Мүлік теңсіздігінің қалыптаса бастаған дәуірі: Қола дәуірі.
Қола дәуірінде қауым ішінде мал-мүлік теңсіздігінің шығуы: Әлеуметтік теңсіздікті тудырды.
Қола дәуірі кезіндегі жоғары дін басылары: Абыздар.
Қола дәуірі абыздарының негізгі міндеттері: Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың орындалуын қадағалау.
Қола дәуірінде әр түрлі жыртқыш аңдардың тістерінен жасады: Тұмарша.
Қола дәуірінде адамдарды жерлегенде басын қаратқан жақ: Батыс немесе Онтүстік-Батыс.
Андрондықтардың тасқа салынған суреттері табылды: Таңбалы, Жасыбай, Хантау.
Петроглифтардың көп шоғырланған Жетісудағы ескерткіші: Таңбалы.
Ø Андрондықтардың бет пішіні
Антропология – адамның сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым.
Тарихтың әр кезеңінде белгілі бір аймақта өмір сүрген халықтардың түр-түсіндегі ұқсастық, өзгерістерді зерттейтін ғылым: Тарихи антропология.
Жерімізде ерте заманнан мекендеген адамдардың бет пішіні туралы деректер: Қола дәуірінен басталады.
«Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған» - деп андрондықтардың сырт бет-бейнесін сипаттаған академик: Валерий Павлович Алексеев.
Қола дәуіріне тән бас сүйегі үлкен, беті кішкене, мұрны таңқылау адам сүйегі табылған Жамбыл облысындағы қорым: Ойжайлау.
Достарыңызбен бөлісу: |