Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет20/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі принципi.
«Гумандылық», 
«гуманизм» ұғымдары латынның «адамдық» деген сөзінен ауда-
рылғанда «адамға деген құрмет» деген мағынаны білдіреді. Гума-
низм қағидасы мынадай ережелерді сақтауды қажет етедi:
– қоғамдағы барлық балалардың дене, материалдық және әлеу-
меттік жағдайына қарамай оларға деген дұрыс қарым-қатынас пен 
құрмет болуға тиіс;
– әрбір баланың бойындағы «мен» ұғымының қалыптасуы мен 
дамуына көмектесу, айналадағы адамдарға құрметпен қарау;
– мейірімділік пен қайырымдылықты гуманизмнің алғашқы 
басқышы ретінде түсіну.
Әлеуметтендiрудiң ізгіліктілігі, бағыттылығы принципi – адам-
ның өмiрiн, оның дене, психикалық және адамгершiлiктiк саулығын, 
сондай-ақ рухани байлықтарын адамның жоғары құндылықтары 
ретiнде мойындау. Әлеуметтендiру процесiндегi педагогикалық 


60
ықпалдың негiзгi мақсатының өзi оны тек танып қана қоймай, сол 
құндылықтарға қол жеткiзу болып табылады.
Тәрбиені ізгілендіру идеясы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде 
бастау алып, ол барлық елдер педагогтары тарапынан насихатталып 
келеді.
Ізгіліктілік бағыттылықта жастарға тәрбие беру мынадай 
тиімділік береді:
1. Тек тәрбие ғана белгілі бір мөлшерде әлеуметтену объектісі 
болып табылатын адамның мінез-құлқындағы оң өзгерістердің 
дамуының бағытын анықтауға мүмкіндік береді;
2. Тәрбие арқылы ғана адамның субъект ретінде өз идеясын 
жүзеге асыруына мүмкіндік жасауға болады;
3. Тәрбие ғана адамның бір ортадан екінші ортаға бейімделуіне 
мүмкіндік жасайды. Мысалы, ол бұрын әлеуметтену құрбаны 
болған болса, енді өмір сүру ережелерін үйренуін тәрбие арқылы
қалыптастырамыз;
4. Тәрбие ғана адамды әлеуметтену процесінің құрбаны болып 
кетуден сақтандырады.
Әлеуметтік педагогиканың 
ізгіліктілік принципі
ізденушілік жә-
не практикалық іс-әрекетте төмендегідей үш идеямен байланысты 
болады:
– адамды жоғары әлеуметтік құндылық ретінде тану;
– адамды қоғамдық дамудың мақсаты ретінде мойындау;
– адамды қоғамдық өмірдің жалпы барлық салаларын кез 
келген әлеуметтік-педагогикалық жобалар мен технологияларды 
бағалаудың жоғарғы критериі ретінде тән алу.
Қазақта ізгілікті әрекеттер қашан да жастарға тәлім тәрбие беру-
де насихатталып келген, ол өскелең ұрпақты әлеуметтендірудің бас-
ты көрсеткіші ретінде насихатталған. Осы тұста М. Жұмабаевтың: 
«Кiмде-кiм өзiн сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елiн сүйсе, әсiресе, 
бүткiл адам баласын бауырым деп сүйсе, сол адамды iзгi деп ай-
тамыз», – деген сөздерiне жүгiнсек, iзгiлiк қазақтың қанында бар 
қасиет екендігіне әбден көзіміз жетеді. Оған дәлел қазақтағы «Қол 
ұшын беру», «Асар», «Пiтiр-садақа тарату» секiлдi дәстүрлерiмiздiң 
болуы, қазақ халқында отбасында болған қуанышты бастамаға асар-
латып көмектесiп, жақсылықтың тездетiп орындалуына себепкер 
болуға талпынған, ал қайғы-қасiретте қол ұшын берген. Осылай-
ша халқымызда адамды өз ортасына бейімдеу оны ізгі шараларға 
қатыстырумен байланысты іске асырылған.


61
Әлеуметтік педагогика үшін әлеуметтілік принципі – адамның 
интегралдық әлеуметтік болмысына, тұлғаның көп аспектілі 
қалыптасу және даму процесінің әлеуметтік детерминациясы мен 
қызмет ету жағдайындағы тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты 
үш аспектіде принципиалдық маңызға ие.
Тұлғаның әлеуметтік педагогиканың объектісі ретіндегі
динамикалық табиғаты жайлы тұжырымдары, зерттеулері мен 
тәжірибелері осы әлеуметтік принциптен туындайтындығын негіз-
дейді. Теория мен практикада тұлғаның қалыптасу және даму прин-
ципін жеткіліксіз бағалау ұжымдық принципті сыңаржақты түсінуде, 
тұлғалық дамуды жоққа шығаруда байқалады. Осы тұрғыда дамы-
ту принципі әлеуметтік педагогика объектісінің динамикалық бол-
мысын айқындауға, тұлғаны қалыптасу және даму объектісінде 
қарастыруға мән береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет