтар, бүгін бір үлкен іске кіріскелі отырмыз. Энциклопедияның арғы-бергі тарихын зерттеп жүрсің ғой, біздің әлі күнге дейін қолға ала алмай жүрген бір ісіміз – есімнамалық энциклопедия шығару.
Соны Абайдан бастасақ деймін. Орталық Комитет қарсы. «Мәскеудің алдына түсуге болмайды, олар әлі «Пушкинді» шығарған жоқ» дейді. Менің де уәжім осал емес: «Лермонтов», «Шевченко», тіпті белорустар «Янка Купаланы» шығарып қойды, біз кімнен кембіз» деймін. Сонымен әзірге позициямыз теке-тірес. Дегенмен, «Нар тәуекел!» деп кірісіп кетсек, қара шалдың аруағы әйтеуір бір жерден алып шығар. Ұзын сөздің қысқасы, «Абай» энциклопедиясын шығаратын арнайы редакция құрамыз. Сен соған барасың. Пікіріңді сұрамаймын да. Өйткені «Абай» жұрт ойлағандай әдеби энциклопедия емес, қазақ руханиятының энциклопедиясы болуға тиіс. Сен бұған дейін тарих, әдебиет, философия, право редакцияларында істедің, тақырыпты білесің. Бәлкім, қара шалдың аруағы шығар, сені осы тақырыптардан өткізіп, осы күнге сақтаған. Бүгіннен бастап бұл іске кіріс, бұйрыққа қазір қол қоямын, - деді бас редактор. Оның «айттым – бітті, кестім - үзілдімен» қысқа қайырылған бұл сөзінен кейін мен «Абай» энциклопедиясын даярлауға кірісіп кеттім.
Шындығында «Абай» энциклопедиясы ұлт пайғамбарының өмірі ғана емес, оның философиялық, психологиялық, педагогикалық, тарихи, құқықтық т.б. көзқарастары арқау етіліп, өзбектің «Науаи», әзірбайжанның «Низами», түрікменнің «Махтымқұлы», қырғыздың «Манасы», ежелден біздің алдымызды орап кететін Кавказ жұрты халықтарының есімнамалық энциклопедияларының бәрінен бұрын жарық көріп, республика мемлекеттік сыйлығына ие болды. «Абай» энциклопедиясын шығаруға байланысты тағы бір оқиға есімде қалыпты.
Энциклопедияға дайындық басталып, болашақ басылымның сөзтізбесі жасала бастаған кез. Бас редактор Р.Нұрғали, абайтанушы профессор Мекемтас Мырзахметов пен мені ертіп Абай еліне аттанды. Мақсат елді жаңа басылым жайынан құлағдар ету. Бұл сапар менің есімде мәңгі қалып қойды…
Дәл осы сапарда мен Абайдың нұрлы жүзін көріп, сарқытын ішкен, қазақтың ғасыр жасаған қарт ақыны Шәкір Әбенов, ұлы Мұхаңның бар мейір-шапағатына бөлінген адал шәкірті, әйгілі абайтанушы, әуезовтанудың негізін салған профессор Қайым Мұхамедханов, ширек ғасыр ел басқарған, ел басқара жүріп Абай рухын ардақтаған қайраткер Хафиз Матаев, Абай музейінің шырақшысы ғана емес, жанашыр жоқшысы Төкен Ибрагимов, шешендігімен Димекеңнің өзін таң-тамаша қалдырған, қара тілден бал тамызған Батташ Сыдықов, сұлтанмахмұттануды жаңа биікке көтерген профессор Арап Еспембетов, кейін Парламент депутаты болған философ Нәубәт Қалиев сияқты небір жақсы-жайсаңдармен жақын танысып, кейін сыйластығы жарасқан аға-ініге айналдық. Ең бастысы, Жидебай, Бөрілі, Күшікбай, Қасқабұлақ, Таңбалы тас, Қоңыр әулие басындағы әсерлі кездесулер менің жүрегіме мәңгі сөнбес Абай шырағын жақты. Бұрын да тәңірдей табынатын Абай атам қай істі бастасам да қолтығымнан демеп, аруағымен жебейтін піріме айналды. Тағдырдың жазуын қараңызшы: тәуелсіздіктің жуан жіңішкеріп, жіңішке үзілердей болған алғашқы жылдарында қаржы тапшылығынан тоқтап қалған «Абай» энциклопедиясын шығару тағы менің маңдайыма жазылды. Мен мұны тағдырдың жазуы ғана емес, қара шалдың қалауы деп ұқтым. Ендеше қанша қанып ішсең де қазақ атаулының мәңгі сарқылмас кәусары Абайға тапсырып, Алашқа табыстағаны үшін асыл ағаның бұл жақсылығын қалай ұмытамын…
Тілге байланысты тағы бір эпизод.
Әйгілі желтоқсан оқиғасынан соң «тазалау» деген науқанмен жазалау, «тыю» деген тірлікпен қырып-жою басталып, республикада кіші репрессия белең алды. Бірақ Абылай, Кенесары рухын ана сүті, ата тәрбиесімен бойына сіңірген қазақ жастарын біржолата жуасыту қиын еді. Көп ұзамай мұны түсіне бастаған билік өздерінде де кінә барын мойындаған сыңай танытып, тіл, тұрғын үй мәселесіне көңіл бөле бастады. Академик Нұрғалиев мұны бірден қағып әкетті.
Ал, жігіттер, көктен тілегенімізді құдай қолдан берді. Бүгін Орталықта болдым. Тез арада орысша-қазақша разговорник (ол кезде тілашар сөзі әлі қолданысқа енбеген) сөздік шығару керек. Разговорникке Мұхтар, сөздікке Орынбике (сол кезде энциклопедияда редакция меңгерушісі болып қызмет атқарған жас лингвист ғалым Орынбике Тоққожаева) жауапты. Жалпы басшылықты профессор А.О.Мусинов жасайтын болады. Уақыт аз, басшылық айнып қалмай тұрғанда тез іске кірісейік, -деп энциклопедия ұжымын жаңа бастамаға жұмылдырды. Мен сол күні-ақ кітапханаға тарттым. Зерттеп көрсек, негізінен 1980 жылғы Мәскеудегі олимпиадалық ойындар кезінде ғана екі тілді тілашарлар шығарылған екен. Оның өзі көбінесе спорт тақырыбына арналған. Басқа республикаларда да бұл тақырып мүлде «ұмыт» қалған. Бірақ біздер бас аяғы бір айдың ішінде қазақ тарихындағы тұңғыш орысша-қазақша тілашарды даярлап шықтық. Оған «тілашар» деп ат қойып, осы сөзді алғаш ғылыми айналымға енгізген, тұңғыш тілашардың алғашқы рецензенті академик Р.Сыздықова апамыз болды.
Екінші топ профессор С.Исаевтың басшылығымен сонау 1954 жылы жарық көрген Ғ.Мұсабаев пен Ғ.Махмудовтың «Қысқаша орыс-қазақша сөздігін» даярлап, баспаға әзірледі. Тілашар әуелі 100, кейін 150 мың, ал сөздік 100 мың, ал бұдан кейін жарық көрген «Ағылшынша-орысша-қазақша тілашар» 200 мың тиражбен басылып азғана уақыт ішінде тарап кетті. Кейін мемлекеттік мәртебе алған ана тілімізге қазақ қоғамының назарын аударған осы істің басы-қасында сол баяғы ұлтжанды бас редактор жүрді. Өкінішке қарай, тәуелсіздік тұсында жарық көрген барша сөздіктер мен тілашарлардың тиражын қосып есептегенде ұзын саны жарты миллионға жетіп жығылған Р. Нұрғали басшылығымен жарық көрген сол сөздіктер мен тілашарлардың маңына да маңайлаған жоқ. Реті келгенде айта кетейік, кейбір зиялы қауым өкілдерімен салыстырғанда академик Р.Нұрғали бар баласын қазақ сыныбына беріп, қазақ мектебіне жетеледі. Бірақ ешқашан ана тіліне сіңірген еңбегін ел алдына шығып еселеп айтқан емес.
Ол кезде қазақтың «Белинскийі» атанған академик М.Қ.Қаратаев негізін салып, қазақ тарихшыларының жаңа мектебін қалыптастырған ғұлама тарихшы М.Қ.Қозыбаев жаңа биікке көтерген Қазақ энциклопедиясы 130 адам қызмет істейтін іргелі ғылым ордасы еді. Энциклопедияның әрбір томының жарық көруі ғылыми-әдеби өмірдегі зор жаңалық ретінде қабылданатын. Негізінен ұлттық энциклопедиялық басылымдар шығарумен айналысатын бұл мекемеге аударма энциклопедиялар шығаруға да шек қойылмаушы еді. Осы мүмкіндікті шебер пайдаланған бас редактор сол кезеңде Мәскеуде басылған «Краткая энциклопедия домашнего хозяйства» атты біртомдықты ықшамдап, қазақша материалдармен байытып «Шаңырақ» үй-тұрмысы энциклопедиясын басып шығарды. «Шаңырақ» деген әр қазақтың «тіліне жеңіл, жүрегіне жылы тиетін» әдемі атты қойған да қазақ үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген академик ағамыз еді.
«Шаңырақ» аты аударма дегенмен, заты белгілі ғалымдар Х.Арғынбаев, А.Сейдімбек, этнографтар Ж.Бабалық, М.Юсупов т.б. авторлығымен жазылып, ұлттық салт-дәстүр кеңінен насихатталған тың материалдармен толықтырылып, әсем безендірілген төлтума басылым болды. Ел тәуелсіздігінің қарсаңында – 1991 жылы әуелгіде 100 мың тиражбен басылған бұл энциклопедия ата салтын ардақтап, ұлт тұрмысын ұрпақ өміріне серік етуде өзіндік роль атқарды. Әлдеқашан әр үйдің кітап төрінен орын алған бұл энциклопедияға бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы ретінде мен де қал-қадірімше үлес қостым, бірақ қазақ тарихында алғаш рет (өкінішке қарай әзірге соңғысы да осы) 345 мыңнан астам тиражбен жарық көрген бұл энциклопедияның бар жауапкершілігін көтерген нар тұлғаңыз сол баяғы бас редактор екендігін тағы бір атап өтсем артық бола қоймас.
Энциклопедия гректің «энциклос пайдейа» - ғылым-білімге үйретемін деген сөзінен шыққан екен. Шындығында әр томына бірнеше мың мақала енгізіліп, авторлығына бірнеше жүз адам тартылатын бұл басылым кез келген ұлттың үлкені мен кішісін түгелдей ғылым, білімнің қыр-сырына үйрететін басылым болатын. Академик Нұрғали осы мүмкіндікті алғашқы күннен-ақ айқын аңғарып, ұлт жадын қалыптастыру жолында қызмет етті. Сол үшін 1988 жылы Алаш қайраткері ақталудан бір жыл бұрын «Қазақ ССР» қысқаша энциклопедиясының 3-томына энциклопедияны қойып, күнделікті газет-журналдарда аты аталмайтын «Ермеков», «Ақбаев» сияқты мақалалар енгізілді. Бұл барлау ғана емес, басты бәйгеге тігумен бірдей еді. Себебі сол Ермеков қайтыс болғанда қарапайым қазанама бергені үшін мүйізі қарағайдай жазушымыз Ә.Әлімжанов 1972 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметінен қуылып, партиялық жаза алса, ал Ақбаев туралы қалам тартқан сол замандағы жас ғалым, бүгінде атақты академик Ғ.Сапарғалиев қуғын-сүргінге ұшыраған еді. Мұның бәрінен хабардар Р.Нұрғалидың әрекеті оның Алаш ардагерлерінің ұлы рухы алдында неден болса да тайынбайтындығын көрсетті.
Келесі 1989 жылдың соңында Шәкәрім бастаған ұлт ұлылары ақталып, халқымен қайта табысты. Басулы тұрған әдебиет пен өнерге арналған төртінші томды қаңтарып қойып, академик Нұрғали оған Шәкәрім, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов бастаған алаш аяулыларын қосты. Өзі білек сыбанып, авторлар қатарына кірді (кейін оның бұл еңбектері монографиялық зерттеулерге ұласып, жеке жинақтар түрінде басылды). Репрессияның азабын бастан кешіп, Степлагта отырған талантты әдебиетші, ғалым Б.Ысқақовқа «репрессия», «реабилитация» атты мақалалар жазғызып, есімдері әлдеқашан ұмыт бола бастаған талай ұлт зияткерлерінің сауабын алды. Бұл аспаннан Алланың нұры жауып, ұлт жолында шейіт болған ұлылар аруағының әр қазақтың жүрегіне шапағат шырағын жаққан кез еді. Осы істің де басы-қасында аузына Мағжан түкірген кешегі Кенжебаевтың бел баласы Рымғали Нұрғали жүрді.
Академиктің әдебиетшілігін өзге шәкірттері айта жатар. Ал азаматтығы жайында мына бір жайларға арнайы тоқталып өткенім жөн сияқты.
Әуелгі әңгіме оның адалдығы жайында. Иә, жеңгелерім алдындағы адалдығын құрдастары келістірер, ал менің білетінім – ғылым мен ұстазға адалдығы.
Әншейінде жадырай күліп, жарқылдап сөйлейтін академиктің қабағы ғылым тағдыры таласқа түскен кезде қатуланып, қаһарланып кетеді. Алла таһаланың бір есімі саналатын «ғылым» сөзі академик үшін жан алысып, жан беретін ұғым. Ғылымға аярлық, қараулық жасағанды жан досы болса да тарпып тастауға әзір. Сондықтан ғылымға барар жолда кейбір ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүргісі келетін шәкірттері мен достарының академик алдынан жігері жасып шығатындығы және де рас. Оның бұл әрекетін қызғаншақтыққа балайтындар да бар, бірақ академик солардың біріне елпілдеп-жалпылдаған емес. Өйткені ол ғылымға тек адал қол, таза жүрекпен келуді ғана ұстанады. Бұл жолда кіммен болса да майдандасуға әзір.
Екіншісі – ұстазға адалдық. Мен профессор Бейсенбай Кенжебаевтың алдын көрген емеспін. Оның ХХ ғасыр басындағы әдебиет пен Сұлтанмахмұтқа арналған еңбектері бүгінгі оқырманға жаңалық болудан қалғанмен, өз заманында озық ойларға жетелеген оқулықтар еді. Әдебиеттанудың еңбек торысы атанған Б.Кенжебаевтың үлкен жүректі ұстаз болғандығын академик Рымғали Нұрғалиден талай естіп, жазғандарынан талай оқыдым. Ұстазының дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысына дейін салатын Рекеңнің әсерлі әңгімелерінен Б.Кенжебаевтың қандай болғандығын көз алдыма елестете аламын және тіпті өзімді кейде Бейсекеңнің шәкіртіндей сезінетінім де бар. «Ойпырмай, Бейсекең жарықтықты мен, Мұхтар, Мырзатай үшеуміз кезек-кезек емдік қой езуімізден ақ сүт аққанша. Таусылмаушы еді жарықтықтың сақтағаны. Сарқыты Құлбекке дейін жетті ғой», - дейді желпініп Рекең ұстазы туралы әңгіме айтқанда. Нұрғалидың қызды-қыздымен Бейсекеңді Әуезовтың қатарына дейін апарып қоятыны да бар. Бейсекең туралы қалжың ретінде айтылған сөздің өзіне шыр-пыр болып, ұстазын қызғыштай қорғайды. Егер шәкірт біткеннің бәрі Нұрғалидей болса, жер бетінде бақытсыз ұстаз болмас еді, сірә. Бірақ ұстаз ұлылығын тану – кішіліктің белгісі емес, кісіліктің нұсқасы. Міне, біз білетін Нұрғали осындай кісі.
Адалдық туралы айтқан екенмін, екеуара қатынасымызға келгенде де ағынан жарылайын. Ана бір жылдары кейбір сумаңдаған сөз тасығандар араға түсіп, ағалы-інілі екеуміздің арамызға сызат түсті. Шарт сынып, шалқақтап мен кеттім, үндемей үнсіз аға қалды. Кездестік, күбілтелемей көңілімдегі өкпені ашық айттым. Ағамыздың қабағын мұң шалды.
- Тағдыры талайға түскен жан таусылғанда не айтпаушы еді. «Алдыңа келсе – атаңның құнын кеш» демеуші ме еді. Ағаңның ашу үстінде айтылған сөзін кешіре алмасаң, інілігің қайсы, - деп құшағын ашты. Мен ағамның ып-ыстық құшағына күмп бердім. Осыдан кейін «кірбіңі кеткен көңілдің» белгісіндей болып: «Құлағанда – қолтықтан демеген, қиналғанда – қол ұшын берген, сенген, сенімді інім Мұхтарға! Ұрпағыңа нұр жаусын!» деген қолтаңбамен ағаның «Сырлы сөзі» менің кітапханамның төрінен орын алды.
«Сырлы сөз» дегеннен шығады. Рекеңнің творчествосындағы маған ерекше ұнайтын тағы бір жайт – кітаптарының аттары. «Күретамыр», «Айдын», «Телағыс», «Арқау», «Айғақ» деген кілең бір кесек туралған, түзу қашалған, балталасаң бұзылмас атаулар. Көркем шығармалары да «Жартастағы қарағай», «Атшабыс ертең», «Ай қанатты арғымақ» сияқты шығарманың өзін қойып, автордың да болмыс-бітімінен мағлұмат беретін «мінезді» атаулар болып келетінін қайтерсің.
Тақырып турасында академиктің жүрісінен жаңылған тұстары да болды. Ана бір жылдары Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Айдын» мен «Телағысқа» қан-сөлі жоқ атаумен «Қазақ революциясының поэзиясы» деген кітап қосақталды. Мен жаратпадым және онымды ашық айттым:
- Әй, бауырым-ай. Ол қармаққа шаншылған шылаушын емес пе. «Қырағылар» соған алданғанда, қармақта шортан шоршымай ма? Бірақ дұрыс байқаған екенсің. Оның «азан шақырып қойылған» аты «Қайнар» еді, - деген жадырай күліп.
Шындығында ағамыздың бұл әрекеті талай алданып, талай алдырған заманға жасаған өзінше «қулығы» екен. Талқылау кезінде сол баяғы «алашшыл», «ұлтшыл» деген қызылкөздер алдынан шықса, қып-қызыл революциялық тақырыппен талайды жасқауға болатынын артынан аңғардым.
Бүгін Алашұлы дер шағында. Енді ештеңе жазбаса да ұлт әдебиеті тарихына өз есімін өшпестей жазып қойды. Бірақ жазады, иә, Марғұлан айтқандай: «біледі, білген соң жазады». Әуелден графомандыққа қаны қас, ұлт тарихы, оның ой-санасы жөнінде көл-көсір білімі бар академик бөтен тақырыпқа келгенде қаламын іріксе де, әдебиет, драматургияға келгенде алдына жан салған емес. Үнемі қияларға барып, қиындардан тартады. Өйткені оның пәледен қорып, жаладан арашалап алар қос киесі бар: бірі – Абай, екіншісі – Алаш. Сол қос кие тура келген ажалдан да алқалап қалды. Полигонның кіндігі Дегелеңде туып-өскен Нұрғали әулетінің алды-арты ажал тырнағына түгел ілінгенде Рымғалиды іркіп қалған да сол қос кие. Тағдырдың талай сынағына төтеп берген академикке енді алаңдар ештеңе жоқ: ғасыр жасаған Нұрата биігін бағындырғанша тарта бер алға, ер досы, ардақты Алашұлы.
Сұлтан ОРАЗАЛЫ,
Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері, жазушы
Достарыңызбен бөлісу: |