Осы аталған тірек сөздердің мағынасын ашу мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.
Қарама-қарсы сұрақтар:
1.Түр дегеніміз не? (түр-тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық өлшем бірлігі)
2.Түр ұғымының негізін қалаған ғалым(К.Линней)
3.Қазіргі заманғы түсінік бойынша түр дегеніміз
(Бұл сыртқы белгілері мен тіршілік әрекеттерінің үдерістері бойынша ұқсас ,біркелкі жағдайларға мұқтаж, белгілі аумақта топтасып-популяция түрінде мекендейтін және өзге түрлермен будан түзбейтін дарақтардың тобы)
4.Түрге тағы да қалай анықтама беруге болады
(Бұл төрт өлшем бойынша ұқсас дарақтар тобы)
5.Түрдің өлшемдерін атап айтыңдар
(морфологиялық, физиологиялық,генетикалық,экологиялық )
6.Морфологиялық өлшем дегеніміз не
(Бұл тірі ағзалардың сыртқы және ішкі құрылыстарының ұқсастығы)
7.Егіз – түрлер дегеніміз не
(Бұл сыртқы айырмашылықтары айқын білінбейтін жануарлар немесе өсімдіктердің мүлде дербес түрлері)
8.Егіз түрлер қалай айқындалып, ажыратылады?
(Оған биохимиялық талдау мен физиологиялық шамаластығын салыстыруды қолдану арқылы ажыратады)
9.Бүгінгі күні негізгі болып есептелетін түр өлшемі? (генетикалық)
10.Адам түраралық будандастыруда қандай кедергілерді жеңді
( биологиялық кедергіні)
11.Жануарлардың түр аралық будандарының ең басты ерекшелігінеде, мысал келтіріңіз
( ұрпақ бере алмауы)
12.Түрдің таралу аймағына табиғи жағдайлар жиынтығы қамтылатын өлшем (экологиялықі)
13.Түрлердің барлығы өзінің таралу сапасы бойынша неше топқа бөлінеді
(2)
14.Кез келген түр табиғатта қалай өмір сүреді? (оқшауланған дарақтар түрінде)
15.Таралу аймағының белгілі бөлігінде тіршілік ететін ,үнемі еркін шағылысатын бір түр дарақтарының тобы қалай аталады? (Популяция)
16.Түр иеленушілікті сенімді түрде анықтау үшін қандай өлшемді алу керек? (өлшемдер жиынтығының барлығын қолдану қажет)
|