Алғы сөЗ Ұсынылып отырған «Нотариат» пәні бойынша оқу-әдістемелік құралы «Құқықтану»


Жеке практикамен айналысатын нотариус



бет11/61
Дата08.02.2022
өлшемі217,23 Kb.
#119695
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
Байланысты:
нотариат

Жеке практикамен айналысатын нотариус
Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн нотариаттық iс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық әдiлет органында есепке тұру тiркеуінен өткен азамат жеке практикамен айналысатын нотаріус деп танылады. 
Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде ағымдағы шоттар ашуға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы. 
4. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды бір үй-жайы болуға тиiс.
Нотариустың үй-жайы оның есептік тіркелген орны болып табылады.Нотариустың үй-жайының орналасқан жері оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерген кезде қайтадан есептік тіркелу талап етілмейді. Аумақтық әділет органы нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті.
Тақырыбы: Нотариаттық іс- әрекеттер



  1. Нотарусттың жүргізетін іс - әрекеттері

  2. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі.

  3. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау мерзімдері.

  4. Нотариаттық іс-әрекеттер жасау негіздері

Нотариаттық iс жүргiзу Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттік органымен келiсу арқылы Республикалық нотариаттық палатаның қатысуымен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн Нотариаттық iс жүргiзу жөнiндегi қағидаға сәйкес жүзеге асырылады. Қағида талаптарының сақталуына бақылау жасауды аумақтық әдiлет органдары мен нотариат палаталары жүзеге асырады.
Нотариус мынадай нотариаттық іс-әрекеттер жасайды:

  • мәліметтерді куәландырады;

  • шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттарын куәландырады;

  • мұралық мүлікті қорғауға шаралар қолданады;

  • мұраға құқық туралы куәліктер береді;

  • жұбайлардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге де адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәліктер береді;

  • мүліктерді иеліктен алуға тыйым салады және салынған тйымды алып тастайды;

  • құжаттардың көшірмелері мен олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландырады;

  • құжаттарға қойылға қолдың түпнұсқалығын куәландырады;

  • құжаттардың бір тіл ден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландырады;

  • азаматтардың тірі екендігі факті сін куәландырады;

  • азаматың белгілі бір жерде болу факті сін куәландырады;құжаттардың берілген уақытын куәландырады;

  • жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға береді;

  • ақшаларды депозитке қабылдайды;

  • орындау қағаздарын жазады;

  • вексель наразылықтарын жасайды;

  • құжаттар мен бағалы қағаздарды сақтауға қабыдайды;

  • теңіз наразылықтарын жасайды;

  • дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының заң актілерімен нотариус жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін.
Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін.Нотариус сынақтан өтушісінің құқықтық жағдайы мен құзыреті Қазақстан Республикасының Әділет минстірлігі бекіткен Нотариустың сынақтан өтушісі туралы ережеен белгіленеді. Нотариус көмекші арасындағы еңбек шартыммен белгіленеді.
Нотариустың өз тегі,аты, әксінің аты,сондай-ақ ммемлекеттік нотариат кеңсесінің атауы (мемлекеттік нотариустың мөрі) не лицензияның нөмірі мен берілген күні (жекеше ноариустың мөрі) көрсетілген жеке мөрі, куәландыру жазбаларының мөртабандары және жеке бланкілері болады.
Нотариаттық іс жүргізу Қазақстан Ресубликасының тіл туралы заңдарына сәйкес жүрізіледі және Қазақстан Ресубликасының Әділет министірлігі бекіткен Нотариаттық іс жүргізу туралы нұсқаулықа сәйкес жүзеге асыырылады.
Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін. Егер нотариаттық іс-әрекеттер мемлекеттік нотариат кеңсесі немесе жекеше нотариустың үй-жайынан тыс жерлерде жасалса, онда құжаттағы куәландыру жазбасында және нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған тізілімде, Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – БНАЖ электрондық тізілімі) электрондық тізілімінде нотариаттық іс-әрекеттер жасалған орынның мекен-жайы және уақыты көрсетіле отырып жазылады.Нотариаттық іс-әрекеттер сапарға шығып жасалынғанда мүдделі тұлғаның өтініші негізінде жасалады және ол тұрақты сипатта болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет