Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет9/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

3-кесте. 
Әлеуметтiк-зерттеу әдiстерiнiң салыстырмалы кестесi
Эмпирикалық таным
ғылыми таным
1. Эмперикалық зерттеу кәсіби 
қызметкерлердің 
практикалық 
жұмыстарында жүзеге асырылады.
2. Танымдық әрекет жүйелі 
және мақсатты сипатқа ие болады.
3. Таным әдісі 

бақылау, сипат-
тау, эксперимент және т.б.
4. Алынған нәтиже ере-
же, ұсыныс, тұжырым ретінде 
тіркеледі. 
1. Ғылыми зерттеу арнайы 
дайындалған ғалымдар арқылы 
жүргізіледі.
2. Ғылыми қызмет жүйелі және
мақсатты сипатқа ие болады.
3. Танымның арнайы әдістері
абстрактілеу, идеялдау, ресімдеу,
модельдеу т.б.
4. Алынған нәтиже ғылыми 
концепция, заң және заңдылық
жаңалық т.б. ретінде тіркеледі.
Әлеуметтiк-зерттеу әдiстерiнiң арасындағы біршама 
айырмашылықтарға қарамастан, олар бір-бірімен тығыз бай-
ланыста болады: теориялық зерттеу нақты шындықты зерттеу 
процесі барысында пайда болған білімдер мен фактілер негізінде 
құрылады. Эмпирикалық әдістер нақты шындықты зерттеп білуге 
мүмкіндік береді, жаңа фактілер мен құбылыстарды айқындауға, 
соның негізінде қорытынды тұжырымдар мен практикалық 
ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді. Теориялық деңгейде жал-
пы заңдылықтар айқындалады, бұрын анықталған фактілер мен 
құбылыстардың арасындағы өзара байланылыстықты анықтауға, 
заңдарды анықтауға, соның негізінде болашақ құбылыстардың да-
муын болжауға мүмкіндік болады. Әлеуметтік педагогиканың проб-
лемаларымен В. Г. Бочарова, В. И. Загвязинский, Г. Н. Филонов 
және т.б. көптеген ғалымдар айналысып келдi.


31
Әлеуметтік педагогикалық зерттеудің ерекшелігі мен қиын-
шылығы оның зерттеу пәнінің адам баласының қоршаған ортамен 
байланыста дамуының өзара қарым-қатынасының жүйесі болып 
табылатындығында. Бұл процесс – үздiксiз дамушы процесс. Себебі 
бала күн сайын өсіп, өзгеріп отырады. Өйткені ол өмір сүретін 
орта мен ондағы құбылыстар да өзгеріп отырады. Жалпы зерттеудi 
жүргiзудiң өзiн бiрнеше топқа бөлуге болады, яғни бөлiп алып зерт-
теу және кешендi зерттеу жүргізу деп бөлуге болады. Бөлiп алып 
зерттеу проблеманың белгiлi бiр сферасын, объектiнiң бiр блогын, 
құбылыстың бiр сатысын және т.б. зерттеу мақсатында жүргiзiледi. 
Кешендi зерттеу жүргiзу – белгiлi бiр зерттеу объектiсiн тұтас, бiрiздi 
қарастырып, оның барлық компоненттерiн жүйелi қатыстырып оты-
рады.
Әлеуметтік педагогиканың дамуы мен қалыптасуында ғалымдар 
зерттеулері кешенді, сатылы жүргізіліп келді. Ол әлі де өз жалғасын 
табуды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі таңда әлеуметтік педаго-
гика ғылымы Қазақстанда әлі де болса кенже дамып келе жатқан 
ғылымдардың бірі ретінде ғалымдар алдына үлкен міндеттер қояды. 
Оны шартты түрде үшке бөлiп көрсетуге болады.
Бірінші топ
әлеуметтік педагогиканың теориялық проблема-
сымен байланысты. Оған ғылымның зерттеу объектісі мен пәнін 
нақтылау, әлеуметтік педагогиканың дамуы мен қалыптасуын зерт-
тей отырып, ұғымдық – категориялық жүйесін айқындау, сондай-ақ 
біздің қоғамымыздың дамуының нақты шарттарын, әлеуметтік-
педагогикалық зерттеудің өлшемдері мен көрсеткіштерін, ғылымның 
зерттеу әдістерінің ерекшелігін анықтау жатады.
Тоериялық проблема әлеуметтік-психологиялық, философиялық-
әлеуметтік, тарихи-әлеуметтік құрылыммен, әлеуметтік-педаго-
гикалық құбылыстарды диагностикалау мен болжау процестерімен 
байланысты.
Ғылыми зерттеудің 
екінші үлкен бөлігі
әлеуметтік-педагогикалық 
қызметтің теориясын жасаумен байланысты айқындалады. Оған 
зерттеудің мазмұны, әлеуметтік педагогтың қолданған әдісі мен 
құралдары, әлеуметтік педагогиканың әлеуметтік жұмысымен бай-
ланысы, әлеуметтік педагогикалық қызметтің механизмдері мен оны 
жетілдірудің жолдары және т.б. жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет