әрбие әдістері
құрайды.
38
«Әдіс» деген сөз гректің «методос» деген сөзінен шыққан. «Ме-
тод» деген ұғым «белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің
жолдары» деген мағынаны білдіреді.
Педагогикада әдістер жүйесі туралы әртүрлі пікірлер орын алып
келеді. Ертеректе шыққан педагогика оқулығында: «Әдіс дегеніміз
– тәрбиешінің баланың бойына тұрақты моральдық көзқарастар
мен адамгершілік сезімдерді, дағдыларды сіңірудің құралы» деген
анықтама берілді. Мұнда «әдіс» дегенді «тәрбие құралы» деген
мағынаның синонимі ретінде алып отыр.
Ал кейінгі шыққан оқу құралдарында тәрбие әдістерін тәрбиенің
тәсілдерімен, оқушының бойына белгілі бір қасиеттерді сіңірудің
жолдарымен бірлікте алып қарастырады. Ең алдымен, адамның жеке
басының қасиеті мен қабілеті іс-әрекет барысында қарастырылады.
Бұл қарым-қатынасты қалыптастыруға да қатысты айтылып отыр.
Мысалы, оқушының айналамен қарым-қатынасы арқылы өмірге де-
ген көзқарасы қалыптасады. Ал ол қоғамдық іс-әрекетке қатысуы
арқылы туындайды. Сондықтан оқушы білім мен тәрбие алуы үшін
оқу мен қоғамдық іс-әрекетке белсенділікпен араласуы қажет.
Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын
мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдер –
тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шарала-
ры. Тәрбие тәсілі – жалпы әдістің бөлігі, жеке-дара әрекет (әсер ету),
нақты іс. Тәсілдер – бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа жетуі үшін
тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге де болады. Егер
оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол үлкен
соқпақ жолға – әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдері бір-
бірімен тығыз байланысты.
Педагогикалық процесте баланың еңбексүйгіштік сезімі
қалыптасады. Мұның бәрі педагогтардан оқу-тәрбие үрдісін
ұйымдастырып жүргізудің әдістері мен тәсілдерін жақсы меңге-
руін және оны тәжірибеде түрлендіріп қолдана білуін талап етеді.
Тәрбие құралдары дегеніміз – оқушының адамдық қасиеттерін
қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз мате-
риалдар.
Тәрбие құралдары мыналар:
• іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншықтар, электрондық есептегіш машиналар);
• бұқаралық ақпарат құралдары:
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.
39
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері – сендіру,
жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру,
оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері болып бөлінеді.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер,
қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер;
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.
Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің 11-ден астам түрі бар.
Солардың ішінде Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина және В. С. Сласте-
нин жасаған тәрбие әдістерін жіктеуде бірізділік байқалады. Бұл
мектепте қолданылады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа жіктеледі:
• қоғамдық сананы қалыптастыру мақсатында қолданылатын
әдістер;
• баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін қалыптастыру мақсатын-
да қолданылатын әдістер;
• баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін ынталандыру мақсатын-
да қолданылатын әдістер;
• мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасауды, өзін-өзі ба-
қылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Сендіру әдісінің тәрбиедегі орнын, оның педагогикалық
процестегі көпқырлылығы мен әсерлілігін Н. И. Болдырев бастаған
педагогтар зерттеп, тереңдетті. Н. И. Болдырев: «Сендіру – баланың
сана-сезіміне, еркіне, оның бойындағы жағымды мінез-құлқын
қалыптастыруда күшті әсер ететін ең тиімді тәрбие әдісі», – деп
көрсетеді.
Бұл әдістің психологиялық негізі – баланың іске асырғысы келе-
тін іс-әрекетінің оның ой-санасында ерекше орын алуында жатыр.
Сендіру арқылы тәрбиеші мен оның жолдастары тәрбие жұмысын
келісімді түрде жүргізеді.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістеріне мыналар жата-
ды:
• этикалық әңгіме;
• әңгімелесу;
• пікірталас;
• лекциялар;
• өнеге;
• көз жеткізу (ситуация).
Жоғарыда атап көрсетілген бірінші топтағы әдістердің сенім-
40
дерді, көніл-күй эмоциясын қалыптастыруда маңызы зор. Егер
оқушылар педагогикалық әсерге жауап бермесе, жеке тұлғалық
қасиеттерді қалыптастыру жүзеге аспайды. Оқушылардың тәрбие
мазмұнына сай іс-әрекетке белсенді түрде араласу қажеттілігі
болған жағдайда ғана алға қойылған мақсат орындалады. Сонымен,
жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері оқушыларды алған
білімдерін күнделікті тәжірибеде белсенді қолдануға, яғни мінез-
құлық әдеттерін қалыптастыруға дайындайды.
Белгілі бір әдеттерді қолданудың қажеттілігін түсіну тәрбие
процесінде әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жүзеге асырыла-
ды. Қазіргі мектепке ықпал етудің дәстүрлі тәсілдері (талап қою,
насихат, нұсқау) жиі қолданылуда. Мұндай әдістердің нәтижесі
төмен. Сондықтан тәжірибелі педагогтар халық педагогикасының
элементтеріне, амал-тәсілдеріне сүйенуде. Осы бағытта этикалық
тақырыптағы әңгімелер, түсіндірмелер, түсініктемелер, лекция-
лар, этикалық әңгіме-сұхбаттар, ақыл-кеңестер, мысалдар кеңінен
қолданыс табуда.
Осы топтағы әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері
мен қолданылу объектісі бар. Оны ұтымды қолдана білу педагогтан
жоғары біліктілікті, педагогикалық шеберлікті қажет етеді.
Жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу әдісі – барлық тәрбие
үрдісінің бастамасы. Жеке бастың қалыптасып дамуы тек сөз
әсерімен сендіру арқылы іске асырылып қана қоймайды, тәрбие
ісінде жеке адамның үлгі-өнегесі де зор рөл атқарады. К. Д. Ушин-
ский: «Тәрбиенің күші адамның жеке басының өнегесіне негізделген,
сондықтан да жеке басты тек қана үлгі-өнегемен тәрбиелеуге бола-
ды», – дейді. Жағымды үлгі-өнеге арқылы балаларға ықпал етудің
психологиялық-педагогикалық негізі оларды басқаның мінез-
құлқына еліктеуіне, солардай болуды армандауына әсер ете білуінде
жатыр. Ол жөнінде ұлы педагог Я. А. Коменский: «Балалар білуден
гөрі еліктеуді ерте игереді»,– дейді. Оқушылар басқаның аса жоғары
идеал іс-әрекетін байқап, бақылай отырып, ерлік, еңбексүйгіштік,
саналылық дегендердің мазмұны мен мәнін ой елегінен өткізеді,
өзінше тебіреніп барып қабылдайды. Басқаның іс-әрекетіне өзінше
баға беретін болады. Баланың өскен сайын басқаға еліктеуі оны
көшіре салуы емес, өмірге өзінше баға беріп, сана-сезімінде сынмен
өткізу арқылы басқаның адамгершілік сезімі мен көзқарасына сын
көзімен қарап, өзінше түсініп, өзінше қабылдаумен ерекшеленеді.
Жеткіншектер өзін-өзі тәрбиелеуге жауапкершілік сезіммен қа-
41
райтын болады. Жеткіншектердің өзіне жақын адамдардың жеке
басының үлгісін зор сеніммен қабылдап, оны өзінің рухани қажеті-
не үлгі етіп жаратуына әсер ету тәрбиенің ең маңызды құралы болып
саналады. Басқаның жеке басының үлгісін жастарға өнеге еткенде,
келтіріліп отырған мысалға қоғамдық тұрғыдан жан-жақты талдау
жасап, ол іс-әрекет несімен құнды, неліктен оны үлгі етеміз дегенді
саналы түрде талдау арқылы қабылдау керек.
Қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбаевтың «Тәртіптің нашар-
лығы – ғылым, білімнің жоқтығынан» деп айтуы ұрпақ тәрбиесін
түзеу үшін ең алдымен ұнамды әрекетке апаратын ақпараттардың
болуын қажет ететіндігін түсіндіреді. Бала бойында қандай да бір
ұнамды әрекетті қалыптастыру үшін сол әрекетінің дұрыс екендігіне
сенімін санасында тудыруымыз керек. Көзқарасында ұнамды
әрекеттерге деген сенімді ақпараттардың толып жатқан жүйесін
қалыптастыруымыз тиіс.
Әйтсе де, бұл бала тәрбиесін жүзеге асырудың бірінші саты-
сы ғана болғандықтан, бала санасында сенімді қалыптастыру
оны түбегейлі оң бағытта тәрбиелеп қойдық деген сөз емес. Оған
дәлел, барлық балалар өтірік айтпау керектігін, сабақтан кешікпеу
керектігін, еріншектік жаман қасиет екендігін және т.с.с. толып
жатқан талаптардың дұрыстығын біледі, оған сенімі бол. Соған
қарамастан олар сабаққа кешігеді, біліп тұрып жалқаулыққа бой
алдырады және т.б. Демек, балалар санасында ұнамды әрекеттер,
оның дұрыстығы мен бұрыстығы туралы білімдер болғанымен, сол
қасиеттерді бала бойында дағдыға айналдыратын екінші кезеңде
қолданылатын әдістер тобын пайдалану қажеттілік туғызады.
Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен
басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан
іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін
қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептеледі.
Бұл топтың басты әдістерінің бірі – жаттығу. Жаттығудың мәні
белгілі бір әрекетті автоматты түрге айналғанға дейін қайта-қайта
орындау, соның нәтижесінде оқушының жеке тұлғалық қасиетінің
өзегі болатын дағдылар мен әдеттер қалыптастыруда болып отыр.
Адамның әдеттері адам өмірінде ерекше орын алады. Орыстың
ұлы педагогы К. Д. Ушинский «Адамның әдеттерді қалыптастыруға
қабілеті болмаса, өз дамуында ілгері жылжи алмайды» дейді. Тәр-
бие процесіндегі жаттығулар оқудағы сияқты жаттанды болмауы ке-
рек, олар саналы түрде орындалуы қажет.
42
Жаттығуларды орындау барысында талап ету әдісі қолданылады.
Бұл әдіс оқушының белгілі бір іс-әрекетіне мотивация беріп неме-
се тежеп, жекелік қасиеттерді қалыптастырады. Талап түріне қарай
тура және жанама болып бөлінеді. Тура талап етуге бұйрық ету,
анықтық, нақтылық тән.
Бұл – интенсивті орындалатын жаттығулар. Белгілі бір әдетті тез
және жоғары деңгейде қалыптастыру үшін үйретуді қолданады. Бұл
әдісті көбінесе балабақшаларда, бастауыш сыныптарда балаларға
мінез-құлық ережелерін үйрету үшін қолданады.
Жаттығу мен үйретудің бір түрі – тәрбиелік жағдайлар әдісі.
Тәрбие жүйесі педагогикалық жағдайлардан тұрады, ал олар
нәтижелі болу үшін мұғалім арнайы жағдайлар құрастырады. Бұл
ретте жағдай шындыққа сай болуы қажет. Жағдайдың кез келген
түрінде оқушы шешім қабылдай алуы керек. Мұндай жағдайлар
жорықтар, саяхаттар мен ойындар кезінде құрастырылады.
Сонымен қатар оқушылардың мінез-құлықтары мен іс-әрекет-
терін қалыптастыру отбасы тәрбиесі жағдайында еңбек арқылы
да жүзеге асырылады. Балалардың жас және дара ерекшеліктеріне
қарай халқымызда «бес жасқа дейін балаңды патшаңдай күт, бес-
тен он үшке дейін құлыңдай жұмса, он үштен кейін құрдасыңдай
сырлас» деп айтуы тегін емес. Бала беске толғанша дене жағынан,
психологиялық-педагогикалық тұрғыда барлық қажеттіліктерді
қамтамасыз етіп, баптау керектігін, кейіннен еңбекпен пісіруді талап
етеді. Он үштен кейін оған сенім артуға, ересектер секілді қарым-
қатынас жасауға толық негіз болатындығын айтқан.
Осы тұста кеңес педагогы В. А. Сухомлинский бала тәрбиесін
ұйымдастыруда «Сіз бес жасқа дейін өзіңіз еккен ағаштың гүлін
өсірумен шұғылданасыз, ал бес жастан кейін жемісін жеп бастайсыз»
деп айтады. Бұл қанатты сөзінде баланың бес жасына дейін адамдық
қасиеттердің бәрін бойына егіп, санасына сіңіріп қалыптастырудың
қажеттілігін, әйтпесе бес жастан кейін көпшіліктің еркелік деп
жүргені шолжаңдықтың, балалық деп жүргені жалқаулықтың, сөз
қайтарушылығы алғашқы дөрекілігінің бастамасы екендігін білмей
қалудан сақтандырғаны.
Бала өз мінез-құлқы мен іс-әрекетінің дұрыс екендігін біліп
жүрсе де, жақсылыққа ұмтылу ынталандырылып отырылмаса, ба-
лада селқостық пайда болады. Сондықтан тәрбиенің үшінші әдістер
тобы – бала мінезі мен іс-әрекетін ынталандыру әдістері пайдала-
нылады. Оларға мадақтау мен жазалау, жарыстыру әдістері жатады.
|