Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет47/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Аз балалы отбасы.
Бұл қазіргі кезде ең көп тараған отбасылар, 
оларға екіден немесе жалғыз баласы бар отбасылар жатады. 
Бұл отбасыларына тән позитивтік аспект отбасында балалар мен 
ата-аналар бойында әлеуметтік-психологиялық қасиеттерді (сапала-
рын) қалыптастыруға (бауыр басушылық, ұйымшылдық, лидерлік), 
сонымен қатар өзінің әрекетіне жауапкершілік қасиеттерін әлеуметтік 
бақылауға алуға қолайлы жағдайлардың болуы. 
Сонымен қатар, ғалымдар отбасында жалғыз баланың болуының 
оны тәрбиелеудегі әлеуметтік-психологиялық тұрғыдағы теріс 
аспектілерін де атап көрсетеді. Оның өз құрдастарымен қарым-
қатынас жасауға деген мүмкіндігінің шектеулігі, одан да жа-
маны эмоционалдық қасиеттерінің дамуының төмендігі деп 
көрсетеді. Қарым-қатынасы мен сезім мәдениеті кешеуілдеп 
дамыған балалардың ата-аналары өте мейірімді, көп кешіретін, 
барлық қылықтарына төзімді болып келеді. Ондай жағдайда бала 
өзінің ерекше қамқорлықтағы рөліне тез бейімделеді де, өзгелерге 
қамқорлық жасау қажеттілігін сезінбей өседі. Аз балалы отбасы-
лары өмірі мен тіршілігінің мазмұнына тән нәрсе оның отбасы 
мүшелерінің жеке бастарының мүдделерін іске асыру бойынша 
әрекеттердің, нақты қызметтерінің айқын болуында. Ең болмағанда 
кәсіби, оқу (педагогикалық) немесе тәрбиелік сферада өзін-өзі 
жетілдіруге талпынысы байқалады. Оларда отбасы мүшелерінің 
қарым-қатынас шеңбері шектеулі, көбінесе туған-туыстарымен, 
кәсіби қызметтегі әріптестерімен, кейде қажетті тұлғалармен ғана 
араласады. Мұндай отбасыларындағы лидерлік әрекет отбасындағы 
бала тәрбиесімен және шаруашылық-тұрмыстық жұмыстармен ай-
налысатын жұбайлардың біріне беріледі. Соңғы жылдарда мұндай 
отбасыларындағы қолайлы өмір сүру деңгейі де күрт өзгеріп отыр.
Күрделі отбасы. 
Бұл бірнеше ұрпақ өкілдерінен тұратын толық 
отбасыларын, тіпті бірнеше некелік отбасыларын қамтитын ұжым. 


129
ол әлеуметтік ортамен байланыспайынша автономды түрде өмір 
сүруі мүмкін емес. Керісінше ондай отбасыларында қоғамдық 
құбылыстармен белсенді байланыс орнайды да, кез келген отба-
сы секілді қазіргі қоғамның көптеген әлеуметтік факторларының 
ықпалының күшіне ілігіп жатады.
Қолайсыз отбасы.
Қолайсыз отбасыларына нақтылы бір 
уақыт барысында отбасыаралық және отбасыішілік тұрақсыздық 
қалыптастырып келген ықпалдарға қарсы тұруға қабілетсіз отбасы-
ларын жатқызамыз. Оларға аралас немесе некесіз отбасылар, толық 
емес отбасылар, проблемалы отбасы, кикілжіңді отбасы, дағдарысты 
жағдайдағы отбасылары, невротикалық отбасы, педагогикалық әлсіз 
отбасылар, отбасы өмірі теріс ұйымдастырылған және т.б. отбасыла-
ры жатады. 
Мұндай отбасыларында көбінесе адамның жеке мүддесі, эгоис-
тік қызығушылығы, отбасындағы әрбір адамның назарының тек 
өзіне аударылғандығын қалау басым көрінеді. Олардың қарым-
қатынас жасау ортасы әртүрлі, тұрақсыз, шектеулі және отбасы 
тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмек көрсетуге қабілетсіз болып 
келеді.
Қолайсыз отбасыларындағы адамгершіліктік-психологиялық 
ахуал «қиын балалардың» пайда болуына алып келеді. Мұндай 
отбасыларынан шыққан балалардың 90%-ының мінез-құлқында 
қалыпты жағдайдан ауытқу құбылысы байқалады. Олар үшін 
қоршаған ортамен және отбасы мүшелері арасындағы қарым-
қатынаста психологиялық сәйкессіздік тән, олар үшін ұйымшылдық, 
ауызбіршілік, бедел, абырой, басшылық деген түсініктерді өздерінше 
қабылдайды. Олардың қарым-қатынастағы айтатын әңгімелерінің 
тақырыптары да шектеулі, ал қарым-қатынас стилі ерекше эмоцио-
налды. Сондықтан көп жағдайда кикілжіңді жағдайға бару олар 
өмірінің тұрақты стилі мен өмір сүру мазмұнының созылмалы сипа-
ты ретінде көрінеді. 
Қолайсыз отбасыларында проблемалық мәселелер әртүрлі. Олар 
ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынаста, ата-аналар мен ба-
лалары арасындағы қарым-қатынастағы қарама-қайшылықтардың 
орын алуында, балалар тәрбиесіндегі ата-аналардың рөлінің және 
көзқарастарының бірдей болмауында, яғни өзара келіспеушілігінде,
ата-аналарының екеуінің де немесе біреуінің сұранысының екіншісін 
қанағаттандармауында және т.б. көрініс береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет