47
тарын жетілдіру мақсатын көздеген
топ ішілік өзара ықпал ету-
дің арнайы әдістемесінің көмегімен ұйымдастырылады. Әлеуметтік-
психологиялық тренингтің базалық құралы топтық дискуссия және
әртүрлі рөлдік ойындар болып табылады.
Әлеуметтік-психологиялық тренингтер тұлғаның жалпы қарым-
қатынасқа дайындығын жетілдіру мен қалыптастыру мақсатында
қолданылады (мысалы, жеке өмірінде және ұжыммен қарым-
қатынасында қиындық сезетін адамдар үшін), сонымен қатар адам-
дар ұжымымен интенсивті түрде байланысқа түсетін тұлғалар
үшін қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру бағдарламалары
ұсынылады.
Қызметтік ойындар
– нақтылы бір қызмет түрінің әлеуметтік
мазмұнын, қайта жасаудың, тәжірибе типіне тән сипаттағы
қарым-қатынас жүйесін моделдеудің формасы. Әлеуметтік педа-
гог тәжірибесінде нақтылы педагогикалық жағдайды моделдеу
мақсатындағы қызметтік ойындарды пайдалану кеңінен тараған.
Тарихқа
көз жіберсек, ата-бабаларымыздың тәрбие әдістерін
өте тиімді қолданғандығын, соның ішінде жаза қолдануды да
терістемегенін білеміз. XI ғасырда өмір сүрген ұлы ғұлама Ж. Ба-
ласағұнның «Құтты бiлiк» дастанында бiр отбасындағы балалардың
әрқайсысы бiр сұраққа қайтарылған әртүрлi жауап секiлдi әртүрлі
болатындығын, соған сәйкес оларды тәрбиелеудiң жолдары да
бiрдей болмауға тиiс екендiгi айтылады.
Ақын баланы шектен
тыс еркелетiп өсiрудiң түбi керi нәтиже беретiнiн ескерте оты-
рып,
Шолжаңдатпа, бiлсiн тәртiп, талапты, Талап қысқан бала
құтты, талантты (1950 бәйт),
– деп қатаң тәртiп нақтылық пен
ұқыптылықты қалыптастыратынын айтады. Ол үшiн балалардың
мiнез-құлқы мен қабiлет ерекшелiгiне қарай тәрбие әдiстерiн
дұрыс таңдау өте маңызды деп көрсетедi.
Ақын қандай болғанда
да қатаң тәртiптiң қажет екендiгiн, тiптi қажетi болғанда жазалау-
ды да қолдануға қарсы еместiгiн бiлдiредi.
Достарыңызбен бөлісу: