Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет6/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Әлеуметтік бейімделу
– процесс және индивидтің немесе топтың 
өмірдің жаңа қоғамдық жағдайларында жаңа әлеуметтік ортаға 
белсенді бейімделуінің нәтижесі.
Әлеуметтік құлдырау
– бала бойында әлеуметтік сезімнің, 
қызығушылық пен білік, дағдылардың қалыптаспауы; баланың жас 
ерекшелігіне байланысты әрекетінің әлеуметтік рөлдерге сәйкес 
келмеуі.
Педагогикалық құлдырау
– отбасындағы, мектептегі және бала-
бақшалардағы оқу-тәрбие процесінде орын алған кемшіліктердің 
жағдайы немесе күй-жайы.
Балалықты қорғау
– кәмелет жасына толмаған балалардың құқы-
ғын қорғау ережесін анықтайтын нормативтік құжаттарды жасау 
негізінде балалардың құқығы мен мүддесін қорғауды қамтамасыз 
ететін шаралардың жүйесі; балалар еңбегін құқықтық реттеу; ата-
аналарының қамқорлығынан айырылған балаларды қамқорлыққа 
алу мен асырап алу жүйесін жетілдіру; әлеуметтік көмекке мұқтаж 
балалармен коррекциялық және реабилитациялық жұмыс жүргізу 
үшін мамандандырылған әлеуметтік қызмет пен мекемелер жүйесін 
құру. 
Бала құқығы
– балалар мен жасөспірімдердің өмірінің барлық 
сфераларындағы мүдделерін қорғауға бағытталған ерекше құқықтық 
нормалар мен ережелердің жиынтығы. 
Қамқорлыққа алу
– азаматтардың жеке және мүліктік мүдделерін 
қорғаудың құқықтық формасы. Қамқорлыққа алудың екі түрлі фор-
масы құқықтық тұрғыдан заңды болады, олар – қорғаныш болу мен 
қамқорлыққа алу. Қамқорлыққа алу ата-аналарының қамқорлығынан 
айырылған 14 жасқа толмаған балаларды тәрбиелеу, оқыту, қажетті 
сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында тағайындалады. Олар 


24
соттың шешімі бойынша өзін-өзі психологиялық тұрғыдан бақылауға 
алуға қабілетсіз деп табылған балалар үшін тағайындалады. 
Қорғаншылық жасау
– нақтылы себептермен ата-аналарының 
қамқорлығынан айырылған және денсаулығына байланысты 
өздігінен құқығы мен өз мүддесін қорғауға қабілетсіз 14-тен 18 
жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға тағайындалады. 
Жетімдік
– балаларына қамқорлық жасауға қабілетсіз деп 
табылған және ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналардың 
балаларының қоғамдағы ата-ана қамқорлығынан айырылған бала-
лар тобына жатуымен айқындалған әлеуметтік құбылыс. Сонымен 
қатар, мұндай топқа ата-аналық құқығынан айырылмаған, бірақ өз 
балаларына қамқорлық жасай алмайтын отбасыларының балалары 
да жатады. Мұндай жетімдікті әлеуметтік жетімдік деп атайды.
Балаларға деген қатігездік қатынас
– саналы түрде балаға 
дене жағынан, психологиялық және эмоционалдық тұрғыдан зиян 
келтіру, сонымен бірге ата-ана, тәрбиешілер мен өзге де адамдар 
тарапынан баланың физиологиялық және психологиялық дамуына 
кедергі жасау.
Әлеуметтік жұмыс
адамдардың мәдени, әлеуметтік және 
материалдық өмір сүру деңгейінде жеке дара тұлғаға, отбасына не-
месе адамдар тобына көмек көрсетуді мақсат еткен мемлекеттік 
және мемлекеттік емес ұйымдар тарапынан құрылған кәсіби 
қызметтің арнайы түрі. 
Қайырымдылық
– ықылас, жанашырлық, мейірімділік таныту, 
қандай да бір адамға деген қамқорлық сезімінің туындауы. 
Әлеуметтік қорғау
– азаматтарды әлеуметтік, құқықтық және 
экономикалық тұрғыдан кепілдендіруді заң жүзінде іске асырудың 
механизмдерінің жүйесі. Бұған барлық деңгейдегі басқару ор-
гандары, басқа да институттар, сонымен қатар қоғам дамуының 
нақтылы жағдайларындағы әлеуметтік қолжетімді деңгейге жетуге 
көмектесуді, әлеуметтік қорғаудың нақтылы деңгейлерін қамтамасыз 
ететін әлеуметтік қызмет жүйесі кіреді.
Әлеуметтік қолдау
– өмірлік қажетін қанағаттандыруда елеулі 
мұқтаждық көріп отырған «әлсіз» әлеуметтік топтың, жекелеген 
отбасыларының, балалардың лайықты өмір сүруіне жағдай жа-
сау мен қолдау көрсетуге және өмірлік бағдарын айқындау мен өз 
орнын табуына көмек көрсетуге бағытталған арнайы әлеуметтік 
шаралардың жүйесі.
Әлеуметтік реабилитация
– индивидтің қоғамға немесе мәдени 


25
жүйеге енуіне бағытталған бағдарламалар мен әрекеттерді
іске асыру; қоғамдық ортаға әлеуметтік бейімделмеген баланы 
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қалыптастыруды мақсат ет-
кен медициналық-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық және 
педагогикалық шаралар. Сонымен қатар, әлеуметтік реабилитация 
баладағы тұлғаның негізгі әлеуметтік функцияларын, психикалық, 
дене жағынан және адамгершілік саулығын, әлеуметтік мәртебесін 
қалпына келтіруді көздейді.
Әлеуметтік кеңес беру
– бұл әлеуметтендіру, тұлғалық бол-
мысын қайта қалпына келтіру және олардың әлеуметтік функция-
ларын, бағдарын, қарым-қатынас нормаларының қалыптасқан 
тәжірибелерін оптималдандыру мақсатында адамға психологиялық 
ықпал ету тәсілімен әлеуметтік көмек көрсетудің ерекше формасы.
Отбасылық кеңес беру
– отбасы мен оның мүшелеріне 
психологиялық ықпал жасау. Мұндағы басты мақсат - отба-
сы қызметтерін қайта қалпына келтіру және жетілдіру, отбасы 
мүшелері арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, отбасы мен оның 
мүшелерінің дамуы үшін отбасыішілік қолайлы жағдай туғызу.
Отбасы терапиясы
– отбасылық қарым-қатынасты реттеуге жә-
не отбасы мүшелерінің психологиялық және психикалық саулығын 
қалпына келтіру мақсатында отбасы ықпалдастығының моделін 
өзгертуге бағытталған теориялық және практикалық әрекеттердің 
аумағы. Индивидке бағытталған терапиядан ерекшелігі – отба-
сы терапиясы бүкіл отбасы мүшелерімен бірге жүргізіледі. Соның 
негізінде бүкіл отбасының проблемалары мен ондағы жекелеген 
мүшелерінің проблемалары шешіледі.
Енді осы әлеуметтік педагогиканың негізгі түсініктері мен педа-
гогика ғылымының негізгі түсініктеріне салыстырмалы сипаттама 
беріп, жеке-жеке тоқталып өтейік.
Педагогика ғылымы «жеке адам», «даму», «әрекет», 
«әлеуметтендіру», «қоғам» деген секілді көптеген басқа пәндер 
түсініктерін де қолданады. Оны педагогика ғылымының кірме 
түсініктері деп айтамыз. Ал педагогика ғылымының төл 
ұғымдары «білім беру», «оқыту», «тәрбиелеу» категориялары бо-
лып табылатындығын бiлемiз. Енді осы ұғымдардан әлеуметтік 
педагогиканың негізгі түсініктерін ажыратып көрсетейік.
Түсінікті болу үшін оны 2-шi кестемен көрсетейік.


26


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет