Алеуметтик педагогика indd


-кесте. Педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет Кәсіби



Pdf көрінісі
бет5/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

1-кесте.
Педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет
Кәсіби 
іс- әрекеттің
түрлері
Әрекеттің
мақсаты
Әрекеттің
объектісі
Әрекет жүзеге
асырылатын 
мекеме
Педагогикалық
Іс-әрекет
Әлеуметтік-
мәдени тәжі-
рибенің берілуі
Қалыпты-
бағдарлы
үздіксіз
Білім беру 
мекемелері
Әлеуметтік
педагогикалық
Іс-әрекет
Баланың
әлеуметтенуіне
көмек
Жеке балаға
бағытталуы
Білім беру мекеме-
лері, әлеуметтік-
педагогикалық
мекемелер, әлеу-
меттік қызмет


22
Жоғарыдағы кестеден педагогикалық іс-әрекет пен әлеуметтік-
педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктерімен қатар өзара тығыз 
байланыстың да бар екендігін көруге болады. 
Әлеуметтендіру
– мәдени құндылықтар мен әлеуметтік норма-
ларды үйрену және жетілдіру процесі немесе қоршаған әлеуметтік 
ортаның адамның бүкіл өмірі барысындағы дамуына ықпалы. Со-
нымен қатар, адамның өзі өмір сүретін қоғамына өзін бейімдеуі 
мен бейімделуі. Бүгінгі таңда тәрбие міндеттерін қоғам талабы-
на сай ұйымдастыру әлеуметтендіру міндеттерімен байланыс-
та қарастырылады. Өйткені тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін 
қамтамасыз ету үшін оның қоғам талаптарын қанағаттандыруы 
міндетті. Осы тұста ғалымдар Ж. Б. Қоянбаев пен Р. М. Қоянбаевтар 
өздерінің «Педагогика» оқулығында тәрбие түсінігіне әлеуметтендіру 
тұрғысында сипаттама береді. Онда «Тәрбие дегеніміз – жастар-
ды қоғамда өмір сүруге және еңбек етуге бейімдеу» деп анықтама 
берген. Мұның өзі, ең алдымен, жастарды өмір сүріп отырған 
қоғамына сай түсінігі мен дүниетанымын, әлеуметтік көзқарастарын 
қалыптастыру десе, екіншіден, өмір сүріп отырған коғам талапта-
рына сай еңбек ету дағдыларын қалыптастыруды мақсат етеді. 
Сондықтан әлеуметтендіру процесі де арнайы мақсат көздеп 
ұйымдастырылатын педагогикалық процеспен тығыз байланысты 
құбылыс.
Әлеуметтендіру факторлары
– бұл адамның қоғамдық ортада 
қалыптасуына ықпал етуші шарттар. Әлеуметтену процесі адамның 
өзінің дамуына әсер ететін көптеген құбылыстармен байланысы-
мен жүзеге асырылады. Олар өз кезегінде табиғат, адамдар, отба-
сы дәстүрлері, ұлт, мемлекет, қоғамдық саясат, қарым-қатынастар 
жүйесі және т.б. болуы мүмкін. 
Әлеумет (Социум)
– адамның қалыптасатын ортасы; осы ортаны 
құрайтын ұйымдар, мекемелер, бірлестіктер мен әртүрлі топтардың 
жиынтығы; адамның өз іс-әрекеті барысында сезінетін әсерлері
адамның өз белсенділігін танытатын және көрсететін құралдық, 
мәдени және рухани кеңістігі.
Микроәлеумет
– адамның ең жақын қоршаған ортасы; отбасы, 
мектеп, тұрғылықты мекен жайы бойынша бос уақытындағы қарым-
қатынас жасайтын ортасы, адам мен ортаның күнделікті тіршілік 
әрекетінде өзара ықпал ету шеңбері мен қарым-қатынасы.
Әлеуметтік институт – адамдардың өзара бірлескен қызметін 
ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формасы. Әлеуметтік


23
педагогика курсын оқып үйрену барысында тұлғаны қалыптастыру 
факторлары туралы сөз еткенде әлеуметтендіру институты қызметін 
отбасы, балабақшалар, мектептер, әртүрлі еңбек ұжымдары атқа-
ратындығын түсінуіміз керек. 
Теріс әлеуметтендіру (деәлеуметтендіру)
институттары крими-
ногендік формалды емес жасөспірімдік топтар, қылмыстық топтар, 
алькоголиктік топтар, жұмыссыз жүрген белгісіз топтар, аморальды 
типтегі отбасылары және т.б. болып табылады
Әлеуметтік рөл
– тұлғаның қоғамдық және тұлғааралық қарым-
қатынастардағы объективті қойылған әлеуметтік позициясы, мінез-
құлқының моделі немесе әлеуметтік функциясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет