«Алгебра және анализ бастамалары» Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы


Бөлімі: «Функция және оның қасиеттері



бет2/9
Дата19.10.2023
өлшемі0,59 Mb.
#186719
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
osh fo algebra emn 10-klass kaz (1) 3

Бөлімі: «Функция және оның қасиеттері»










Оқу мақсаты

10.4.1.1 Функция анықтамасын және берілу тәсілдерін білу

Бағалау критерийі

Білім алушы






Функцияның анықтамасын жазады






Функцияның берілу тәсілдерін анықтайды

Ойлау дағдыларының

Білу және түсіну

деңгейі







1 тапсырма







Келесі тұжырымдардың қайсысы дұрыс?



  1. Кез-келген адам үшін оның атасын сәйкес қоятын бейнелеу – функция болады;

  2. Кез-келген адам үшін оның әкесін сәйкес қоятын бейнелеу – функция болады;

  3. Кез-келген адам үшін оның баласын сәйкес қоятын оператор – функция болады;

  4. Кез-келген адам үшін оның сүйікті тамағын сәйкес қоятын оператор – функция болады.



Дескриптор: Білім алушы

  • функцияның анықтамасын қолданады;

  • дұрыс тұжырымды табады.




  1. тапсырма

Келесі тәуелділіктердің қайсысы функция емес?



  1. Қабырғаларының ұзындығы белгілі үшбұрыш үшін – оның периметрі;

  2. Қабырғаларының ұзындығы белгілі үшбұрыш үшін – оның ауданы;

  3. Қабырғаларының ұзындығы белгілі төртбұрыш үшін – оның периметрі;

  4. Қабырғаларының ұзындығы белгілі төртбұрыш үшін – оның ауданы;



Дескриптор: Білім алушы

  • функцияның анықтамасын қолданады;

  • дұрыс тұжырымды табады.




  1. тапсырма

Арман, Көркем, Айша және Махаббат төртеуінің жастары өз есімдерінің әріптер санымен бірдей. Осы сәйкестік функция бола алатынын түсіндіріңіз және басқа түрде (аналитикалық, графиктік, таблица арқылы) көрсетіңіз.




Дескриптор: Білім алушы

  • функцияның анықтамасын қолданады;

  • берілген функцияны аналитикалық түрде жаза алады;

  • берілген функцияны графиктік тәсілмен көрсете алады;

  • берілген функцияны таблица түрінде көрсете алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет