Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет17/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Ұлды 
үйрет күллі өнер – білімге, Онымен мал-дүние табар түбінде
(4505 бәйт),
– деп ата-ананың бала тәрбиесіндегі ең асыл мұрасы 
оның көзін біліммен ашып, жақсы тәрбие беру екендігін ескертеді.
Мінез-құлқы жақсы болған баланың ісі оңынан басып, өмірде жолы 
болады деп санайды. Ж. Баласағұнның бұл тұстағы көзқарасы Әл-
Фарабидің «Бақытты болудың бір шарты – жақсы мінездің болуы» 
деген көзқарасымен сәйкес келіп жатады. Себебі ізгі мінезді адамдар 
ғана ізгі қылықтар жасауға қабілетті болады. 
Сонымен қатар, қазақ қоғамында, түп-тамыры тереңнен келе 
жатқан түрік қоғамында да баланы өз заманына лайықты азамат 
етіп тәрбиелеу міндеті қашанда отбасы тәрбиесі міндеттерінде 
қойылып келген. Соның дәлелі ретінде ұлы ғұлама әл-Фарабидің 
педагогикалық көзқарастарында: «адамның белгілі бір мінез-
құлыққа ие болуына немесе жақын жұғысудың арқасында бір мінез-
құлықтың басқа бір мінез-құлыққа ауысуына себепші болатын нәрсе 
әдет болады, ал әдет деп мен белгілі бір әрекеттің жиі-жиі және 
ұзақ уақыт қайталауын айтамын», – деп пікірін білдірген. Бұдан 
байқайтынымыз, Әл-Фараби отбасы тәрбиесі жағдайында баланың 
мінезіндегі әрбір өзгерістер мен теріс қылықтарды дер кезінде 
байқап отыру және оның мінез-құлқының үнемі бірқалыпты болу-
ын қадағалап, талап ету де мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға 
алып келетінін ескертеді. Ол үшін ғалым ғұлама нақтылы бір тәрбие 
әдістерін қолдануды ұсынады. Олар «қатаң», «жұмсақ», «тезге са-
лып түзету», жаттығу, сендіру, машықтану, үлгі-өнеге көрсету, өзін-
өзі тәрбиелеу және т.б. әдістер. Мысалы, «тезге салып түзету» әдісін 
қолдану тәртібін әл-Фараби былайша көрсетеді: мінез-құлықтағы 
олқылықтар мен артықшылықтарды «алтын орта» қалыпқа кел-


50
тіруге талпыну қажет. Мінез-құлықтағы олқылық артық болса, оны 
кемітіп, ал мінездегі қажетті қасиеттер кем болса, оны арттырып 
отыру ғана орта қалыпты қалыптастырады деп түсіндіреді. 
Бұл көп жағдайда мінез-құлықтағы «кеселді» ауру денені, 
организмді емдеуге қолданылатын медициналық тәсілдерге ұқсас 
әдістермен сауықтыруды ұсынады. Басқаша айтқанда, әл-Фараби 
жан саулығы мен тән саулығын салыстыра, қатар алып қарастыруды
ұсынады, – деп тұжырым жасайды ғалым А. Көбесов. Өйткені 
адамның жетілуі оның мінез-құлқының жетілуіне сай келеді.
Сонымен қатар, әл-Фараби тәрбиешілер мен ата-аналарға бала-
ларды тәрбиелегенде мінез-құлықтағы орта шаманы, яғни қалыпты 
жағдайды табу туралы да кеңестер береді. «Тең орта» шаманы табу 
алғаш қарағанда өте қиын болғандықтан, адам өзінің мінез-құлқын 
нормаға, яғни бір қалыпқа келтіруге мүмкіндігінше жақындатуға 
бағытталған амалдарды пайдаланады. Мысалы, тәнді орташа 
жылылықта ұстау қиын, бұл үшін тәнді сондай жылылыққа жеткізуге 
мүмкіндігінше жағдай жасайтын амалдар пайдаланылады: мінез 
– құлықтың орташа шамасына жету үшін қолданылатын амалдар 
өзімізде дағдыға айналған мінез-құлықты қарастыру болып табыла-
ды, егер мінез-құлқымызға тән нәрсе артық кету болса, жетімсіз 
болудан түсетін әрекеттерге баулимыз, егер мінез-құлқымызға 
жетімсіздік тән болса, онда өзімізді артық кетуге сәйкес әрекеттерге 
баулимыз. Содан соң, біз өзімізде қандай мінез-құлық қалыптасқанын 
ойластырып қарастырамыз, – дейді. Мұндай мінез-құлықтардың 
артық-кемін реттеу арқылы қалыпқа түсірудің дұрыстығы немесе 
бақытқа жеткізер пайдасы туралы халқымызда мынадай мақал ай-
тылады: «Күле-күле күлкім жетті басыма, күлмей жүрсем кім келеді 
қасыма». Бұл мақалдан байқағанымыздай, халықтық даналар мен 
әл-Фараби түсініктеріндегі бала мінезінің қалыпты нормада болуы,
яғни ұшып-қонып, тым жеңілтек болуы да, тым салмақтылық та өз 
ортасында жағымсыз қарым-қатынасты қалыптастыратындықтан, 
бірқалыпты сабырлылық – бақытқа қол жеткізетін негізгі қасиет 
ретінде сипатталады.
Қалыптасып шыққан мінез-құлық үш түрлі халдің бірінде бола-
ды, – деп түсіндіреді әл-Фараби. Ол: не орташа халде, не орташа-
дан асыңқы халде немесе орташаға жақын халде. Егер хал орташаға 
жақын болса, бірақ екінші қарама-қарсы жағына қарай жақындап, 
одан асып түспесе, онда қашан орташа халге жеткенше тағы біраз 
сол әрекеттерді жасай береміз.


51
Фарабидің ілімі бойынша адамның рухани бетпердесі, мінезі 
мен жүріс-тұрысы қоғамдық орта, тәрбие әсері, адамның еркі, ауру 
сияқты көптеген объективті және субъективті себептерге байла-
нысты өзгереді. 
Фарабидің пікірінше, тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге келмейтін, 
түзетуге болмайтын жас болмайды. Тек ретін тауып үйретуден, бау-
лудан жалықпау керек. «Жаман құлық – ол жан ауруы. Бұл ауруды 
кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек», - дейді 
ғұлама ғалым.
Фараби ұстаз бен шәкірт, тәрбиеші мен тәрбиеленуші, сондай-ақ 
ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынас өзара түсіністікке 
негізделуі үшін ересектер тарапынан болатын қарым-қатынас стилі 
тым қатал да, тым жұмсақ та болмауға тиіс, – дегендi ұсынады. 
Өйткені қарым-қатынас тым қатал болса, онда тәрбиеленушілер не-
месе балалар бойын қорқыныш сезімі билейді, олар ересек адамды 
сол қылығы үшін жек көреді, оған сенбейтін болады. Бірақ қарым-
қатынас міндетті болғандықтан, оларда екі жүзділік пайда болады. 
Егер қарым-қатынас тым жұмсақ болса, онда тәрбиешілер немесе 
отбасындағы балалар тарапынан оның ересектер талабына деген 
немқұрайдылық пайда болып, оның өзіне деген құрмет төмендейді, 
- деп талаптың нормада, яғни қалыпты болғанын қажет деп санайды.
Сондай-ақ, ұлы ғұлама Ж. Баласағұн көзқарасында да тәрбие 
әдістерін таңдай білу баланы қоғамдық талаптар мен мінез-құлық 
нормаларына қалыптастырудың маңызды шарты деп көрсетіледі. Ол 
отбасындағы ұл баласының тәрбиесі ер азаматқа тән қасиеттердің 
қалыптасуы арқылы ерекшеленуі керектігін тұжырымдай отырып, 
ол үшін ер балалардың денесі жағынан шыныққан, өнерлі, мінезі 
жарасымды да салмақты, ұстамды, сөз саптауы дұрыс, жан-жақты 
болып жетілуін талап етеді. Ақын 
«Бір әкеден туар бала не түрлі, 
бір сауалдан туған жауап секілді!» (980 бәйт),
– деп жырлай оты-
рып, әртүрлi мiнезбен туылған балаларды тәрбиелеудiң жолдарын да 
өзiндiк ерекшелiкпен ұйымдастыру керектiгiн айтады.
Осы тұста ғұлама тәрбие әдістерін дұрыс таңдаудың жолда-
рын да тиімді көрсете білген, яғни мінезі қыздай инабатты баланы 
бетінен қақпай өсір десе, тіл алмайтын, ата-анасын азар етер балаға 
қатаң жаза қолдануды да құптайтындығын білдіреді. Сондай-ақ, 
ақын ұл тәрбиесін сәтті ұйымдастыруда өнегелі ұл тәрбиелеп 
өсірген ақсақалдар мен қариялардың ақыл-кеңестеріне құлақ асу 
қажет деп санайды. Ұл тәрбиесінде әкенің жеке басының өнегесінің


52
ерекше екендігін де ақын естен шығармайды. Мұндай ойлар 
оның: 
Бейбастық қып өсірсе ұлдың қылығын, Кінәлі әке, жазығы 
жоқ ұлының»,(4505 бәйт)
– деген өлең жолдарынан байқалады. 
Ақын Ж. Баласағұнның пікірінше, отбасының басшысы әке 
болғандықтан, ондағы бала тәрбиесімен әйел адам қаншалықты 
шебер айналысқанымен, ер азаматтың көмегінсіз тәрбиенің 
жетістігі жеткіліксіз деп санайды. Өйткені ұл бала тәрбиесінде ана 
қаншалықты күш салғанымен, әкенің орнын алмастыра алмақ емес. 
Бұл жөнінде ақын отбасы тәрбиесінің түпкі жауапкершілігі ер кісіге 
байланысты деп тұжырымдайды. Оны
«Ұл-қыз кесір, болса ессіз
парықсыз, «Өнегесі-ай әкенің!» – дер халықпыз…(1225 бәйт)
– де-
ген өлең қатарларында баяндайды. Ақынның түсінігі бойынша әке 
тәрбиесін көрген бала қашанда қиыншылыққа да, сынға да төзімді 
болып келеді. 
Сондықтан, бүгінгі бала тәрбиесін қоғамдық талаптамен үйле-
сімді қалыптастыруда табиғатымызға тән қасиеттерді қалыптас-
тыруды және ата-бабаларымыз ғасырлар бойы пайдаланып, тиімді 
нәтиже алып келген тәрбие әдістерін қолдану маңызды деп білеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет