15
5. Әлеуметтiк педагогика теорияларының дамуына үлес қосқан қан-
дай ғалымдарды бiлесiз?
6. Әлеуметтiк педагогиканың теориялық және қолданбалы қызметте-
рiн атаңыз.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер
1. Атемова Қ. Т. Педагогика негіздері.
–
Астана: Л. Н. Гумилев атындағы
ЕҰУ, 2006.
–
118 б.
2. Василькова Ю. В., Василькова Т. А. Социальная педагогика. уч.по-
собие.
–
М.:1999.
3. Галагузова И. Г. История социальной педагогики.
–
М.: 2000.
4. Мудрик А. В. Социальная педагогика: учебное пособие /Под ред.
В. А. Сластенина.
–
М.: 1999.
–
С.19-24.
5. Социальная педагогика: Курс лекций /под общ.ред. Галагузо-
вай М. А. – М.:2000.
–
С.162-165
1.2 Әлеуметтік педагогиканың негізгі категориялары
1.2.1 Әлеуметтік педагогика ғылымының негізгі категориялары
1.2.2 Әлеуметтік педагогика пәнінің басқа педагогикалық
пәндермен байланысы
1.2.3 Әлеуметтiк педагогика ғылымының төл және кірме
ұғымдары мен олар арасындағы сабақтастық байланыс
Әлеуметтік педагогика ғылым ретінде адамның бүкіл өмірі ба-
рысында жүзеге асырылатын әлеуметтік тәрбиесін қарастырады.
Барлық ғылымдар саласы секiлдi әлеуметтiк педагогика да өзiндiк
ұғымдар мен түсiнiктерге және ғылыми категорияларға ие. Олар
әлеуметтену, әлеуметтiк оқу, әлеуметтiк тәрбие, әлеуметтiк iс-әрекет,
әлеуметтiк-педагогикалық iс-әрекет, әлеуметтену процесi және т.б.
Ендi осы түсiнiктерге қысқаша сипаттама берiп кетейiк.
Әлеуметтену.
Әлеуметтену категориясы тұлғаның қоғамдық
қарым-қатынастар жүйесiне енуi мен әлеуметтiк тәжiрибелердi иге-
ру процесiн түсiндiредi. Басқаша айтқанда, әлеуметтенудi баланың
немесе тұлғаның өмiрге бейiмделуi деп түсiндiруге де болады. Ата-
аналардың өмiрлiк тәжiрибелерi, сондай-ақ қоғамдық тәжiрибелер
балаға тұқымқуалаушылық жолмен берiлмейдi.
Сондықтан оны
өзi өмiр сүретiн қоғамның әлеуметтiк жағдайларына бейiмдеп,
тәрбиелеймiз.
16
«Әлеуметтiк»
деген сөз латын тiлiнен аударғанда «қоғамдық»
деген мағынаны бiлдiредi, яғни қоғамдағы адамдардың өмiрiмен
және қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық дегендi дәйектейдi.
Бұл мағынада адамның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесi туралы ғана
емес, қоғамдағы әлеуметтiк құндылықтарға, нормалар мен ереже-
лерге бағдар алу туралы сөз етуге болады.
Әлеуметтiк педагогикада екi бағыт байқалады: әлеуметтiк және
тұлғалық.
Бiрiншi бағыт мемлекет пен қоғамның өскелең ұрпақты
тәрбиелеуге жалпы ықпал етуi арқылы анықталады. Бұл –
социо-
педагогика деп аталады, ал тар мағынада – адамның тұлғасын
қалыптастыру процесiне өмiр сүру ортасының ықпалы – орта педа-
гогикасы болып саналады.
Әлеуметтік педагогика мемлекет пен қоғамның жас ұрпақтың
тәрбие басымдықтарын қалыптастыру бойынша ресми және
бей ресми қызметтерiн, оның тенденцияларын,
заңдылықтарын,
оларды жүзеге асырудағы институттардың ерекшелiктерi мен
мүмкiндiктерiн зерттейдi. Мемлекет пен қоғамның өз азаматтарын
тәрбиелеу бағытындағы қызметi заңдық негiзде бейнеленедi, тәрбие,
оқыту, кәсiптiк тұрғыда даярлау институттарын құру, олардың iс-
қимылын қамтамасыз ету ресми әлеуметтiк-педагогикалық сипатта
айқын көрiнедi.
Мемлекетте «жазылмаған заңдар» деген атаудағы қоғамда
қабылданған салт түрiндегi нормалар мен ережелердiң жиынтығы
мәнi жағынан әлеуметтiк-педагогикалық болады, бiрақ бейресми си-
пат тән.
Әлеуметтік педагогика адамның бүкiл өмiрi барысында алуан
түрлi жас кезеңдерiнде оның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесiне тiкелей
немесе жанама ықпал ететiн ортаның әлеуметтiк-педагогикалық
мүмкiндiктерiн зерттейдi. Адамның
қалыптасуындағы ортаның
әрбiр факторының тәрбиелiк мүмкiндiктерi айрықша. Оған жата-
тындар: бала туған және тәрбиеленген отбасы (асырап алған отбасы,
мемлекеттiк мекеме); бұқаралық ақпарат құралдары; бала ойыншығы
мен ойындары; бала оқитын кiтаптар; дос-жарандар шеңберi; тұлға
беделi; ұжымның әлеуметтiк-педагогикалық ерекшелiктерi; көше
тәрбиесі және т.б.
Әлеуметтік педагогиканың мәселелерi П. Наторп, И. Г. Песта-
лоцци, К. Д. Ушинский, Н. И. Пирогов, Дж. Дьюи, Г. Кершенштей-
17
нер, Р. Зейдель, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, Б. Р. Лихачев,
В. Д. Семенов және т.б. еңбектерiнде теориялық тұрғыдан зерттелдi.
Әлеуметтiк педагогиканың тұлғалық бағыттары Дж. Локк,
Ж. Ж. Руссо, Ф. Ницше және т.б. философиялық көзқарастары ар-
насында қарастырылған. Аталмыш бағыттың бастауы – «даралық»
педагогикасы болып саналады. XIX ғасырдың екiншi жартысын-
да адамнан жоғарыны қалыптастыру концепциясы пайда болды.
(Ф. Ницше) Бұл бағыт педагогтар алдына адамның өзi үшiн
тәрбиелеу мәселесiн шешудi мiндет еттi.
Тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуы оның табиғат заңдары бо-
йынша дамитын әлеуметтiк жан ретiнде, әрi әлеуметтiк орта, қоғам,
индивидтiң белгiлi бiр ықпал ету қабiлеттiлiктерiн ескеру негiзiнде
тәрбиеленедi деген тұжырым бередi. Бұл бағыттың өкiлдерi К. Ма-
гер, М. А. Галагузова, А. В. Мудрик және т.б. Адам өз даралығына
сай әлеуметтiк тұрғыда қалыптасады (iшкi тұлғалық бағалаушылық);
әлеуметтiк жағдайларға байланысты қалыптасады (ортаға
байланыстылығы); нақты қоғамның, әлеуметтiк мәдениет, өмiр сүру
салтының талаптарына сәйкес әлеуметтiк
тұрғыда қалыптасуына
бағдарланады (сыртқы әлеуметтiк байланыстылық).
Адамның әлеуметтiк өзiндiк дамуы өте күрделi процесс, деген-
мен әлеуметтiк даму жағдайлары, бағыттары және қарқындылығы
өзгерiс үстiнде болады. Адамның тұлға ретiнде қалыптасуы
тiкелей әлеуметтiк өзiн-өзi жетiлдiру процесiне қатысты бола-
ды. Индивидтiң әлеуметтiк өзiндiк дамуы туралы бiлiмінiң болуы
тәрбиешiнiң әлеуметтiк даму процесiнiң өту барысына ықпал ету
мүмкiндiктерiн iздеу, оның динамикасын болжауға жол ашады.
Әлеуметтiк педагогиканың қолданбалы бөлiмiнiң мәнi де осында,
өйткенi әлеуметтiк даму мен тәрбие процесінде қайта тәрбиелеу,
түзету, тәрбиелiк iс-әрекетiн жөндеу, нақты адамның педагогикалық
реабилитациялау мүмкiндiктерi зерттеледi.
Тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтiк
ауысулар педагогика-
сы адамның, жеке топтардың дамуы мен тәрбиесiндегi әлеуметтiк
ауытқулардың себептерiн, олардың алдын алу жолдары мен жеңу
мүмкiндiктерiн зерттеумен айналысады. Бұл бағыттың өкiлдерi
(И. Г. Песталоцци, Е. Молленхауер, Ф. А. Дистервег, А. С. Макаренко,
В. И. Сокока-Росийский және т.б.) адамның қалыптасу процесiндегi
әлеуметтiк ауытқуларға жеке дара бейiмдiлiк факторлары, өмiр сүру
ортасы ықпал ететiнiн көрсетедi.
Әлеуметтiк қалыптасу адам мен ортаның өзара әрекеттестiгiнiң
18
стихиялы түрдегi нәтижесi емес,
мұнда әлеуметтiк тәрбиеге
ерекше орын берiледi. Бұл, шынтуайтқа келгенде тәрбиешiнiң
тәрбиеленушiмен қарым-қатынасына қатысты арнайы жағдайларды
жасауға бағытталған iс-әрекетi.
Достарыңызбен бөлісу: