Нотариаттық iс жүргiзiлетiн тіл Нотариаттық iс Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Егер нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адам iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмесе, ресiмделген құжаттардың мәтiндерi оның өтiнiшi бойынша осы Заңның 80-бабына сәйкес ақы төлеттiрiп аударылып берiлуге тиiс.
Мемлекеттiк нотариат кеңсесi Мемлекеттiк нотариат кеңсесi аумақтық әдiлет органының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекiткен Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
Мемлекеттiк нотариат кеңселерi Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады.