Alikhan bokeikhan univercity гуманитарлық факультет



бет1/2
Дата24.10.2023
өлшемі458,21 Kb.
#187865
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
семинар 6 апта Арыс Айзере


ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERCITY
Гуманитарлық факультет

Тәжірибелік сабақ №6



Тақырып: 
Педагогика ғылымында тұтас педагогикалық үдеріс теориясы
ның қалыптасуы. Педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері. Заңдылық
тар мен қағидалар және олардың педагогикалық үдерістегі рөлі.


Орындаған: Арыс Айзере
Топ: КЯ-301
Семей 2023
Мақсаты: Педагогика әдіснамасы жөнінде түсінік беру.
Негізгі сұрақтар:

  1. «Мұғалімнің іс-әрекет обьектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.).

  2. Педагогикалық үдерістің белгілірі мен сапа-қасиеттері.

  3. Педагогикалық үдерістің біртұтастығы. ТПҮ компоненттерінің құрылымы мен сипаттамасы.

  4. Қарама-қайшылық- педагогикалық үдерістің қозғаушы күші.

  5. Заңдылықтар мен қағидалар және олардың педагогикалық үдерістегі рөлі.

Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың біртұтас объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілер, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті-тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.


Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары-ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И.Непоминящая) Мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі мен тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Қажетті тәжірибені қалыптастыруға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-методикалық» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейінін теріс түсініп объектісі аударылса, бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Диалектикалық-материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс-әрекеттің ролі туралы жан-жақты зерттелген. Адам іс-әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек ХХ ғасырдың 60-жылдарында ғана мұғалім іс-әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А.Амонашвили, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко және т.б.) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс-әрекеттің нақтылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикалық (оқыту-тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс-әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұндай бағыттың қажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтас тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес (В.С.Ильин);
-мұғалім іс-әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағыттаушылықпен жету мүмкін емес (Ю.К.Бабанский);
-егер оқушының іс-әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П.Радченко);
-мектеп әкімшілдігі іс-әрекеттің тиімділі тек қана біртұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.Кондаков);
-біртұтас педагогикалық процестің теориясын жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру, одан әрі дамыту өте күрделі болады (Ю.А.Конаржевский);
Мұғалім іс-әрекетінің объектісін оқып үйрену біртұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына-мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Елімізде қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан түрлі саласында өз білімі мен біліктілігін қолдана алуға қабілетті мамандардың кәсіби даярлығының деңгейіне және сапасына қойылатын талаптарға өз әсерін тигізуде. Осы орайда, жоғары оқу орындарының үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан–жақты дамыған, кәсіби құзыретті маман дайындауға ұмтылуы, өзінің бүкіл қызметін осы бағытта құруы заңды құбылыс, себебі, қоғам өзінің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының болашақта көркейіп, бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатынына тікелей байланысты. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы - білім экономикасына» атты дәрісінде: «ұлттар тауарлармен және қызметтермен ғана бәсекелеспейді, олар қоғамдық құндылықтар жүйесі мен білім беру жүйелерімен де бәсекелеседі»,- дей келіп, «соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаhандық экономикалық жаңа сапаға - «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі», - деген болатын. Олай болса, республика жоғары оқу орындарының алдында жан-жақты дамыған, саяси сауатты, терең теориялық біліммен қаруланған, адамдармен қарым-қатынас мәдениетін меңгерген маман дайындау міндеті тұр.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: «құзыреттілік» және «құзырет» ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі,С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері». Құзырет - нақты әрекет пен үдерістерге байланысты тиімді, өнімді әрекеттер жасай алатындай дара тұлға сапаларының өзара байланысқан бірлестігі (білім, білік, дағдылар мен қызмет түрлері).
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-дидактикалық құзыреттілігін қалыптастыруға байланысты «құзыреттілік»«кәсіби құзыреттілік», «мұғалім құзыреттілігі» ұғымдарына берілген әртүрлі түсініктемелердің бар екендігіне көзіміз жетті. Бұдан «құзыреттілік» ұғымы білім беру, маман даярлау саласының қолданыстағы терминіне айналғанын көреміз. «Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.
«Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында Н.Хомский енгізген болатын, алғашында ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіліктер ұғымын берген.
Бүгінгі күні шетел ғалымдарының еңбектеріндегі кәсіби құзыреттілік анықтамалары «тереңдетілген білім», «міндетті шешудегі теңдік жағдайы», «қызметті орындаудағы қабілеттілік» және басқалар бұл ұғымның мәнін толық аша алмайды. Білімнің тұлғалық және әлеуметтік мәнін байланыстырудағы құзыреттіліктің маңыздылығына тоқтала келе, А.В. Хуторской оны қазіргі білім берудегі дағдарыстан шығудың бір жолы және жеке тұлғаның өзара байланысты сапаларының үйлесімі ретінде қарастырады.
Бірқатар ғалымдар педагогикалық білім берудің негізі мұғалімдерді кәсіби даярлау екендігін айтады. Кәсіби педагог-мұғалім әдістемені жақсы меңгеруі, оқушыларды дамытуда оқу құралын мақсаттылықпен пайдалана білуі керек. Күрделі жұмысты шығармашылықпен шешуде оқушылардың техникалық ойлау қабілетін іс-әрекетімен дұрыс ұштастырып, оны саналы түрде қабылдай білуге баулу қажет. Мұғалімнің кәсіби сапасы мен тұлғалық қабілеті болашақ ұрпақты оқыту, дамыту және тәрбиелеудегі шығармашылық іс-әрекетті орындауға бағытталады.
Ғалымдар тұтас педагогикалық үдерістің бірқатар қасиеттерін былайша сипаттайды:
1) педагогикалық үдеріс әлеуметтік жүйе, оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың өзара іс-әрекеттерінің алмасуымен анықталады;
2) ынтымақтастық (тек қана ұстаздармен ғана емес, оқушылар бір-бірімен де) оқушы үшін әр түрлі іс-әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық үдерістегі іс-әрекет субъектісінің қалыптасуының шарттарын бейнелейді;
3) «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің біртұтастығы педагогикалық үдеріс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттесуі барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірлігімен анықталады;
4) педагогикалық үдерістің негізгі интегративтік қасиетін әртүрлі тетіктердің бірлігі деп қарап, ондағы өзара байланысқан жүйелердің оқушылар тұлғасының қалыптасуына әсері іс-әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсенділігімен сипатталады. Педагогикалық процестің негізгі қозғаушы күші, диалектикасы - қарама-қайшылық. Ю.К.Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда кездейсоқ бірізділікте қарастырылатынын анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет