Сұйықтықтарды тамыр ішіне тамшылатып құюды орындау Мақсаты: баяу, минутына 40-60 тамшы жіберу арқылы қан жүретін арналарға дәрілік заттардың түсуі
Көрсетім: айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру, су-электрожелістік теңдікті және ағзаның қышқылды-сілтілі күй-жағдайын қалыпқа келтіру, улану құбылыстарын жою, парентеральды тамақтандыру.
Жабдықтау:
залалсыздандырылған: лоток, 4 қабатты бөз матадан жасалған және лотокты жабу үшін салфетка, пинцет, кішкене салфеткалар, мақта шариктері, бетперде, қолғап, халат.
Сұйықтарды тамшылатып жіберуге арналған бір реттік жүйе, ұзындығы кереуеттен 1-1,5 м штатив, клеенкалы жастықша, 2– лекопластырь лентасы;
Назар аударыңыз!
Қолғапты киер алдында қолыңызды антисептикалық ерітіндімен өңдеңіз.
Тамшылатып құюға арналған жүйені дайындаңыз (қолдану мерзімін, қабының екі жағынан басып қарап, бүтіндігін тексеріңіз).