44
мен оқушылар арасындағы қатынастың демократиялануы мен
адамгершілікке негізделуі кезінде
жазалауды қолдану мәселесі
шиеленісуде. Жазалау дегеніміз – педагогикалық ықпал ету әдісі,
ол жағымсыз әрекеттердің алдын алып, оларды тежеуі қажет, өзінің,
жолдастары мен басқа адамдар алдындағы кінәсін түсінуге шақыруы
тиіс.
Оқушылар арасындағы келіспеушілік жағдайлар жазалауды
қолданудың негізі бола алады. Мұндай жағдайларда кімдікі дұрыс,
кімдікі бұрыс екенін анықтап алу қажет. В. А. Сухомлинский
айтқандай, оқу-тәрбие жүйесін педагогикалық жағынан сауатты
құрастырса, жазалауды қолданудың қажеттілігі болмайды.
Жазалау
тәрбиеленушілердің теріс қылықтарының алдын алу
мен қайта тәрбиелеуге бағытталған жеке тұлғаның немесе ұжымның
нақтылы бір талаптарын қоюдың формасы ретінде қолданылады.
Жазалаудың тәрбиелік мәні баланың өз теріс қылықтары мен
кемшіліктерін
мойындап, теріс әдеттері мен дағдалырын түзетуге
талпыныс жасауға ықпал етуінде. Осы тұста ұлы педагог А. С. Ма-
каренко жазалаудың мәні адамның ұжым тарапынан ескерту неме-
се теріс баға алуы оның дұрыс емес әрекет жасағанын мойындатып,
сол үшін уайымдау сезімін туғызатындығында деп айтқан болатын.
Әйтсе де, педагог В. А. Сухомлинский жазалаудың орнына көзін
жеткізу мен жаттығу әдістері арқылы тәртіпті орнатуды ұсынады.
Сөйтіп, жазалау әдісін қолдануға қарсы пікір айтады.
Іс-әрекетті ынталандыру әдістеріне «жарылыс» тәсілдері де жа-
тады.
«Жарылыс»
әдісі. А. М. Макаренко ең алғаш бұл әдістің мәні
мен қолданылу мақсатын аша отырып, осылайша ат қойған. Бұл
әдісті қолданудың ерекшелігі мұғалім не педагог бала бойында ұзақ
мерзімге созылатын және біртіндеп жинақталатын оң қасиеттердің
қалыптасуын күтпей бірден өзгеріс орнатуға бетбұрыс жасайды.
Мұндай шара тек қана жаза қолданудың бір түрі ғана емес, кейде
ол оң мазмұнда да болады. Оның ерекшелігі бала үшін күтпеген
құбылыс болуында және жоғары эмоциялық заряд беруінде. «Жа-
рылыс» әдісін қолданғанда бала өзінің қалыпты күйін жоғалтады,
қалыпты жауабынан жаңылады,
осы арқылы оны жаңаша талап
қойылған жолды қабылдауға бағыттайды. Әйтсе де, бұл әдіс кейбір
нақтылы жағдайда ғана қолданылады және нақтылы жағдайда ғана
тиімді нәтиже береді. Бұл әдісті көбіне бала өзінің әрекеті мен ішкі
мотивтеріне сенімсіздікпен қарап, әрекетінде белгісіздік танытып,
45
дұрыс жолын таңдай алмай немесе батылы жетпей жатқанда
қолдану тиімді. Екінші жағынан, бұл әдіс баланы толығымен қайта
тәрбиелеу міндеттерін шешпейді. Тек алдағы уақыттағы атқарылуы
тиіс істерге апаратын жолды ашып береді немесе бағдар береді де-
ген сөз. Балаға өз бетінше жаңа бағыттағы әрекетін бастауға сенім
туғызуға, көзін ашуға мүмкіндік береді деуге де болады. Сондықтан
бұл әдісті қолданғанда сақтықпен, оң нәтиже беретіндігіне көзімізді
жеткізіп, одан зиян шекпейтін жағдайда қолданған дұрыс.
Жазалау әдісін дұрыс таңдау тәрбиеде маңызды. Жазалау
әдістерін дұрыс таңдай алмасақ, тәрбиеде теріс нәтижеге жетуіміз
мүмкін. Сондықтан жазалау әдісін қолдануда мынадай шарттарды
ескерген маңызды:
– жазалау бала қателігін мойындаған кезде ғана нәтиже береді.
Сондықтан баланың іс-әрекетіндегі сәйкессіздікті, қоғам мүддесіне
қайшы әрекет жасағандығын мойындату қажет;
– жаза қоғам мүддесін саналы түрде
бұзған жағдайда қолда-
нылады. Абайсызда болған қателікке ескерту, түсіндіру әдістерін
қолданған тиімді;
– жаза тәрбиелік әдіс ретінде қолданылуы қажет. Сондықтан
жазаны қолданғанда қосымша түсіндіру жұмыстары қоса жүргізілуі
тиіс;
– жазаны қолданғанда баланың жас және дара ерекшеліктерін
ескеру маңызды.
Жалпы алғанда, жазалау әдісін қолдану әлеуметтік педагогтан
жоғары такт пен нақтылы педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Кез келген жазаны қолдану шарасы құбылыстың орын алу
себебі мен салдарына талдау жасаудан бастау алуы тиіс. Ешуақытта
күдіктене отырып жазалауға болмайды.
Қолданылған жазаның
дұрыстығын ұжым мойындағанда ол тиімді болады. Сондықтан
ұжым мүшелерінің көзқарасын ескеру де маңызды.
Қорыта айтқанда, тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ
оларды ұтымды және тиімді қолдана білу педагогтың шеберлігіне
байланысты.
Тәрбиенің түрлері мен әдістерін қолданудың арнайы педа-
гогикалық ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әртүрлі
жағдайларды шешудің тура ережелері жоқ, өйткені әрбір оқушының,
әрбір ұжымның өзіне ғана тән ерекшелігі бар. «Ешқандай
педагогикалық амал-тәсілді, тіптен жалпы қабылданған деп
есептелетін сендіру, түсіндіру, әңгіме-сұхбат,
көпшілік ықпалын
46
толығымен пайдалы деп айтуға болмайды. Ең жақсы деген амал-
тәсіл кей жағдайларда міндетті түрде ең нашар болып шығады»
деп айтқан А. С. Макаренко. Сондықтан мұнда тәрбиешінің не-
месе мұғалімнің педагогикалық тактісі шешуші рөл атқарады.
Педагогикалық такт дегеніміз – баланың көңіл-күйін, жас ерек-
шелігін, психофизиологиялық ерекшелігін ескере отырып қол-
данылатын әдіс-тәсілдерінің жиынтығы.
Әлеуметтік педагогиканың тәрбие әдістерінің үшінші тобы-
на
Достарыңызбен бөлісу: