Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



бет19/126
Дата30.11.2023
өлшемі0,63 Mb.
#194268
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   126
Байланысты:
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен

армия генералдары, адмиралдараға және кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • генералдар, адмиралдар полковниктер мен 1-дәрежелі капитандар - кіші офицерлер, старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • подполковниктер, 2-дәрежелі капитандар, майорлар, 3-дәрежелі капитандар - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • кіші офицерлер - старшиналар, сержанттар, жауынгерлер мен матростар үшін;

  • старшиналар мен сержанттар – олармен бір әскери бөлімдегі жауынгерлер мен матростар үшін;

    Өзінің қызмет жағдайы мен әскери атағы бойынша басқа әскери қызметшілерге қатысты олардың бастықтары немесе бағыныштылары болып табылмайтын әскери қызметшілер аға шенділер немесе кіші шенділер болып табылады.
    Аға шенділік әскери қызметшілердің әскери атақтарымен айқындалады. Әскери атағы бойынша аға шенділердің кіші шенділерден әскери тәртіпті, қоғамдық реттілікті, мінез – құлық қағидаларын, әскери киім нысанын киіп жүруді және әскери сәлемдесу рәсімін орындауды бұзғаны үшін олардан осы жолсыздықтарды жоюға талап етуі тиіс, ал кіші шенділер осы талаптарды сөзсіз орындауға міндетті.
    Бір – біріне бағынышсыз әскери қызметшілер міндеттерін бірлесе орындаған ретте, олардың қызметтік өзара қарым – қатынасын командир (бастық) айқындамаған болса, олардың лауазымы бойынша жоғары тұрғаны, ал лауазымдары бірдей болған ретте әскери атағы бойынша аға шендісі бастық болып табылады.
    Сұрақтар мен тапсырмалар:

    • әскери қызметшілердің жалпы міндеттері қандай?

    • ҚР ҚК әскери қызметшілері үшін белгіленген әскери атақтарды атап беріңдер.

    • әскери әдептілік пен әскери қызметшілердің мінез – құлқы туралы әңгімелеңдер.

    • бастықтар мен бағыныстыларға, аға шенділер мен кіші шенділерге кімдер жатады?

    Дәріс№7 Әскери тәртіп.Оның мәні мен маңызы.
    Сабақтың тақырыбы мен мақсатын жеткізу. Әскери тәртіп дегеніміз барлық әскери қызметшілердің ҚР-ның Конституциясы мен заңдарында, әскери жарғылар мен командирлердің (бастықтардың) бұйрықтарында белгіленген тәртіп пен ережелерді, сондай-ақ әскери қызметшілердің арасындағы мінез-құлық және өзара қарым-қатынас нормаларын қатаң және дәл сақтауы.
    Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің өзінің әскери борышын және өзінің Отанын қорғауға деген жеке жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін жоғары сезінуіне негізделеді.
    Әскери қызметшілерді тәртіптілікті тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру болып табылады. Бұл өзінің әскери борышын адал орындамайтындарға мәжбірлеу шараларын қолдануды жоққа шығармайды.
    Командирдің аса маңызды міндеті бағыныстылардың жеке басын, ұлттық қадір-қасиетін құрметтеу, әлеуметтік және құқықтық қорғалуы туралы қамқорлық жасау болып табылады. Ол бағыныстыларында олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына деген сенімді, оның жеке басына қол сұғылмаушылығына, оның намысы мен абыройын құрметтеуге командирдің қамқорлығы бар сезімін қалыптастыруға міндетті.
    Көтермелеулер қызметтік істің жоғары бағалануы, әскери қызметшілерді тәрбиелеу мен әскери тәртіпті нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Көтермелеу өзінің қызметтік міндеттерін адал және ынтамен орындайтын, қызметті атқаруда көрсеткен ынтасы мен әскери борышын орындау кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге қатысты қолданылады.
    Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын көтермелеулер:

    1. Бұрын қолданылған тәртіптік жазаны алып тастау.

    2. Алғыс жариялау.

    3. Әскери бөлімнің тұрған жерінен немесе кемеден жағаға 2 тәулікке дейін мерзімге сейілдемеге рұқсат беру.

    4. Отанына немесе бұрынғы жұмыс (оқу) орнына әскери борышты үлгілі орындағаны туралы және алған көтермелеулері туралы хабарлау.

    5. Грамоталармен, бағалы сыйлықтармен немесе ақшалай марапаттау.

    6. Әскери қызметшінің әскери бөлімнің кең жазылған Жауынгерлік Туының (Әскери-теңіз жалауының) жанында түскен жеке фотосуретімен марапаттау.

    7. Сарбаздарға (матростарға) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағын беру.

    8. Омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісімен марапаттау.

    9. Әскери бөлімнің (кеменің) Құрмет кітабына еңгізу.

    10. Демалыс орнына және одан кері қайту жолындағы уақытты есептемегенде, 10 тәулікке дейін қысқа мерзімді демалыс беру.


    Тәртіптік жаза дегеніміз әскери қызметшілерге қызмет бойынша, тіпті уақытша болса да бағынатын бастықтың билігімен оларға қолданылатын жаза. Ол әскери қызметшілерге әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады.
    Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерге қолданылатын тәртіптік жазалардың түрлері:

    1. Сөгіс.

    2. Қатаң сөгіс.

    3. Бөлімнің орналасқан жерінен немесе кемеден жағаға кезекті сейілдемеден айыру.

    4. Сарбаздарды, маростарды кезексіз 5 нарядқа дейін жұмысқа тағайындау.

    5. Омырауға тағатын «ҚР ҚК-нің үздігі» белгісінен айыру.

    6. Сарбаздарды (матростарды) «ефрейтор» («аға матрос») әскери атағынан айыру.

    7. Сарбаздарды, матростарды 10 тәулікке дейін, ал сержанттар мен старшиналарды 7 тәулікке дейін гауптвахтада ұстай отырып қамау.

    8. Ақшалай қаражатты төлеуді бір айға 10 пайызға дейін қысқарту.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   126




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет