қазақ халқының мінез-құлқы
оны қоршаған
ортаға – кең далалық кеңістікке, географиялық жағдайға, баққан
малға, оның шаруашылығына байланысты қалыптасты, – деп
тұжырым жасайды. Ғасырлап ен далада мал бағып, қысы-жазы тек
мал соңында асықпай көшіп-қону арқылы қалыптасқан қазақтың
мінез-құлқын ғалым төмендегідей етіп сипаттап көрсетеді.
Біріншіден,
ол ерекше бір жағдай болмаса етек-жеңін жимай,
кеңге салып, асықпай, байсалды өмір сүрген. «Асыққан шайтанның
ісі» деп қараған.
Екіншіден,
қазақ әңгімелескенде асықпай, әр нәрсенің мән-
жайына жетіп, түсінісуді қажет еткен. Сөйлескенде қашан да
әңгіменің түйінін іздеген. Мәселе көп немесе аз сөйлеуде емес. Сол
көп сөздің тобықтай түйінінде деп ұққан.
Үшіншіден,
қазақ көп жағдайда қойылған сұраққа тез жауап
қайтармаған. Түсінбеген, естімеген адамдай үнсіз қала берген. Сы-
рын білмейтін адам оның бұл мінезін естімеді, тыңдамады деп те
ойлаған. Шынында олай емес. Әрбір айтылған сөзді талдап, пайым-
дап барып жауап қайтаратын болған.
Төртіншіден,
қазақ жерін жиһангез, жолаушылар жаз кезінде ара-
лап, қазақтарды ойын-сауықшыл, жұмыс істеуді ұнатпайтын, жалқау
халық деп ойлап, солай жазып кеткен. Бұл пікір, әрине, негізсіз
де емес. Қазақ халқының сауықшыл болғаны да, жұмыс істемей,
қыдырымпаз болғаны да рас. Көшпелі тұрмыста мұның бәрі орынды
құбылыс. Елде мал бағудан басқа еңбек жоқ, ол үшін 4 - 5 адамның
жеткілікті екені де рас. Қалғандары теңселіп, ауылдан-ауылға
қыдырып, әңгіме, сөз іздеуден басқа амалы болмаған. «Қолы бостық,
уайым жоқтық аздырар адам баласын!» деп Абай тегін айтпаған.
Абай халқын кәсіп ет, білім ізде, шаруашылықпен айналыс деп
шақырды. Бірақ ол сөз қалың бұқараға жетпеді. Ол да шындық. Ал
енді әлгі жиһанкездерге қайта келетін болсақ, олар қазақ халқының
қыстағы азабын, ақтүтек боран тозағында киіз үйде тұрып, мал
94
соңында ығып, көшіп жүргендігін көрмеген. Қыстан аман шығу
– қазақтың аса басты мұраты еді. Сондықтан қазақ «Наурызды»
ағынан жарылып қуана қарсы алып, бірімен-бірі көрісіп амандасқан.
Бесіншіден,
қазақ жаяу жүргенді кемістік деп санаған. Сондықтан
барар жері ауыл арасы бір сағаттық жол болса да, өріске кеткен атын
кісі жіберіп алдырып, түске дейін сайлап, ерттеп мініп, баратын
болған. Ал егер барар жеріне ертемен кетпек болса, атын жайылысқа
жібермей, тұсап, не арқандап, үй маңында ұстаған.
Қазақ жылқы малын аса жоғары бағалап, қадірлеген. Мінсең
көлік, ішсең ашытқан сүті қымыз, мейірім қанады, жесең тамақ,
кисең киім. Қазақ қашаннан жылқы малының тұқымын жақсартып
отырған. Жүйрік ат, жақсы қатын, құмай тазы, қыран бүркіт қашанда
ер жігіттің арманы болған.
Алтыншыдан,
қазақ халқының әйелдері басқа отырықшы Орта
Азия халықтарына қарағанда қоғамдық жиындарға, ойын-сауық
айтыстарға қатысқан. Қазақ әйелдеріне шектен тыс қызғаншақтық,
тықырандық көрсетпеген. Олар еркіндік жағдайда өскен.
Жетіншіден,
қазақ кешірімді, кең пейілді болған. Ешқашан
тарығып, таусылып сөйлемеген. Әр нәрсенің ақырын күткен.
Сегізінші,
қазақ халқының мінезіндегі тағы бір ерекшелік – ол
ешбір халықты жатырқамайтыны. Мәселен, кім болмасын, үйіне
келіп түссе, ол бай ма, әлде кедей ме, тани ма, танымай ма, оны
жоғарыда айтқандай «қонақ» деп қарап қабыл алған. Қазақ ешбір
халықты алаламаған бауырмал халық.
Тоғызыншы,
қазақ арасында да жетім-жесірлер болған. Бірақ
олар жаппай бір қатер болмаса, ешқашан тентіреп, ел аралап,
қайыр сұрамаған. Өйткені, қазақтар өз жетім-жесірлерін өздері
қамқорлығына алған, қаңғыртпаған. Қазақтағы қайырымдылық
оның менталитетінің бір қырына жатады. Жасы үлкен кісіні кім бол-
масын сыйлаған, сөзін бөлмеген, жолын кеспеген. Келіндер қашан да
иіліп сәлем берген. Қазақ арасында жетімдер, асырайтын, қарайтын
адамдары жоқ кемпір-шалдар үйі деген атымен болмаған. Сірә, бұл
басқа халықтарда да бұрын болмаған тәртіп болса керек.
Оныншы,
көшпелі тұрмыс құрған қазақ отырықшы елдер сияқты
қала, село, қыстақ болып, бір жерде тұрақталып тұрмағандықтан,
кең сахараны жайлаған ел бірін-бірі ажыратып, білу үшін үш (Ұлы,
Орта, Кіші) жүзге бөлінген. Ол жүздердің жалпы тұрған аумағы, оған
кіретін рулар білетін кісілерге айқын. Сондықтан кездескен кісімен
танысуда қазақ «қай туған боласың?» деп сұраған. Сол арқылы кез-
95
келген адамды мекені арқылы қай жерден келгенін білетін сияқты,
руын білу арқылы оның алыс-жақындығын аңғарған.
Жоғарыдағы аталған ойды қорыта келгенде, қазақ халқының
көшпенді өмірі олардың мінез-құлқының қалыптасуы мен бол-
мысының өз қоғамында әлеуметтенуінің мынадай бес қырын ай-
қындап көрсетуге болады:
1. Қазақ халқы табиғатынан қарапайым. Киген киімі қашан да
мол, етек-жеңі кең болып келеді. Бұл оның көшпелі тұрмысына, атқа
мініп, түсуіне, жерге малдас құрып отыруына ыңғайлы. Мінезі де ен
даласындай кең, жазық, ашық, жайдары. Қазақ ешқашан қысылып,
қымтырылмаған. «Қалауын тапса қар жанады» дегендей, қазақ не
айтса да қисынын тауып айтуға тырысқан. Сөзге мән берген. Сөзіне
қарай кісіге құрмет көрсеткен. Уәжге тұрған. Бұл – қазақтың ерекше
қасиеті.
2. Қазақ кекшіл емес. Іштарлық та басқа халықтарға қарағанда,
қазақта бәсеңдеу. Көп ішінде біреу мінеп, мінезінің кемістіктерін,
шыққан тегін кемсітіп, бетіне басып, өлеңге қосса, шамасы келсе ол
табанда жауап қайтарған. Уәжі күшті болса – жеңген болып есептел-
ген. Жеңіліп қалса кек сақтамаған.
3. Қазақ кімнің кім екенін бір ауыз айтқан сөзінен, былайша
айтқанда «сөз саптауынан» байқаған. Кісінің ақылын бірден байқау
қиын. Ол тереңде жатады. Бірақ оны байқау үшін көп сөйлеудің
керегі жоқ. Оны қазақ бір ауыз сөзден байқаған.
4. Қазақтың түсі суық емес, жайдары, беті ашық, бас киімін
көзіне түсіріп кимеген. Қазақтың ішкі кең табиғи ақылдылығы,
жайдарылығы оның бетінен байқалған. Қазақта бас кесу, дарға асу,
зынданға салу деген жаза болмаған. Қазақтағы барлық жаза – айып
төлету. Әрине, өлім жазасы да болған, бірақ ол өте сирек және кесек-
теп өлтірілетін болған.
5. Қазақ пейілі кең халық. «Өле жегенше, бөле же», – деген сияқты
ол барын басқалармен бөлісіп отырған. Ерулік, сыбаға, сарқыт деген
кәделер соның көрінісі. Өзі сондай болған соң, өзгелерден де соны
күткен, қазақ сараңдықты ұнатпаған. Қазақтың барлық байлығы,
оның алдындағы айдаған малы, оны ешкімнен де жасыра алмаған.
Мінеки, бұл сипаттамалар қазақ халқының тарихи қалыпта-
суындағы әлеуметтену процесі нәтижесінің көрінісі.
Тұлғаның даму процесі барысында балалық шақта бейсаналы
адамзаттық деңгейдегі ұлттық өзіндік сана қалыптасады. Дәл осы
тұста, яғни балалық пен жастық шақта адамның өзінің ұлттық бай-
96
ланыстары мен оған деген қатынасының жиынтығын қабылдау бас-
талады. Бұл, біріншіден, ұлттық ұқсастықта, яғни өзін нақтылы бір
этникалық топқа тән екендігін сезінуін, екіншіден, өзінің этникалық
қоғамы, оның болмыс бітімі туралы көзқарасының болуын,
үшіншіден, өз ұлтының өткен тарихын мойындауын, төртіншіден,
өз ата жұрты мен туған мекені туралы көзқарасын айқындайды.
Әрбір елдегі табиғи-географиялық жағдайлар мен сол елдегі
халықтың сана сезімі тұтас алғанда жер көлемінің орналасуы-
на орай аймақты құрайды. Олар тек климаттық жағдайымен ғана
емес, сонымен бірге бір-бірінен экономикалық жағдайымен, мәдени
ерекшелігімен де өзгешеленеді. Тіпті, олар сөйлеу қорында пайда-
ланылатын кейбір ерекше сөздерімен, сөйлеу мәнерімен, сөйлеу
диалектісіндегі ерекшеліктермен айқындалады. Олар тіпті салт-
дәстүрлері, тұрмыстық жағдайлары, тұрмыстық үй жиһаздарды
таңдау талғамы, сәулет өнерінің элементтерінде де өзгешелікті
сақтайды. Аймақтық жағдайлардың әлеуметтендіруге ықпалы
әртүрлі сипатта болады. Аймақтың табиғаттық-климаттық жағ-
дайлары адамның денсаулығына да өзіндік ықпал етеді. Ерте жас-
тан суық аймақта өмір сүретін баланың денесінің суыққа шыныққан
болуын қамтамасыз етсе, бұл аймаққа ересек шағында келген адамға
ол біршама қолайсыздықтар мен денсаулығына бірқатар сырқаттар
алып келуі мүмкін. Ыстық аймақтағы адамдардың дене қимылында
біршама ширақтық пен шапшаңдық болуы мүмкін. Мінез-құлқына
да ақжарқындық пен ашықтық тән болады.
Сонымен қатар, аймақтың географиялық-климаттық жағдайы
сол жерде мекен еткен халықтың мәдени және әлеуметтік-саяси
көзқарастарының да өзгеше қалыптасуына ықпал етеді.
Қала – нақтылы шектелген территорияда адамдардың тығыз
орналасуы мен саны жағынан көптеген адамдардың жиналған ор-
тасы тән тұрғылықты халықтың типі; адамдар әрекетінің әртүрлі
деңгейінің жоғарылығы; тұрғындардың этникалық құрылымы мен
әлеуметтік-кәсіби тұрғыдан дифференциалдығы.
Бұл сипаттар қаланың үлкен-кішілігіне, географиялық орна-
ласуына, ондағы халықтардың әрекетпен қамтамасыз етілу сипа-
тына байланысты едәуір ерекшеленеді. Қалалардың көлеміне
қарай оларды мегополис, үлкен қала, орташа қала, шағын қалалар
деп бөлуге болады. Сонымен қатар, оларды өндіріс орталықтары,
мәдени-индустриялық қала, курорттық қала деп те бөлуге бола-
ды. Сондай-ақ құрылу жасына және орналасу орнына қарай да (та-
97
рихи қала және т.б.) атауға болады. Орта және үлкен қалалардағы
әлеуметтендіру қалалық өмір сүру салты арқылы жүзге асырылады.
Мысалы, ауылдан келген студент қала адамдарының, яғни көпшiлiк
қалалықтардың әсерiнен қала өмiрi мен өмiр сүру салтына бiртiндеп
бейiмделiп кетеді.
Қала адамдардың бейімділігін немесе тез бейімделуін арттырады.
Аздаған уақыттың ішінде адам қалада көптеген әсерлер мен әртүрлі
ақпараттар алады. Ақпараттар алудың көзі көліктегі қарым-қатынас,
қаланың сәулеті, жарнамалар, ағылып жатқан адамдар тобы, меке-
мелер мен ұйымдар, мәдениет ошақтары және т.б. болып табыла-
ды. Қала қаншалықты үлкен болған сайын, соншалықты деңгейде
қала тұрғындары әртүрлі құндылық бағдары мен өмір сүру дәстүрі
бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі әлеуметтік деңгейден және кәсіби
топтардан тұрады. Олардың әрқайсысының қоршаған адамдарға
және ортаға деген өзіндік қызығушылығы мен көзқарасы, мінез-
құлық және қарым-қатынас нормалары, өзіндік кодексі мен өмір
сүру стандарты бар. Солардың қандай да бір бөлігімен таныс болу
және қарым-қатынаста болу адам көзқарасы мен әрекет сферасын
кеңейтеді.
Қаладағы отбасы өмірі ауылдағы отбасыларына қарағанда үлкен
ерекшелікке ие. Бір жағынан қарағанда, қаладағы отбасы - «жабық
жүйе» секілді. Өйткені олар көршілерімен өте сирек кездеседі, тіпті
туыстарымен, достарымен де кем жолығады. Екінші жағынан, қала
отбасыларында отбасы ішіндегі байланыс нашар қалыптасқан.
Отбасындағы көптеген әрекеттер отбасылық сипатын жоғалтқан,
соның нәтижесінде отбасы мүшелерінің өзара біріккен байланыста-
ры мен іс-әрекеттерінің үлесі тым төмен.
Орта және ерекше үлкен қалаларға криминалды және девиантты
мінез-құлықты (жезөкшелер, наркомандар мен бұзақылар және т.б.)
топтар мен құрылымдар тән. Бұл жағдай әрбір жастағы адамның
әлеуметтенуіне өзіндік ықпалын тигізеді.
Қаладағы жас баладан бастап қарияға дейінгі адамның әлеу-
меттенуі үшін қолайлы жағдайдың орнауының шарты бірқатар
жағдайларға байланысты айқындалады. Олар, біріншіден, қаланың
шуынан, ластануынан, адамдардың тынымсыз қозғалысынан, әртүрлі
импульсті қала ортасының шектен тыс көптігінен стресс алудың
деңгейіне; екіншіден, адамның сұранысы мен оны қанағаттандыруға
деген талпынысына; үшіншіден, қала халқының интеллектуалдық,
мәдени, дене жағынан дамыту міндеттерін шешудің мүмкіндікте-
98
рінің болуына; төртіншіден, қала халқының өз тіршілік ортасын да-
мыту туралы шешімдерін қабылдау мен осындай шешімдердің іске
асуына қаншалықты белсенді араласуына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |