37
сұрақтарды құрастырғанда дұрыс жауаптарға бағдар беруші
тұстарын болдырмау, анкета сұрақтарын бергенде жауап берушінің
өз көзқарасы мен пікірін қоса бермейтіндей етіп жабық типте ұсыну.
Әлеуметтік педагогика бойынша ғылыми зерттеулерде моделдеу
әдістері де жиі қолданылады. Бұл құбылысты зерттеу үшін құрылған
кейбір объектілерді басқа объектіде қайта қарастыру қажет. Жал-
пылама түрде алғанда модель зерттеу пәнінің функциясының,
нақтылы қырларының, элементтерінің жүйесі ретінде айқындалады.
Модельдеудің негізінде зерттеліп отырған объект пен оның моделі
арасындағы сәйкестік жатыр. Әлеуметтік педагогикада модель-
деу ғылымның теориялық деңгейін арттыруда маңызды орынды
иеленеді. Ол абстракциялау мен идеяландыру әдістерімен тығыз
байланыста болады.
Әлеуметтік педагогикада
озат педагогикалық тәжірибелерді зер-
делеу мен қорыту
әдісі үлкен қолданысқа ие. Ғалымдар тарапынан
осындай озық педагогикалық тәжірибелерді практикаға енгізуде оның
критерилеріне аса маңызды мән беріліп жүр. Озық педагогикалық
тәжірибелерді ендірудің талаптарын қанағаттандыратын бірқатар
критерийлерді қарастырып көрейік. Олар мыналар:
– әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың тиімділігін арттыруы;
– жаңалығы мен жаңашылдығы;
– педагогика ғылымының талаптарына сәйкестілігі;
– ғылымның озық идеялары мен қоғамдық дамудың тенденция-
ларына сәйкестілігі;
– әлеуметтік-педагогикалық қызмет аясын арттыруы;
– педагогикалық процесс сапасының артуы;
– әлеуметтік педагог қызметінде жоғары нәтижелерге қол
жеткізуі;
– тәрбиеленушілер тұлғасын жан-жақты дамытуға жағдай ту-
ғызуы.
Әлеуметтік-педагогикалық ғылымдағы мәліметтерді өңдеу үшін
зерттеудің
математикалық әдістері
қолданылады. Оларға ранжир-
леу (жинақталған мәліметтерді нақтылы заңдылықпен орналастыру,
өсу немесе кему ретімен орналастыру, әрбір зерттелген нәтиженің
орнын анықтау), шкалалау (педагогикалық құбылыстың жекеле-
ген қырына баға беруде сандық көрсеткіштерді ендіруге мүмкіндік
беретін әдіс) және т.б. әдістер жатады.
Әлеуметтік педагогиканың екінші тобын т
Достарыңызбен бөлісу: