Дескриптор: Білім алушы
- тригонометриялық функциялардың қосындысы мен айырымының
- көбейтіндіге түрлендіру формулаларын қолданады;
- тригонометриялық өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындайды.
39
9.4В Бөлім: «Ықтималдықтар теориясының элементтері»
Ықтималдықтар теориясының негіздері
Оқу мақсаты
9.3.2.1 Оқиға, кездейсоқ оқиға, ақиқат оқиға, мүмкін емес
оқиға, қолайлы нәтижелер, тең мүмкіндікті және
қарама – қарсы оқиғалар ұғымдарын меңгеру;
Бағалау критерийі
Білім алушы
Кездейсоқ оқиға анықтамасын қолданады;
Ақиқат оқиға анықтамасын қолданады;
Мүмкін емес оқиға анықтамасын қолданады;
Тең мүмкіндікті оқиғалар анықтамасын
сәйкестендіреді;
Қарама – қарсы оқиғалар анықтамасын
сәйкестендіреді;
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу мен түсіну
1-тапсырма
a) Оқиға түрлерін анықтамаларымен сәйкестендіріңіз:
Ақиқат оқиға
Сынау кезінде оқиғаның пайда болуы да, немесе пайда болмауы да
мүмкін оқиға
Мүмкін емес оқиға
Сынау жүргізілгенде оқиға міндетті түрде пайда болатын оқиға
Кездейсоқ оқиға
Сынау жүргізілгенде пайда болу мүмкіндігі жоқ оқиға
b) Оқиға түрлерін мәтіндермен сәйкестендіріңіз:
Ақиқат оқиға
Айгүлдің сандықшасында тек ақ моншалар бар . Сара кез келген
моншақты таңдап алса, онда ол ақ моншақ болады.
Мүмкін емес оқиға
Мараттың қолында бес түрлі шар бар: ақ, сары, қызыл, көк, жасыл.
Інісі шарлардың кез келгенің араластыра отырып біреуін алса,
онда оның ақ, сары, қызыл, көк немесе жасыл шар болуы мүмкін
оқиға.
40
Кездейсоқ оқиға
Алты жақты кубты лақтырғанда 7 санының түсу оқиғасы.
Дескриптор: Білім алушы
- Оқиға түрлерінің анықтамасын біледі;
- Оқиға түрлерін анықтамасымен сәйкестендіреді;
- Оқиға түрлерін мәтіндермен сәйкестендіреді;
2-тапсырма
Екі оқиғалардың пайда болу мүмкіндіктерінің анықтамасымен сәйкестендіріңіз:
1) Үйлесімді оқиғалар
a) сынау нәтижесінде бірі пайда болып, екіншісі пайда
болмайтын оқиға болса;
b) сынау нәтижесінде бірінің пайда болуы екіншісінің пайда
болуын жоққа шығармайтын оқиға болса;
2) Үйлесімсіз оқиғалар
c) сынау нәтижесінде екі оқиғаның пайда болу мүмкіндігі
бірдей оқиға болса;
3) Тең мүмкіндікті
оқиғалар
d) сынау нәтижесінде ешуақытта пайда болмайтын оқиға
болса;
e) оқиғалардың толық тобын құрайтын екі үйлесімсіз
оқиғалар болса;
4) Қарама-қарсы оқиғалар
f) ықтималдылығы 1-ге тең болатын кез келген оқиға
Дескриптор: Білім алушы
- үйлесімді оқиғаларды анықтамасымен сәйкестендіреді;
- үйлесімсіз оқиғаларды анықтамасымен сәйкестендіреді;
- қарама-қарсы оқиғаларды анықтамасымен сәйкестендіреді;
- тең мүмкіндікті оқиғаларды анықтамасымен сәйкестендіреді.
41
9.4В Бөлім: «Ықтималдықтар теориясының элементтері»
Ықтималдықтар теориясының негіздері
Оқу мақсаты
9.3.2.3 Ықтималдықтың классикалық анықтамасын білу және
есептер шығару үшін оны қолдану;
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ықтималдықтың классикалық анықтамасын
қолданады;
Ықтималдықтың классикалық анықтамасын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Мараттың қолында бес түрлі 15 шар бар. Олардың 2-уі ақ, 4-уі сары, 1-уі қызыл, 5-уі көк, 3-уі
жасыл. 2 жасар інісінің көк шарды таңдап алу ықтималдылығы қандай?
Дескриптор: Білім алушы
- ықтималдылық анықтамасын қолданады;
- ықтималдылығын анықтайды.
2-тапсырма
Шолпанға анасы қобдишаға салынған білезіктерді қарамай таңдап алуға ұсыныс жасады.
Қобдишада қызыл түсті-2, жасыл түсті-3, ақ түсті -5 әдемі білезіктер бар еді. Шолпанның ақ
түсті білезікті таңдап алу ықтималдылығы қандай?
Дескриптор: Білім алушы
- барлық білезік санын анықтайды;
- ықтималдылық анықтамасын қолданады;
- ықтималдылығын табады.
42
9.4В Бөлім: «Ықтималдықтар теориясының элементтері»
Ықтималдықтар теориясының негіздері
Оқу мақсаты
9.3.2.4 Ықтималдықтың статистикалық анықтамасын білу;
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ықтималдықтың статистикалық анықтамасын
жазады;
Салыстырмалы жиілік анықтамасын жазады;
Ықтималдықтың статистикалық анықтамасын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Сөйлемдерді толықтырыңыз:
А оқиғасының ________ санының барлық ____________санына қатынасы салыстырмалы
жиілік деп аталады.
Салыстырмалы жиіліктер маңында топталған және белгілі шарттар тобы орындалғанда әрі
сынаулар саны шексіз өскен сайын, салыстырмалы жиіліктен өте аз ауытқитын тұрақты сан -
__________ .
Дескриптор: Білім алушы
- салыстырмалы жиілік анықтамасын толықтырады;
- ықтималдықтың статистикалық анықтамасын толықтырады.
2-тапсырма
Мектептің тігіншілік үйірмесі 1100 дана түймеге тапсырыс берді. Тапсырысты тексеріп
қабылдау кезінде 250 түйменің ішінде ақауы бар 3 дана бар болып шықты. Ақауы бар
түйменің орнын толықтыру үшін ең аз дегенде қанша түймеге тапсырыс беру керек?
Дескриптор: Білім алушы
- ықтималдылық анықтамасын қолданады;
- ақауы бар түймелердің бар болу ықтималдылығын анықтайды;
- барлық түймелердің ішінде мүмкін болатын ақауы бар түймелер санын анықтайды;
- тапсырыс берілетін түймелер санын табады.
3-тапсырма
43
Атқыш 75 рет оқ атқанда, нысанаға дәл тигізудің статистикалық ықтималдылығы 0,6-ға
тең болды. Атқыш нысанаға неше рет дәл атты?
Дескриптор: Білім алушы
- ықтималдықтың статистикалық анықтамасын қолданады;
- дәл тигізу санын табады.
44
9.4В Бөлім: «Ықтималдықтар теориясының элементтері»
Ықтималдықтар теориясының негіздері
Оқу мақсаты
9.3.2.5 Геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда
қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Геометриялық ықтималдықты есептер шығаруда
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Қабырғасы 6R-ға тең шаршылар болатын сымнан тор жасалған. Радиусы R–ге тең шарды
осы тор ішіне лақтырғанда, шардың торға тиіп кетпеу ықтималдылығы қандай?
Дескриптор: Білім алушы
- шаршының ауданың табады;
- шаршы қабырғаларынан шардың радиусынан артық қашықтықта болатын екінші
шаршының ауданың табады;
- геометриялық ықтималдықтың анықтамасын қолданады;
- ықтималдылықты табады.
2-тапсырма
Екі адам сағат 14 пен 15-тің арасында белгілі бір жерде кездесуге уәделеседі. Бірінші келген
адам екіншісін 25 минут күтіп, содан кейін кететін болған. Екеуінің кездесу
ықтималдылығын табу керек.
Дескриптор: Білім алушы
- декарттық координата жүйесінде екі жолаушының уақытын белгілейді;
- кездесудің орындалу шартын анықтайды;
- геометриялық ықтималдықтың анықтамасын қолданады;
- ықтималдылығын табады.
Достарыңызбен бөлісу: |