Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет25/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

2-схема.
Әлеуметтiк педагог қызметiнiң құрылымы
Ма
қ
са
т
Субъект 
қ
ызмет 
құ
рал 
Объект 
Кез келген іс-әрекет субъектіден басталып, объектіге қарай бағыт 
алады.
Әлеуметтік педагогтың өз қызметін атқару барысында білуі тиіс 
бірқатар міндеттері айқындалған. Олар:
– отбасы тәрбиесінің бүгінгі күнгі мәселелері мен қиындықта-
рын, отбасы өмірінің психологиясы мен этикасын, бүгінгі отбасы 
дамуының тенденцияларын білуі тиіс;


75
– балалардың, жасөспірімдер мен жастар тұлғасының даму 
заңдылықтарын, олардың сұраныстары мен қызығушылықтарын, 
мотивтері мен оларды қанағаттандыру деңгейлерін білуі тиіс;
– балаларды қорғаудың әлеуметтік-құқықтық және мемлекеттің 
әлеуметтік саясатының негізін, мүгедек балаларды қорғау, кәмелетке 
толмағандар құқығын қорғау, балалық пен аналық құқықтарды 
реттейтін құқықтық актілерді білуі тиіс;
– отбасыларына көмек көрсету мәселелері бойынша қоғамдық 
мекемелер мен мемлекеттік институттар жүйесінің функцияларын 
білуі тиіс;
– әлеуметтік ортада, мектепте, отбасында, тұрғылықты мекен-
жайда, бірлестіктерде, топтарда және т.б. жерлердегі жұмыстың 
ерекшелігін білуі тиіс;
– жұмыс ұйымдастырылатын ортаның экологиялық, демо-
графиялық, әлеуметтік-педагогикалық ерекшелігін білуі тиіс;
– тұлғаны және ол өмір сүретін микроортаны диагностикалау-
дың әдісі мен әдістемесін білуі тиіс;
– отбасыларымен, әртүрлі топтар мен әртүрлі категориядағы 
адамдармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізудің әдісі мен 
әдістемесін білуі тиіс;
– отбасындағы бос уақытты ұйымдастырудың, қарым-қаты-
настың, отбасындағы балалардың, жасөспірімдер мен ересектердің 
бос уақыттарын ұйымдастырудың принциптерін білуі тиіс;
– еңбек заңдарының негіздерін білуі тиіс.
Сонымен қатар, әлеуметтік-педагогикалық қызметте маманның 
меңгеруі тиіс және бойынан табылуы тиіс қабілеттіліктеріне де 
бірқатар талаптар қойылады. Олар төмендегідей:
– балалар мен жасөспірімдердің қызығушылығын анықтау жә-
не олардың ақыл-ойының, дене және таланты жағынан дамуына 
жағдай туғыза білуі тиіс;
– әртүрлі әлеуметтік мәдени жағдайда білім беру процесін 
ұйымдастыру;
– отбасылық-тұрмыстық жағдайда тәрбиеге оң ықпал жасау, от-
басыларына кәсіби көмек беру;
– әлеуметтік қауіпті отбасыларымен, ондағы педагогикалық
қараусыз қалған жасөспірімдермен байланыс орната отырып, өзара 
түсіністік табу, оларға көмек пен қолдау көрсету;
– балалардағы девиантты мінез-құлықтың пайда болуын диаг-


76
ностикалау және байқалған девиантты мінез-құлықты коррекциялау 
және үйрету;
– клиенттерді түсіністікпен тыңдай білу және өткір тақы-
рыптардағы талқылауларды позитивті эмоционалды көңіл-күймен 
түсіндіру;
– табысты кәсіби қызметке мүмкіндік туғызатын қарым-қаты-
насты қалыптастыру және дамыту;
– балалар мен жастардың өз проблемалары бойынша мәселеле-
рін өз күштерімен шешуге күш салуына белсенділіктерін қалып-
тастыру;
– отбасының беріктігін сақтауда және оларға бала тәрбиесінде 
нақтылы педагогикалық көмек көрсетуде әлеуметтік институттар-
дың мүмкіндіктерін пайдалану;
– әлеуметтік институттар арасында байланыстар орнату;
– кәсіби қызметте әлеуметтік зерттеулер әдістерін пайдалану.
Жоғарыдағы қабілеттерді меңгерген әлеуметтік педагог өз 
кезегінде ізгілікті, әлеуметтік-педагог қызметіндегі ең приоритетті 
міндеттердің бірі болып табылатын коммуникативтік және 
ұйымдастырушылық қабілеттерді меңгерген, мәдениеттіліктің жо-
ғары сатысын игерген, кикілжіңді жағдаяттарды шешуде сенімділік 
туғызушы қарым-қатынастың педагогикалық тактісін меңгерген 
болуы тиіс. 
Әлеуметтік педагог қызметінің сапасына берілетін баға
жұмыстың нәтижесі арқылы анықталады. Әлеуметтік педагог 
қызметін талдау барысында мәселенің бастапқы деңгейінің күйі,
бұрын қол жеткен нәтижелер, әлеуметтік-педагогикалық қызмет 
барысының ерекшелігі, оның жаңалығы, қызмет объектісінің 
ерекшелігі ескеріледі. Әлеуметтік педагог қызметінің нәтижесін 
зерделеудің негізгі әдістері мыналар болып табылады:
– әлеуметтік педагогтың практикалық қызметін тікелей 
бақылауға алу: қарым-қатынасқа түсу формасы, қарым-қатынасқа 
түсудегі мінезі, көрсетілген көмектің нәтижесіне деген клиенттің 
қанағаттанушылық көзқарасы, қызметтің әртүрлі типтеріне қатысу 
деңгейі, микроортадағы атмосфера;
– клиентпен және оны қоршаған ортамен, мекеме мен ұйым 
қызметкерлерімен, әртүрлі әлеуметтік қызмет көрсету мамандары 
мен жасаған сұхбаты;
– әлеуметтік экпресс-сауалнамалар;


77
– әлеуметтік педагогтің қызметтік құжаттары, мекеме мен 
ұйымдағы статистикалық есептерге талдау.
Мәліметтерді жинақтау әлеуметтік педагог қызметіне тұжырым 
жасаудың алғашқы сатысы болып табылады. 
Әлеуметтік педагог қызметінің тиімділігінің негізгі критерийлері 
мыналар:
– тұлға проблемасының жағдайына талдау және оның шешімін 
табуының нәтижесі;
– клиентті әртүрлі әлеуметтік қызметтер мен белсенді әрекеттер-
ге қатыстыру динамикасы;
– әлеуметтік әрекетке тұрғындардың қатынасу динамикасы;
– базалық әлеуметтік құндылықтарға балалардың, жасөспі-
рімдердің, жастардың, ересек ұрпақтардың қатынасының динамика-
сы;
– әлеуметтік ортада жағдайдың жақсаруы бойынша ұйым-
дастырылған әрекеттерге ересек тұрғындардың қатыстырылу нә-
тижесі;
– әлеуметтік ортадағы микроклиматқа, әлеуметтік-психология-
лық жағдайға берілген баға;
– әлеуметтік педагогтың маман ретінде кәсіби өсу деңгейі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет