Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет35/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Ауыл халқы
оның санына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. 
Нақтылы және едәуір айырмашылығы бар болғанына қарамастан 
ауыл халқы әлеуметтендірудің мезофакторы деп қабылдауға мүм-
кіндік беретін көптеген ортақ сипатқа ие. Ауыл халқына тән 
ерекшелік – халықтың тығыз орналаспауы, тұрғындар санының 
үлкен болмауы, еңбек түрлері мен бос уақытты өткізу әрекеттерінің 
шектеулігі; қоғамдық қызмет көрсету орындарының қарқынды да-
мымауы, мәдени орталықтардың аздығы немесе тіптен жоқтығы. 
Ауыл халқы әлеуметтендірудің тиімді факторы болып табылады, 
өйткені онда адамдардың тіршілігі мен іс-әрекетіне деген қоршаған 
орта тарапынан әлеуметтік бақылау күшті, әлеуметтік-кәсіби және 
мәдени дифференциация төмен, көршімен және туған-туыстармен 
қарым-қатынас тығыз. 
Ауыл халқының әлеуметтену ерекшелігі оның ауыл еңбегінің 
ерекшелігімен байланысты қалыптасады: табиғат және еңбек
ритміне бағынушылық, жыл бойына еңбекпен қамтылудың 
бірыңғай тұрақты болмауы немесе әркелкілігі мен қаладағы еңбекке 
қарағанда ауыр еңбектің басым болуы, еңбек жағдайы, тұрмыс 
пен еңбек тіршілігінің көптігі, үйдегі және шаруашылықтағы 
жұмыстардың көп күш жұмсауды қажетсінуі, еңбекті жеңілдетудің 
мүмкіндіктерінің төмендігі. 
Ауылдағы әлеуметтендіруге отбасындағы болмыстың ықпалы 
ерекше. Мұндағы ұлттық және әлеуметтік тұрғыдан бірыңғай адам-
дардан құралған отбасылары қаладағы отбасыларына қарағанда 
баланың әлеуметтенуіне анағұрлым үлкен ықпал етеді.
Әлеуметтендірудің тағы бір ерекшелігі – ауыл қоғамының 
әлеуметтік-психологиялық процестеріне байланысты болатындығы. 
Ауыл халқына қарым-қатынастағы ашық мінезділік, құпияның бол-
мауы, салыстырмалы түрде алғанда қарым-қатынастың жақындығы,
ауыл халқының өміріндегі барлық құбылыстардың белгілі болуы 
тән.
Ауыл мектебі де қала мектептеріне қарағанда өзінің оқушыларына 
және олардың өмір тіршілігіне анағұрлым ықпалды рөл атқарады. 
Себебі ауылдағы мектеп көп жағдайда бірден бір мәдени орталықтың 
рөлін атқарады. Осы тұста Ресей ғалымдары ауыл және қала 
мектептеріндегі тәрбиеленіп жатқан балалардың өмірге қалыптасуы 


99
мен болмыс бітімін салыстыра отырып, тұлғаның қорытылған 
әлеуметтік-психологиялық портретін жасаған (Ю. М. Мастюкова,
Е. М. Мастюкова, Г. В. Грибанова, А. Г. Московкина).
Қала мектептеріндегі оқушы интеллектуалдық даму жағынан 
мүмкіндігі өте жоғары. Өйткені қалада ақпараттық көздер (теле-,
бейне-, аудио-жүйелер, басылымдар, әртүрлі көптеген қосымша 
білім беру және мәдени мекемелер) жеткілікті. Қала баласының 
мүмкіндігіндегі ақпарат көздерінің көптігі соншалықты, кейде тіпті 
көзқарасында әлем туралы теріс пікірлер қалыптасады. 
Оқу барысында оқушы адамзат мәдениетінде жинақталған 
көптеген ақпараттармен қарым-қатынасқа түседі. Ал адамның ішкі 
дүниесі мектеп бағдарламасының сыртында қалып қояды. Мектеп 
баланы білім әлемінде өмір сүруге үйретеді, бірақ қоғамда өмір 
сүруге үйретпейді. Мұғалім шын көңілден сырын ақтаратын қарым-
қатынас субъектісі немесе ересек досы ретінде емес, мұғалім бала-
мен нақтылы бір ғылыми білімдер қорын тасымалдаушы рөлінде 
қарым-қатынасқа түседі. Қазіргі қала мектептеріндегі тәрбие 
жұмысының мәні төмендегендіктен, көп жағдайларда оқушыларда 
жеке-даралық, эгоистік тенденция, мұғалімдермен жиі қақтығысқа 
бару жағдайлары орын алады.
Бала өздігінен мектеп тапсырған көптеген ақпараттарды мең-
геруге қабілетті емес. Ал мектеп мұғалімімен қарым-қатынасы 
жоғарыда айтылғандай ынтымақты-сенімді қарым-қатынасқа 
құрылмаған. Осыдан келіп, ақпараттық – шаршаушылық, эмоцио-
налдық қанағаттанбаушылық, оқшаулану күйі немесе сезімі пай-
да болады. Баланың микроортасы болып табылатын отбасы-
мен, құрбы-құрдастарымен, табиғат ортасымен, тіпті, өзіндік 
«Мен» түсінігімен байланыстың үзілуі психикалық шаршауға 
және эмоционалдық қанағаттанбаушылыққа алып келеді. Соның 
нәтижесінде көп жағдайда ата-аналар балаларымен конфликттік 
жағдайларға барады, отбасылық байланыстар бұзылып, ата-ана-
лар тәрбие міндеттерін шешуде қиналады. Бұл отбасындағы тәрбие 
стилінің гиперқамқорлыққа ұласуын немесе толық бейтараптық 
күйдің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайдан соң өсіп 
келе жатқан балада бұрмаланған немесе тұрақсыз құндылықтар 
қалыптасады. Осы кезде отбасы баланы тура жолды таңдауға 
бағыт бағдар беруші бірден-бір орта болып табылады. Осы тұста 
ғұлама ақын әл-Фараби бала дүниеге келгенде алдағы өмірінде 
бақытты болуға жетелейтін қасиеттерді игеруде өздігінен жетiле 


100
алмайтындығын айта келіп, ол үшін арнайы тәрбие ортасының 
болуын қажет деп санайды. Ондай ортаның негізгісі, әрі баланың 
бақытқа қол жеткізудегі қасиеттерінің негізі қаланатын тәрбие ин-
ституты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет