81
т.б. да баланың қалыптасуында оның әлеуметтену құрбаны екендігін
көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде аурушаңдық, рухани соққы алу,
отбасындағы жоқшылық, кедейшілік те кейде әлеуметтiк ауытқуға
алып келедi. Бастауыш мектеп жасында ата-анасының ішімдікке са-
лынуы, өгей әке мен шешенің болуы, тәрбиеде дұрыс қамқорлық-
тың болмауы баланың тілінің дұрыс дамымауына әкеліп соқтырады.
Сондай-ақ, ата-аналардың ажырасуы, мұғалімнің қатал қарым-
қатынасы бала дамуында, яғни әлеуметтенуінде үлкен рөл ойнайды.
Сонымен, адам әлеуметтену процесі кезінде оның объектісі де,
субъектісі де және құрбаны да болады екен. Соның ішінде, әсіресе,
мақсатты бағытталған тәрбие процесінің мәні зор. Әлеуметтенудің
тиімділігі көбінесе тәрбиенің гумандық бағытының негізгі прин-
циптерін бiрiздi де жүйелі жүзеге асыруына байланысты болады.
Қоғамның қай кезеңінде болсын тұлғаны өзі өмір сүріп отырған
қоғамына лайықты азамат етіп тәрбиелеу, қоғамның адам тәрбиесі-
не қоятын талаптарын қанағаттандыру мәселесі күн тәртібінен
түскен емес. Осы мақсатта біз ерте кездердегі бабаларымыздың
тәрбие тәжірибелерінде әлеуметтендіру мәселесінің қалай қойы-
лып келгендігіне назар аударып көрейік.
Ғұламалардың бірі әл-Фараби араб халифатында ертеден қа-
лыптасқан дәстүр бойынша мемлекет басқаруға лайық, білім-пара-
саты мен мінез-құлқы барынша кемел азаматтың болуы сол
қоғамдағы тәрбиенің ең бірінші міндеті деп қарастырады. Бұл – сол
қоғамның өркениеті үшін қажетті тұлғаның моделі ретінде сипат-
талды. Олай болса, ғалым ғұлама пікірінше, әрбір отбасында тәрбие
алатын азаматтың бойында болашақ мемлекет басшысы, әміршісі
ретінде болуға тиісті сапалар қалыптастырылуы керек деп біліп,
қоғам талап етіп отырған қасиеттерді қалыптастыруды ұсынады.
Ғұлама осы тұста өзінің «Философиялық-әлеуметтік трактатын-
да» мынадай тұжырымдар мен қағидалар ұсынады: «Ешбір жанға
бағынбайтын басшы адам өз бойына туа біткен мынадай он екі
қасиетті ұштастыра жетілуі қажет деп көрсетеді. Олар:
– адамның
Достарыңызбен бөлісу: