65
Бір жағынан мұндай дәстүрлер халықтың мәдениетінен де
туындаған.
Әлеуметтендiрудiң мәдениетке байланыстылығы принципі.
Тәрбиенің мәдениетке байланыстылығы қағидасын алғаш немiс пе-
дагогы А. Дистерверг ендірді. Ол бала тәрбиесінде оның өмір сүрген
жері мен уақытын, мәдениет және болашақта өмір сүруге тиісті бо-
латын жері ескерілуі керек деді.
Мәдениетке байланыстылық қағидасы К. Д. Ушинский еңбек-
терінде де кеңінен қарастырылады. Ол: «Егер біз білімді әрі жан-
жақты тәрбиелі адамды тәрбиелеп шығарғымыз келсе, оның жазуға,
оқуға, сенуге, Отанын сүюге, оның табиғатын, тарихын, мәдениетін
ескере отырып тәрбиелеуіміз керек», – деп көрсетті. Оның идея-
сы тәрбиенің халықтығы идеясынан көрінеді. Ол көптеген елдер
тәжірибесін тұжырымдай отырып, әр халықтың өз ұлтына тән
ерекшеліктері болады. Тәрбиеде сол ерекшеліктерді басшылыққа
алу қажет деп ұсынады.
Қалыптан ауытқуы бар балалардың мәдениет байлықтарымен
қарым-қатынас жасау мүмкіндіктері төмен болады. Сонда да бала-
лар көркемөнерпаздар үйірмелерінде ән орындап, би билеп, спорт-
пен шұғылданады.
Мәдениетпен байланыстылық қағидасын жүзеге асыру үшін
мына төмендегідей ережелерді ескеру қажет:
– әртүрлі мәдениет түрлерінің қалыптасуы кезінде балалардың
қалыптан ауытқу түрлерiн ескеру.
– ауытқуы бар балалар дамуының шығармашылығын дамытуға
көңiл бөлу.
Әлеуметтендiрудегi жеке-даралылық принципi. Мұнда әрбiр
индивид дене жағынан және интеллектуалдық мүмкiндiгi бойын-
ша қайталанбайтын тұлға ретiнде қарастырылады. Сондықтан
оларды тәрбиелеу немесе өмiрлiк әрекеттерге бейiмдеу қызметiнiң
мазмұндық және уақыттық аспектiлерi әртүрлi болып келедi, соған
сәйкес соңғы алынатын нәтижесi де бiр-бiрiнен ерекшеленедi.
Ол адамның гендік ерекшелігіне, тұлғаның өмірлік мақсаттары
мен ұстанған позицияларына да байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: